Шымкентте Конституция күніне орай балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкентте Конституция күніне орай балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі

20.08.2025 22:04:57 211

30 тамызда аталып өтілетін Конституция күнінде Шымкентте әлеуметтік осал санаттағы балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларға 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде төлем төленеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалының мәліметінше, тізімге 8 323 бала енгізілген.
• Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде жәрдемақы беріледі. Тізімге білім бөлімі ұсынған 673 бала кіреді.

Шымкентте мұндай қолдау түрлі мерекелер қарсаңында көрсетілуде. Өткен жылы біржолғы төлемдер Наурыз мерекесіне, биыл Конституция күніне орайластырылды.

Жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға хабарласудың қажеті жоқ. Аударым автоматты түрде жүзеге асырылады:
• мүгедек балаларға – аналарының әлеуметтік шоттарына;
• жетім балалар үшін – заңды өкілдерінің есепшотына.

Айта кету керек, біржолғы көмек Шымкент қаласында мемлекеттік зейнетақы төлемдері базасында тіркелген жағдайда ғана төленеді. Егер отбасы басқа аймаққа көшкен немесе уақытша тіркеуді өзгерткен болса, есептеу жүргізілмейді. Сондықтан ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына тіркеудің өзектілігін тексеру ұсынылады.