Алматы облысында қарыздық міндеттемелері бар тұтынушылар мәселесі талқыланды

Алматы облысында қарыздық міндеттемелері бар тұтынушылар мәселесі талқыланды

22.08.2025 09:34:19 206

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ филиалы – «Энергосбыт» өкілдерінің қатысуымен электр энергиясы үшін ірі көлемде берешегі бар проблемалық тұтынушылар мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында қарыздық жүктемені азайтуға бағытталған өзекті шаралар, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абоненттер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту жолдары қарастырылды. Ерекше назар өңірдің тұрақты электрмен қамтылуын қамтамасыз ету және тұтынушылар тарапынан төлемдердің уақытылы орындалмауына байланысты тәуекелдердің алдын алуға аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша берешекті реттеу, оның жиналуына жол бермеу және төлем тәртібін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы тұтынушылардың өз міндеттемелерін уақытылы орындауы Алматы облысының энергия жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуінің маңызды кепілі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1055035?lang=kk