Қазақстан университеттерінің кампустарын Пәкістанда ашу мәселесін талқылау

Қазақстан университеттерінің кампустарын Пәкістанда ашу мәселесін талқылау

23.08.2025 15:22:31 193

Исламабад, 2025 жылғы 20 тамыз - Қазақстан мен Пәкістанның білім саласындағы уәкілетті органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының және Пәкістан Ислам Республикасының оқу орындары арасында тікелей өзара әрекеттесуді орнату, сондай-ақ қол жеткізілген келісімдерді практикалық түрде іске асыруға бағытталған нақты іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісті.
Сонымен қатар, Пәкістан тарапы Қазақстан университеттерінің Пәкістан аумағында кампустарын аккредиттеу немесе ашу мүмкіндігіне қатысты қолданыстағы рәсімдер туралы ақпарат берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1055802?lang=kk