ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК
25.08.2025 12:57:08 6439

Темір жол саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Нурсейтов Ерлахан өз ісіне адал, тәжірибесі мол мамандардың бірі. Ол 1973 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Бүгінде темір жол саласында еңбек етіп келе жатқанына 32 жыл толып отыр.
Еңбек жолын Шеңгелді станциясында пойыздар қабылдаушысы қызметінен бастаған ол жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында түрлі лауазымдарда табысты еңбек етті. Сарыағаш станциясында пойыздар қабылдаушысы, аға жүк және багаж қабылдап тапсырушысы сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.
Қазіргі таңда Нурсейтов Ерлахан Сарыағаш станциясында аға пойыздар қабылдаушысы қызметін атқарып, жұмысқа деген жауапкершілігімен, тиянақтылығымен және еңбекқорлығымен әріптестері арасында зор құрметке ие.
Осындай өз ісінің шеберлерін танып, олардың еңбегін бағалау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Ерлахан Мирзаевичтің еңбек жолы жас мамандар үшін үлгі болары сөзсіз.