Панфилов ауданында жаңа Салық кодексі таныстырылды

Панфилов ауданында жаңа Салық кодексі таныстырылды

26.08.2025 17:36:09 139

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі қағидаттары мен өзгерістерін кеңінен түсіндіру болды.

Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер мен салық саласына тікелей қатысы бар өзге де мамандар қатысты. Шара барысында қатысушыларға жаңа құжаттың бизнес жүргізу шарттарына ықпалы, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жолдары, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бірқатар жаңашылдықтар түсіндірілді.

Кездесуде мамандар Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың кәсіпкерлік қызметке енгізетін оң ықпалына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, есептілікті тапсыру тәртібі жеңілдетілетіні, электронды қызметтердің қолжетімділігі кеңейетіні және салықтық жүктемені оңтайландыруға бағытталған жаңа нормалар енгізілетіні айтылды.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – салық төлеушілердің хабардарлығын арттыру, заңнамадағы өзгерістерді алдын ала түсіндіріп, олардың дұрыс әрі тиімді қолданылуына жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1057087?lang=kk