Атбасар қаласында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті
03.09.2025 12:30:20 478
Атбасар қаласында Атбасар, Астрахан және Сандықтау ауданданының салықтөлеушілеріне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес әкімшілендіру ісі мен салық жеңілдіктер жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін кәсіпкерлер жағдайды дұрыс түсінгені абзал.
Оның барысында салықтық әкімшілендіру ісін жеңілдету мен кәсіпкерлерге жайлы жағдайлар жасауға, оның ішінде салық есептілігінің көлемін 30% азайтып, камералды тексерулерді алдын алу форматына ауыстыруға, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тартып, сондай-ақ салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру мен бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған негізгі жаңашылдықтар жөнінде айтылды.
Маңызды өзгерістердің қатарында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне салық жеңілдіктерін сақтап кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер, арнайы салық режимдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу бар. Енді оның тек үшеуі (есептілігі ең төмен) ғана қалып отыр.
Салық жеңілдіктерін атаулы түрде бағыттау нығая түседі. Енді олар барлығына бірдей берілмейді. Айталық, экономиканың дамуына және жұмыс орындарын ашуға оң әсер ететін басымдыққа ие салалар мен жобаларға бағытталады. Мұндай тәжірибе мемлекеттік ресурстарды барынша тиімді пайдаланып, аграрлық секторды, өнеркәсіп пен өңдеу саласын арттыруға жол ашады.
Кездесудің соңында Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Келесі семинар 3 қыркүйекте Есіл қаласында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1061161?lang=kk