8 айдағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады
11.09.2025 11:50:31 287
Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады.
Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.
Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құраған өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.
Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6%-ды құрайды. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1065625?lang=kk
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1065894?lang=kk