Самаp ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті

Самаp ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті

14.10.2025 20:42:48 139

01.10.2025 жылы Самаp ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – халықтың салықтық сауаттылығын арттыру және салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара байланысты нығайту.

Іс-шара барысында басқарма мамандары ағымдағы жылы күшіне енген жаңа Салық кодексі бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, қатысушыларға салық жүйесінің негізгі қызмет бағыттары, оның ішінде салық әкімшілендіру, салық жеңілдіктерін қолдану және электрондық сервистер туралы ақпарат ұсынылды.

Келген азаматтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды, оның ішінде салық есептілігін тапсыру, салық мөлшерлемелерін қолдану және салық заңнамасындағы өзгерістер бар.

Мұндай іс-шараларды өткізу салық органдары қызметінің ашықтығын арттырып, азаматтар мен кәсіпкерлердің салық тәртібін жақсартуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1082625?lang=kk