Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

09.04.2026 14:13:56 271

Нью-Дели, 2026 жылғы 9 сәуір - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Азаматтық авиация министрінің орынбасары Пунит Кансалмен кездесу өткізді.

Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуі және тікелей рейстерге сұраныстың артуы осы бағыттағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін көрсететіні туралы айтылды.

Тараптар қолданыстағы шарттық-құқықтық база, соның ішінде әуе қатынасы туралы келісім және екіжақты уағдаластықтар әуе байланысын дамытуға негіз болып табылатынын.

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін туристік және іскерлік сапарлар бойынша танымал бағыттардың біріне айналып келе жатқаны, ал Қазақстан үндістандық туристер арасында тартымдылығы артып отырғаны айтылды. 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны шамамен 150 мың адамға жетті. Бұған Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимнің енгізілуі ықпал етті. Қазақстан тарапы Үндістанның Қазақстан азаматтары үшін 30 күнге дейін ақысыз виза енгізу туралы шешімін құптады.

Тараптар әуе қатынастарына қатысты мәселелер бойынша екіжақты консультацияларды жалғастыруға мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға өзара дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1197226?lang=kk