Ұрпақтар сабақтастығы мен шекаралардан тыс: Бельгияда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді

Ұрпақтар сабақтастығы мен шекаралардан тыс: Бельгияда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді

06.05.2026 08:15:11 155

Генк, 2026 жылғы 5 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсанында Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Әскери атташатпен және отандастармен бірге Генк қаласында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шара Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналды. Гүл шоқтары қатарында кеңес жауынгерлері де болған бельгиялық Қарсыласу қозғалысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке қойылды.

Бельгия аумағында шамамен 350 кеңес жауынгері жерленген. Ең ірі қорым Лимбург провинциясындағы Генк қаласында орналасқан, онда 70-ке жуық қабір бар. Мемориалдың ортасында: «1941–1944 жылдары Лимбург жерінде қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне мәңгілік тағзым» деген жазу қашап жазылған.

Жерленгендердің қатарында 1944 жылы қаза тапқан қазақстандықтар — Увалиев Тоғайбай мен Бисенов Нурадим бар.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко: «Ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау — тарихи жауапкершіліктің ажырамас бөлігі әрі келер ұрпақты тәрбиелеудің берік негізі. Мұндай тағзым рәсімдері ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, бейбітшілік пен келісімнің қадірін ұғындырады», — деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Елшілігі тарихи жадты сақтау және Отан қорғаушылардың ерлігін ұлықтау бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1214966?lang=kk