Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?
09.05.2026 15:58:45 83
Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.
Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216185?lang=kk