Бейімбет Майлин ауданында Отан қорғаушылар күні мерекелік концертпен аталып өтті.
09.05.2026 15:59:01 117
Салтанатты шара 6 мамыр күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде өтті. Мереке ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген жандарға құрмет пен алғыс білдіру мақсатында аудан тұрғындары мен погон таққан қызметкерлерді бір арнаға тоғыстырды.
Әскери қызметті таңдаған азаматтар әрдайым ар-намыс, ерлік, батылдық және өз халқына адал қызмет етудің символы болып келеді. Дәстүр бойынша шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде сахнаға алып шығумен басталды.
Мерекелік жиында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, патриотизм мен Отанға деген адалдықтың маңыздылығын атап өтті.
Бұл күні облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарымен ауданның бірқатар тұрғындары марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1216078?lang=kk