Гонконгта жаһандық денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестициялар талқылануда

Гонконгта жаһандық денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестициялар талқылануда

11.05.2026 19:51:05 277

2026 жылғы 11-13 мамыр аралығында Гонконг конвенциялар және көрме орталығында HKTDC Гонконг халықаралық медициналық және денсаулық сақтау жәрмеңкесі мен Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті (ASGH) өтуде.

Аталған халықаралық іс-шаралар Азия өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен инвестицияларды дамытуға бағытталған жетекші алаңдардың бірі саналады. Биыл 17-рет ұйымдастырылып отырған медициналық жәрмеңкеге әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам компания мен ұйым қатысып, биотехнология, медициналық техника, аурухана жабдықтары, зертханалық шешімдер, телемедицина, цифрлық денсаулық сақтау, оңалту және стартап жобалар бағытындағы заманауи өнімдері мен технологияларын ұсынуда.

Көрме аясында роботтандырылған хирургия, виртуалды шындық (VR), сенсорлық және киілетін технологиялар, телемедицина, қартаюға қарсы және оңалту өнімдері секілді денсаулық сақтау саласындағы озық инновациялық шешімдер таныстырылуда.

Іс-шараға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов және облыстың бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарының директорлары қатысуда. Делегация халықаралық тәжірибе алмасып, медициналық технологиялардың соңғы жетістіктерімен танысып, денсаулық сақтау саласындағы әріптестік байланыстарды нығайту бағытында кездесулер өткізуде.

Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Азия саммиті аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылар, инвесторлар, ғылыми қауымдастық өкілдері мен бизнес көшбасшылары денсаулық сақтау жүйесін дамыту, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауда.

оборудования и здравоохранения HKTDC Hong Kong International Medical and Healthcare Fair и Азиатский саммит по глобальному здравоохранению (ASGH).

Данные международные мероприятия являются одной из ведущих площадок Азии, направленных на развитие инноваций и инвестиций в сфере здравоохранения. В 17-й международной медицинской выставке принимают участие более 300 компаний и организаций со всего мира, представляющих современные технологии и продукцию в области биотехнологий, медицинского оборудования, больничного оснащения, лабораторных решений, телемедицины, цифрового здравоохранения, реабилитации и стартап-проектов.

В рамках выставки демонстрируются передовые инновационные решения в сфере здравоохранения, включая роботизированную хирургию, виртуальную реальность (VR), сенсорные и носимые технологии, телемедицину, антивозрастные и реабилитационные продукты.

В мероприятии принимают участие руководитель Управления здравоохранения Алматинской области Ержан Сулейменов, а также директора ряда медицинских организаций региона. Делегация знакомится с последними достижениями медицинских технологий, обменивается международным опытом и проводит встречи, направленные на укрепление партнерских связей в сфере здравоохранения.

В рамках Азиатского саммита по глобальному здравоохранению ведущие мировые эксперты, инвесторы, представители научного сообщества и бизнес-лидеры обсуждают вопросы развития систем здравоохранения, внедрения инноваций и расширения международного сотрудничества.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1217334?lang=kk