2026 жылғы 5 мамырда аудан әкімдігінің отырысы өтті
12.05.2026 08:20:56 250
Әкімдік отырысына ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
- Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру туралы;
- Жақсы ауданын күрделі жөндеу және жасылдандыру жұмыстарын жүргізу туралы.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде «Жақсы ауданында халықтың, соның ішінде жастардың көші-қонын болдырмау бойынша Жол картасының тармақтарын орындау туралы» мәселесі қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1217357?lang=kk