Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!

Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!

12.05.2026 09:38:55 241

9 мамыр күні Бейімбет Майлин ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған шара өтті.
Мемориал алаңына жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары Отан үшін жанын қиған батырларды еске алып, тағзым етті.
Шара барысында қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
Әсерлі шығармашылық бағдарлама көпшілік көңілінен шықты. Соғыс жылдарындағы әндер көрермен жүрегіне ерекше әсер сыйлады.
Бұл күн – ерлік пен елдік рухын ұлықтап, батырлар ерлігін келер ұрпақ жадында сақтаудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1217410?lang=kk