Петропавлда 300 студенттің қатысуымен телемост өтті
14.05.2026 19:12:54 120
Петропавлда қала колледждерінің 300 студентінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, полиция департаментінің, сондай-ақ облыс прокуратурасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында студенттермен құқықтық жауапкершілік, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Студенттерге алаяқтық, бұзақылық және есірткі заттарын өткізудің салдары туралы айтылып, «Закладчики. Расплата» деректі фильмінен үзінділер көрсетілді. «Қазақ күресі» бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері Дмитрий Динер жастарды өзіне сенуге, «жеңіл ақшаға» әуестенбеуге және өмірді адал жолмен құруға шақырды.
Іс-шара аясында сотталғандармен тікелей эфирде телемост ұйымдастырылып, олар өз өмірлік мысалдары арқылы қылмыстың салдары мен құқықбұзушылыққа жол бермеуге бағытталған дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы туралы айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1220456?lang=kk