Қазақстан мен Түркия халықаралық даму, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы күш-жігерін біріктіреді
14.05.2026 19:13:14 230
2026 жылғы 14 мамырда Астанада Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Президенті Абдулла Ерен ресми даму көмегі саласындағы түсіністік меморандумына қол қойды.
Құжат тараптардың халықаралық даму саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ тәжірибе мен сараптама алмасуды дамытуға деген ниетін растайды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде тұрақты даму, денсаулық сақтау және ғылым мен білім салалары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1220350?lang=kk