Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы тағайындалды

Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы тағайындалды

18.05.2026 15:28:37 196

Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № Ж-121 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 15 мамырдан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы 1973 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысы Урицкий ауданының Урицкий кентінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
Мемлекеттік кірістер органдарында орындаушылық және басшылық лауазымдарда 29 жылдан астам қызмет атқарған.
Бұған дейін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.
Жалпы еңбек өтілі — 35 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 29 жыл 9 ай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222415?lang=kk