Будапештте Отан қорғаушылар күніне орай футбол турнирі өтті

Будапештте Отан қорғаушылар күніне орай футбол турнирі өтті

18.05.2026 20:16:32 228

Будапешт, 2026 жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі қазақстандық студенттер арасында футбол турнирін ұйымдастырды.

Турнирге бес команда қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Қатысушылар жоғары шеберлік пен командалық рух танытып, жарыс достық әрі көтеріңкі көңіл-күй атмосферасында өтті.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтау сөзінде отандастарымызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жастарға оқуда да, спортта да толағай табыс тіледі. Елші мұндай спорттық іс-шаралар шетелдегі қазақстандық жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара байланысты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Астана командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан Елшілігінің Кубогы иеленсе, үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар берілді.

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі алдағы уақытта да Мажарстандағы қазақстандық студенттермен және қазақ диаспорасының өкілдерімен бірлесіп спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастыра бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1222904?lang=kk