«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

«Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

21.05.2026 09:14:17 72

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып, әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету, тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынамыз.

"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері .
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

10 (он) жұмыс күні ішінде. Көрсетілген мерзімге шарт жасау кезеңі кірмейді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде).

5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 12.30-14.00-ке дейінгі түскі үзіліс пен дүйсенбіден жұмаға дейін 8.00-ден 17.30-ға дейін;

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

Шелек ауылы, Жібе жолы көшесі №40, телефон: 87277621430.

 Толығырақ ақпаратты «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1223649?lang=ru