Қазақстан өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сыртқы аудиторы ретіндегі үш жылдық мандатын аяқтады

Қазақстан өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сыртқы аудиторы ретіндегі үш жылдық мандатын аяқтады

22.05.2026 13:06:48 344

2026 жылғы 21 мамыр, Лаксенбург (Аустрия) - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы департаментінің директоры Ләйлім Қашимова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академияның (IACA) тәуелсіз сыртқы аудиторы ретіндегі үш жылдық мандатын аяқтады.

2024–2026 жылдар аралығында Л.Қашимова Академияның Тәуелсіз сыртқы аудиторлар алқасының мүшесі ретінде қызмет атқарды.

IACA-ға мүше басқа екі мемлекеттің аудиторларымен бірлесіп, ол Академияның қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге, сондай-ақ ұйымның қаржылық басқаруын, есептілігін және институционалдық орнықтылығын нығайтуға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуге қатысты. Алқа мүшелері аудит қызметін  жүзеге асыру барысында функционалдық және ұйымдастырушылық тәуелсіздікті қамтамасыз ете отырып, жеке сапада орындады.

IACA басшылығы Л.Қашимоваға Тәуелсіз сыртқы аудиторлар алқасының құрамындағы кәсіби әрі адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

Қазақстанның осы аудиторлық алқа жұмысына қатысуы еліміздің транспаренттілік, адал басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына берік бейілділігін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1226278?lang=ru