Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
22.05.2026 14:48:09 248
Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының директорлары мен кадр қызметінің мамандары 2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында «Денсаулық сақтау» KIHE 2026 31-Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында өткен III Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараны Алматы қаласы клиникаларының қауымдастығы Қазақстандық ITECA көрме компаниясымен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетімен және 4Study.kz Білім және дағдылар академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуға, медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталды.
Іс-шара барысында Алматы облысының медициналық ұйымдарының өкілдері жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің түлектерімен кездесіп, қолда бар бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушілерге кадр тапшылығын толықтыруға, ал жас мамандарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1226362?lang=ru