Қазақстан мен Сербия тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сербия тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

22.05.2026 14:48:12 282

18-20 мамыр, Белград – Нови-Сад – Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі Қазақстандық тараптың Нови-Сад қаласындағы Сербиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуын ұйымдастырды.

Қазақстан тарапынан көрмеге ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығының басқарма төрағасының орынбасары М. Сутула және «Atameken Agro Trade» ЖШС директоры Ш. Әділов қатысты. 

93-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысу шеңберінде Елшілік Нови-Сад қ. Егіншілік және көкөніс шаруашылығы институты (НС Семе), Смедеревска-Паланка қ. Көкөніс шаруашылығы институты, «Земун Полье» жүгері институты сияқты Сербияның негізгі аграрлық ғылыми-зерттеу институттарымен ҰАҒБО өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қоюды пысықтады.

Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов екі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін Қазақстан мен Сербия арасындағы тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер шеңберінде қазақстандық тарап майлы және дәнді дақылдар тұқымдарының, сондай-ақ Қазақстан үшін қажетті көкөніс дақылдарының селекциясы мен генетикасы салаларындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Тараптар сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар және оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1226360?lang=ru