Жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар

Жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар

22.05.2026 16:03:39 218

Сұрақ:
493-О «Қызметтер» нысанын кімдер тапсыруға міндетті және мұндай міндеттеме қандай жағдайларда туындайды?

Жауап:
493-О «Қызметтер» нысанын тек үшінші тұлғаларға тікелей қызмет көрсететін (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қалдықтарды шығару, тасымалдау және т.б.) және қызмет тұтынушылары бойынша есеп жүргізетін ұйымдар (заңды тұлғалар) ғана тапсыруға міндетті.

Жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке тұлғалар бұл нысанды тапсыруға міндетті емес.

Тасымалдау бойынша нысанды жүк немесе жолаушы тасымалдау қызметтерін тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде өз атынан көрсететін тасымалдаушы ұйым, оның ішінде халықаралық тасымалдар кезінде де, тапсырады.

Егер тасымалдау тек компанияның өз қажеттіліктері үшін жүзеге асырылып, үшінші тұлғаларға қызмет көрсетілмесе, нысанды тапсыру міндеті туындамайды.

Нысандағы мәліметтер жинақталмай, әрбір қызмет тұтынушысы бойынша жеке-жеке көрсетіледі. Нысанды жүйеге JSON форматында Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүктеуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226411?lang=ru