Айгерім Мұхитқызы Иманғазина жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша оқыту жүргізді
22.05.2026 16:03:46 240
Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент басшысының орынбасары Имангазина Айгерим Мухитовна жаңа Конституция бойынша техникалық оқыту өткізді. Оқыту барысында Конституцияға енгізілген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістер, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Айгерим Мухитовна конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсінікті әрі толық баяндап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заңның рөлін күшейту және әділеттілік қағидаттарына ерекше назар аударды. Оқыту барысында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін кеңейту және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.
Өткізілген оқыту мазмұнды әрі пайдалы болып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін және олардың тәжірибелік маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1226403?lang=ru