Сұрақ Жауап
22.05.2026 16:42:32 224
Сұрақ:
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеуші Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі бірнеше сауда нүктелерінде қызмет жүзеге асыра ала ма?
Жауап:
Иә, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, салық төлеуші жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолдануға және Қазақстан Республикасының әртүрлі аудандарында, қалаларында және облыстарында орналасқан бірнеше сауда нүктелері немесе объектілері арқылы қызметін жүзеге асыруға құқылы. Аумақтық белгі бойынша шектеу көзделмеген.
Бұл ретте 910.00 нысанындағы декларацияда қызмет жүзеге асырылатын орындар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық басқармалары және барлық қызмет объектілерінің мекенжайлары көрсетілуі қажет.
Егер әртүрлі салық мөлшерлемелері қолданылса, кірістердің бөлек есебін жүргізу қажет. Декларацияда тиісті салық мөлшерлемесі, оның ішінде жергілікті мәслихаттар өзгерткен мөлшерлемелер де көрсетіледі.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР бойынша салық мөлшерлемесі, егер жергілікті өкілді органның шешімімен өзгеше белгіленбесе, 4%-ды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226485?lang=ru