Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға көрсететін арнайы педагогикалық қолдау тәжірибесін зерделеу
22.05.2026 18:47:29 132
2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдары педагогтерінің аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға көрсететін арнайы педагогикалық қолдау тәжірибесін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге Өскемен қаласының №15 және №26 орта мектептерінің, Ұлан ауданының Р. Марсеков атындағы орта мектебі пен Глубокий ауданының Белоусовка негізгі мектебінің, сондай-ақ Өскемен қаласы және Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің педагогтері қатысты.
Зерттеу жұмыстарын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері: Кеңес Барысгүл Ерланқызы, Торебекова Аяулым Қуанышевна жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1226599?lang=ru