ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-СЕН) алдын ала толтыру сервисі қалай жұмыс істейді
22.05.2026 19:22:59 153
ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі (оның ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттары және тауарларға арналған декларациялар) өзекті мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
«Т-1» жұмыс қағидаты (Деректерді жаңарту) Сервистің бір күн кешігумен жұмыс істейтініне назар аударамыз. Егер электрондық шот-фактура бүгін жазып берілсе немесе ҚҚС-ты есепке жатқызу туралы хабарлама бүгін жіберілсе, бұл мәліметтер жүйеде ертең ғана көрсетіледі.
«Расталды» мәртебесінің маңыздылығы Есептеулер кезінде сервис ҚҚС-ты есепке жатқызу туралы «Расталды» мәртебесін алған хабарламаларды ғана пайдаланады. Осыған байланысты барлық хабарламаларды мұқият және дұрыс толтыруды қатаң ұсынамыз.
Артықшылықтар және жауапкершілік аймағы Сервисті пайдалану салық төлеушілерге СЕН (салық есептілігі нысанын) толтыру кезінде өздерін тексеруге көмектеседі және камералдық бақылау қорытындылары бойынша хабарламалар алу қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Дегенмен мынаны есте ұстаған жөн: жүйе салық төлеушілердің өздері ұсынатын деректерге сүйенеді. Егер алдағы уақытта бұл мәліметтерді салық төлеуші өзгертсе немесе нақтыласа, бұл камералдық бақылау нәтижелеріне тікелей әсер етіп, жаңа хабарламалардың жіберілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1226852?lang=ru