300.00 нысанындағы ҚҚС декларациясын алдын ала толтыру

300.00 нысанындағы ҚҚС декларациясын алдын ала толтыру

25.05.2026 11:27:26 310

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) алдын ала толтыру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректер, соның ішінде электрондық шот-фактуралар, салық төлеушілердің дербес шоттары және тауарларға арналған декларациялар негізінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Сервис бір күн ішінде жаңарып отырады. Мысалы, егер бүгін ЭШФ жазылса немесе ҚҚС-ты есепке жатқызу туралы хабарламалар жіберілсе, олар жүйеде тек келесі күні ғана көрсетіледі.

Алдын ала толтыру сервисі ҚҚС-ты есепке жатқызу туралы расталған хабарламалардың деректерін пайдаланатындығына назар аударамыз, сондықтан оларды мұқият әрі дұрыс толтыру қажет.

Сервис салық есептілігі нысанын (СЕН) толтыруға көмектеседі, сондай-ақ камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтады.

Бұл ретте сервис мәліметтерді салық төлеушілердің өздері ұсынған деректер негізінде қалыптастырады. Егер осы деректер кейіннен өзгертілсе немесе нақтыланса, бұл камералдық бақылаудың нәтижелеріне және хабарламалардың келуіне әсер етуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227355?lang=ru