Қазақстандық аграрлық сала өкілдері Чехияның агроөнеркәсіп секторымен танысты

Қазақстандық аграрлық сала өкілдері Чехияның агроөнеркәсіп секторымен танысты

26.05.2026 08:11:26 166

Прага, 2026 жылғы 22 мамыр – Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің шақыруымен ауыл шаруашылығы компаниялары мен жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Чехияның түрлі өңірлеріндегі бірқатар агроөнеркәсіптік кәсіпорында болды. Сапар аясында мазмұнды кездесулер өтіп, ауыл шаруашылығын цифрландыру саласында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Қазақстандық аграршылар мен сарапшылар әлемдік білім беру және ғылыми-зерттеу жүйесіне қосқан үлесімен танымал Прагадағы Чех агротехникалық университетіне барды. Бұл оқу орны тұрақты агротехнологияларды дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру, инновациялық технологияларды енгізу және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарымен ерекшеленеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша іскер топтардың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екені расталды. Бұл қадамдар Чех Республикасы Премьер-министрінің Астанаға жақында жасаған сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бағытталған.

Қазақстан тарапы мазмұнды әрі нақты нәтижеге бағытталған сапар бағдарламасын ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға, атап айтқанда, Чехияның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен Чех Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1228015?lang=ru