Салық төлеушілердің назарына
26.05.2026 10:06:06 193
2026 жылы 2025 жыл үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына тұлғалар тапсырады:
мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары;
жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес банктің ірі қатысушылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
жеке практикамен айналысатын адамдар;
кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның есепті салық кезеңінде дербес салық салынатын кіріс алған, тұлғалар;
Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;
шетелде мүлкі бар тұлғалар;
меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде жиынтық құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік (жылжымайтын мүлік; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; бағалы қағаздар; туынды қаржы құралдары; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; инвестициялық алтын) сатып алған тұлғалар;
өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы салық агентіне өтініш берген тұлғалар (01.01.2026 ж. бастап – 2025 жылғы өтініштер бойынша).
Декларацияны тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Декларацияны электрондық форматта «Салық төлеушінің кабинеті ИСНА», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqAzamat», Halyk, Bank CenterCredit, Kaspi мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Сонымен қатар, азаматтар декларацияны қағаз түрінде пошта арқылы, ХҚКО арқылы немесе мемлекеттік кірістер басқармасында тікелей тапсыруға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1228096?lang=ru