Азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану шарттары
26.05.2026 10:06:08 227
2023 жылдың 3 наурызында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді. Бұл Заң Мемлекет басшысының халықтың берешек ауыртпалығынан азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданды.
Заңның мақсатына – төлем қабілетсіз азаматты міндеттемелерден босату – барынша қол жеткізу үшін Заң азаматты банкрот деп жариялаудың жеңілдетілген тәртібін – соттан тыс банкроттық рәсімін көздейді.
Бұл рәсім мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.
Көрсетілген тәртіпті қолдануға өтініш берудің міндетті шарттарының бірі - ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүлікке меншік құқығының болмауы.
Көрсетілген шарттың сақталуы тіркеуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардың деректерін тексеру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 ақпандағы №218 бұйрығының 7-тармағы).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ «Бағалы қағаздардың депозитарийі және тіркеуші жүйесі» ақпараттық жүйесіне сәйкес, борышкерге қаржы құралдары түрінде тіркелген бағалы қағаздары, мысалы, биржалық ноталар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес, қаржы құралдары мүлік ретінде жіктеледі.
Жоғарыда аталған жағдай соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартуға өсеуне әкелді, өйткені Заңның 5-бабаның талаптарына сәйкес, соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудың міндетті шарттарының бірі - ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүлікке меншік құқығының болмауы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1228083?lang=ru