АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Мобильді аударымдарды әкімшілендіру сұрағы бойынша түсіндіру» тақырыбына тікелей эфирі
26.05.2026 10:41:25 252
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 26 мамырда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Мобильді аударымдарды әкімшілендіру сұрағы бойынша түсіндіру» тақырыбына тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфирдің спикері әрі модераторы – Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.
Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1228158?lang=ru