Академиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды
27.05.2026 08:26:24 231
Бразилия, 2026 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Даниель Франко атындағы Бразилиялық институттың директоры, профессор Фабрицио Роша мырзамен кездесті.
Әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария және мал шаруашылығының гендік инженериясы салаларындағы академиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жолға қою мәселелері, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша кадрлар алмасу мен кәсіби даярлау мәселелері талқыланды.
Сұхбаттасушы Бразилиялық институттың ауыл шаруашылығы зерттеулері, мал шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында әлемнің шамамен 22 елімен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады. Осыған байланысты ол аталған бағыттар бойынша Қазақстанның ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстар орнатуға мүдделік танытты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1229043?lang=ru