Қазақстан мен Оман алдағы кезеңге арналған екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады

Қазақстан мен Оман алдағы кезеңге арналған екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады

11.07.2026 10:40:54 277

Масқат, 2026 жылғы 23 маусым – Алдағы кезеңде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия департаментінің директоры Ахмад Әл-Маскаримен кездесті.

Ағымдағы жылға арналған әрі қарай бірлесіп жасалатын іс-қимылдар талқыланды. Саяси салада жоғары және ең жоғары деңгейдегі ресми сапарларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ол екіжақты қарым-қатынастарды даму барысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Көлік-логистикалық және сауда-экономикалық салаларындағы өзара іс-қимылды арттырудың өзектілігі аталып өтті. Сонымен қатар, екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі қарай кеңейту қажеттілігі айтылды.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың кезекті шиеленісуі барысында Оманның транзиттік хаб ретінде маңызды мәртебесін айрықша атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1246538?lang=ru