Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары
12.07.2026 18:08:49 248
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 24 - 26 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделін құруда адамға бағытталған тәсілді дамыту.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:
- Айымгуль Кайратовна Тургумбаева - Комитеттің Цифрландыру департаменті «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары;
- Гульжанат Жоламановна Жакаева – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы басшысының орынбасары;
- Анар Нурлубековна Есполова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы басшысының орынбасары;
– Айгуль Дарбаевна Батырбекова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы;
- Жанат Каркенқызы Айсекенова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 206 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249836?lang=ru