Карцагша қой етінен қуырдақ жасау фестивалі туралы

Карцагша қой етінен қуырдақ жасау фестивалі туралы

12.07.2026 18:09:05 211

Карцаг, 2026 жылғы 27 маусым – Мажарстандағы қыпшақтардың «астанасы» - Карцаг қаласында дәстүрлі қой етінен қуырдақ жасау фестивалі өтті. Елшілік шараның құрметті қонағы ретінде қатысты. 

Елші Абзал Сапарбекұлы қала мэрі Тибор Сепешимен, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) депутаты, «Мажар қыпшақтары одағының» төрағасы Шандор Ф.Ковачпен және Яс-Надькун-Солнок облыстық мәслихатының төрағасы Габор Фазекашпен сұхбаттасып, қазақ-мажар мәдени байланыстарының, әсіресе халықтық дипломатияның маңыздылығына тоқталып өтті. Мажарстан мен Қазақстан, әсіресе осы өңірде тығыз орналасқан қыпшақтар мен қазақтар арасындағы терең тарихи тамыры бар бауырластық байланыстардың маңызы аталып өтіліп, дәстүрлі байланыстарды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендерін білдірді.

Фестиваль, 2009 жылдан бері «Куншаг қой еті бұқтырмасының карцагша дәстүрі» ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралар ұлттық тізіміне енгізілген Мажарстанның Алфөльд (Жазық дала) өңірінің айрықша гастрономиялық шарасы. 

Қой етінен қуырдақ жасау фестивалі осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. ҚР Елшілігі ұзақ жылдардан бері фестивальдің құрметті қонағы ретінде қатысып, фестиваль жеңімпаздарына Елшіліктің арнайы қоғамдық жүлдесі табысталып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1249832?lang=ru