Қазақстан мен Паханг штаты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Паханг штаты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті

14.07.2026 12:47:57 187

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Паханг штатына жұмыс сапары аясында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған штат басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар барысында Елші Б. Сүгірбаев Паханг штатының Сұлтаны Әл-Сұлтан Абдулла Ри’аятуддин Әл-Мустафа Биллах Шахтың қабылдауында болды. Тараптар Қазақстан мен Паханг штаты арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында экономикалық байланыстарды, инвестициялық әріптестікті және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірілді.

Сонымен қатар, Елші Паханг штатының Бас министрі Ван Росди бин Ван Исмаилмен және Куантан қаласының мэрі Зализа бинти Зулкиплимен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында инвестициялар тарту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Пахангтың іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту сияқты ынтымақтастықтың нақты бағыттары талқыланды.

Көлік және логистикалық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. East Coast Rail Link (ECRL) теміржол магистралінің іске қосылуы Паханг, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасындағы жаңа логистикалық бағыттарды қалыптастыруға, сондай-ақ өзара сауда көлемін және контейнерлік тасымалдарды кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер беретіні атап өтілді.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және нақты бастамаларды пысықтау мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1254229?lang=ru