ЕЛОРДАНЫҢ ЕСІЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛАДЫ
15.10.2026 21:01:56 205.png)
Есіл ауданындағы Сызықтық саябақта заманауи мұз айдыны іске қосылады. Жоба Азиядағы саябақ аумағында орналасқан ең ұзын сызықтық мұз айдындарының бірі болмақ.Мұз айдынының жалпы ауданы 6 000 шаршы метр, ал мұзды маршруттың ұзындығы 1 400 метрді құрайды. Арнайы чиллерлер жүйесі мұздың қажетті температурасын сақтап, ауа райы жылы күндері де мұз айдынының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Келушілер үшін коньки жалға беру орындары, жылы павильондар, отбасылық демалыс аймақтары мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған.Демалыс орнының ашылуы 15 қарашаға жоспарланған. Алғашқы маусым 2027 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.