Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

СҚО әкімі су тасқыны жағдайын әуеден бағалады: ұшудың нәтижесі қандай? 30.03.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар аудандардың жағдайын әуеден бағалау мақсатында аэровизуалды мониторинг жүргізді. Ұшу бағыты Есіл өзені бойымен өтіп, Шал Ақын, Ғабит Мүсірепов, Айыртау және Тимирязев аудандарын, сондай-ақ Шағалалы өзені мен Шағалалы су қоймасын қамти отыра, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары арқылы өтті. СҚО бойынша  ТЖД бастығы Жомарт Аскаров, Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов және Ғ. Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Анбаев қазіргі су тасқыны жағдайы туралы баяндама жасады."Ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылауына байланысты алқаптарда қардың басым бөлігі еріп кетті. Дегенмен, кейбір аудандарда еріген қар суынан туындайтын қауіп әлі де сақталуда. Өзендерде мұз кептелісі жоқ,  алдын алу мақсатында жару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кейбір автомобиль жолдарында уақытша су тасу жағдайлары тіркелді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Есіл өзені арқылы келетін су ерекше қауіп төндіруде. Сергеев су торабында судың асып төгілуі 81 см-ге жетіп, біртіндеп көтерілуде. 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш – 425 см. Жағдай үнемі бақылауда.Мемлекеттік органдар мен барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, су тасқыны салдарын азайту және елді мекендерді қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962735?lang=kk
СҚО әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы 30.03.2025
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңа жылымыздың бастамасы, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі, біздің халқымыз үшін жаңарудың, қайта өркендеудің белгісі. Бүгінде Наурыз шын мәнінде халықтық мейрамға айналды. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда Наурыздың ерекше мәні мен маңызын айрықша атап өтті. Биыл да ұлттық мереке жаңаша форматта аталып өтілді. Наурызнама онкүндігі аясында көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, олар халқымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетін және болмысын сақтауға бағытталды.Наурыз — бұл тек көктем мерекесі ғана емес, сонымен қатар ел бірлігі мен ынтымақтастығының, еліміздің жаңаруы мен ортақ құндылықтарымызды нығайтудың нышаны. Жаңа жылымыз сіздерге тек жақсылық пен игілік әкелсін. Әрбір отбасыға береке мен бақ-дәулет, қуаныш пен тыныштық тілеймін. Облысымыз бен еліміз одан әрі дамып, гүлдене берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962707?lang=kk
Наурызда мейрамында СҚО спортшылары автокөлік пен пәтерге ие болды 30.03.2025
Наурыз мейрамына орай орталық алаңда халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, жүлдегер атанған спортшыларымызды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа автокөліктің кілті парабиатлоннан әлем кубогында алғаш рет Қазақстан атынан Үлкен хрусталь глобусты жеңіп алған Ербол Хамитовқа табыс етті. Қазақ күресінен  әлем чемпионы Мейіржан Берекетовке жаңа пәтердің кілті табысталды. Парашаңғы спортынан әлем кубогының жүлдегері Александр Герлиц, конькимен жүгіруден Азия ойындарының қола жүлдегері Надежда Морозова және бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Наталья Богданова ақшалай сыйақылармен марапатталды."Біздің талантты спортшыларымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймын және оларға әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!", -дед өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962686?lang=kk
СҚО тұрғындары аулаларда Наурыз мейрамын тойлады 30.03.2025
Өңіріміздің тұрғындары Наурыз мейрамын аулаларда да ерекше ықыласпен атап өтуде. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Ынтымақ» күні Петропавлдағы Хименко,1 көшесіндегі аулаға барып, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Хименко көшесіндегі аулада былтыр жаңарту жұмыстары жүргізілді. Биыл да бұл жұмыс жалғасады. 15 кварталда орналасқан 50 аулада кешенді жөндеу жасалмақ. "Көпқабатты үйлердің тұрғындары бірігіп, ортақ дастархан жайып, концерттер мен ұлттық ойындар ұйымдастыруда. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ. Наурыз мейрамын осылайша бірлесе қарсы алған қалалықтарға алғысымды білдірдім. Көршілердің достығы әрдайым осындай болғай. Мереке құтты болсын!", -деп жазды өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962667?lang=kk
Солтүстік Наурыз мейрамы тойланды 30.03.2025
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті. 10 күндік Наурызнаманың негізгі шарасы -облыс орталығындағы басты алаңда өтті. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов басты алаңда солтүстікқазақстандықтарды жыл басымен құттықтап, бақ-береке, молшылық пен бірлік тіледі. Ұлттық мереке тақырыптық киіз үйлермен безендірілді, онда тұрғындар мен қонақтар қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен таныса алды.Өңір басшысы түрлі мерекелік алаңдарды және қолөнершілердің шығармашылығына, сондай-ақ Сәбит Мұканов, Шоқан Уәлиханов және Смағұл Сәдуақасов сынды танымал тұлғалардың мерейтойларына арналған киіз үйлерді аралады. «Көшпенділер әлемі» этноауылында көшпелі халықтың мәдениеті мен тұрмысы таныстырылды. Балалар үшін интерактивті алаң мен ұлттық ойындарға арналған спорттық алаң ұйымдастырылды.Тәуелсіздік стеласының маңындағы киіз үй облыс колледждеріне арналып, олар өз жетістіктері мен технологияларын, сондай-ақ «Еңбек мамандықтары жылы» аясында білікті мамандарды даярлау туралы айтты.Сонымен қатар, Конституция көшесінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қызылжар» креативті индустрия орталығы өз шығармашылығын көрсетті. "Наурыз мейрамы мыңдаған солтүстікқазақстандықтарды біріктіріп, достық пен бірліктің символына айналды. Мереке құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962663?lang=kk
СҚО-да Ұлттық спорт күні аталып өтілді 30.03.2025
Бүгін «Береке» спорт кешенінде Ұлттық спорт күні аясында асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен жарыс өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962659?lang=kk
Алматы энергетика және байланыс университетінде «Заң және тәртіп – өзіңнен басталады!» атты дәріс өтті 30.03.2025
2025 жылғы 26 наурызда Алматы энергетика және байланыс университетінде жастар арасында құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Заң және тәртіп – өзіңнен басталады!» атты дәріс өткізілді.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов қатысты. Ол университет студенттері мен оқытушыларына заңдылық қағидаттары, құқықтық тәртіп және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы туралы баяндама жасады.Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік идеологиясын дамыту, заңға құрмет қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Бағдарлама аясында келесі негізгі мәселелер қарастырылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері мен стратегиялары, заңдылық қағидаттарының қоғамға әсері, сондай-ақ адал және ашық мемлекет құрудағы әрбір азаматтың рөлі.Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, одан кейін ашық пікірталас ұйымдастырылды. Онда студенттер шақырылған спикерге сұрақтар қойып, құқықтық тәртіпке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.Іс-шараның қорытындысында Жарқын Ғалымов құқықтық тәртіпті нығайту үдерісіне жастардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы әр азаматтың жеке үлгісінен басталуы тиіс екенін ерекше атап өтті.Осындай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамда адалдық пен заңдылық құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/963356?lang=kk
Жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді 30.03.2025
Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды.Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;«Жүргізуші және көлік» бөлімінен «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдау;жүргізуші куәлігін ауыстыру себебін көрсету және фотосуретті жүктеу;қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс нөмірін енгізу керек;мемлекеттік бажды төлеу қажет (4 915 теңге);өтінімді Face/Touch ID көмегімен растау қажет;қызмет нәтижесі «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді болады.Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді.Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/971400?lang=kk
Қазақстан мен Иордания арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік 30.03.2025
Амман, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Ауыл шаруашылығы министрі Халед Мұса Әл-Хнейфатпен кездесті.Сұхбат барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ағымдағы ынтымақтастықты, атап айтқанда қазақстандық қой етінің Иордания нарығына жеткізілімдерін ұлғайту мәселелерін, еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды, сондай-ақ қазақстандық бидайды Иордания нарығына жеткізу перспективаларын талқылады.Тараптар үстіміздегі жылғы ақпан айында Амман қаласында қол қойылған Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды ризашылықпен атап өтті. Бұл екі елдің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын әрі қарай жандандыруға мүмкіндік береді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуге оң әсер етеді.   Елші Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығын атап өтті. Иордания іскерлік қоғамдастығын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар алмасу процесіне тартудың маңыздылығына назар аударды. Иордан ауыл шаруашылығы өндірушілерінің Қазақстан-Иордания Бизнес-форумына қатысуының орындылығы атап өтіліп, оны Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін өткізу жоспарланып отырғандығы хабарланды. Сонымен қатар, Х.Хнейфатқа үстіміздегі жылғы 29-30 мамырда Астана қаласында өтетін Астана халықаралық форумына (AIF-2025) шақыру табыс етілді. Иорданияның Ауыл шаруашылығы министрі шақыруды ризашылықпен қабылдап, иордан ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді. Сонымен қатар, М.Әл-Хнейфат қазақстандық нарыққа иорданияда өндірілген көкөністер, жемістер, құрма және зәйтүн майын жеткізу әлеуетін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/963341?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысының ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің басталуы туралы 30.03.2025
 «Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ 2025 жылдың сәуір айынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының ауыл шаруалығы және жер қатынастары басқармасының ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Дидар Дулатұлы Ергебековке 2025 жылғы  1 сәуірге  дейін 8 (7162) 722835 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/963336?lang=kk
«Жетісу» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті 30.03.2025
Ағымдағы жылдың 20 наурызында «Жетісу» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокурорлары Д. Оразбаев пен А. Тайбекова, «Жетісу» кеден бекеті басшысының орынбасарлары Ә. Абдисалихов, Т. Ыдырыс және кеден бекетінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жайлы кеңінен талқыланды. Алғашқы сөзді Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры Д. Оразбаев алып, кеден бекетінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық туралы ойын ортаға салып өтті. Оның ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отыру қажет дейді. Екінші болып сөз алған Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры А. Тайбекова өз ойын былай өрбітті: «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары күшейтіліп, мемлекеттік қызметке меритократия қағидаттары енгізілді. Сонымен қатар, Әдеп кодексі қолданысқа енгізіліп, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қатаңдатылды». Құқықтық оқу және түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Авиациялық көлік прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір жеке тұлға жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін баса айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/963333?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Çalık Holding» басшылығымен кездесті 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Çalık Holding» түрік холдингінің басшысы Ахмет Чалыкты қабылдады.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және логистика салаларындағы серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударылды.А.Чалык холдингтің Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Атап айтқанда, түсті металдарды өндіру, Қостанай облысында дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу, сондай-ақ газ саласындағы жобаларға қатысу жоспарлары қарастырылды.«Çalık Holding» – 34 елде қызмет атқаратын Түркияның ірі қаржы-өнеркәсіптік топтарының бірі. Компания Орталық Азия, Балқан және Таяу Шығыста ірі инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963331?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының қатысушыларына 8 млн аса АҚШ долларын аударды 30.03.2025
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 8 млн аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 4,65 млн астам АҚШ долларына 43 781 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,35 млн АҚШ долларына 31 548 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (4,53 млн аса АҚШ долларына 42 622 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 37,44 мыңнан аса АҚШ долларына 362 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 32,81 мыңнан аса АҚШ долларына 325 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,88 млн аса АҚШ долларына 27 020 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (354,24 мыңнан аса АҚШ долларына 3 421 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (99,78 мыңнан аса АҚШ долларына 971 өтініш орындалды).Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/965132?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемі: қалай есептеледі, қайда жүгіну керек 30.03.2025
Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлеміне кімдер құқылы?Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер-61 жас), сондай-ақ 1 немесе 2 топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі? Кесте бойынша берілетін төлемдер былай есептеледі: зейнетақы төлемін ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТК) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылы ЕТК деңгейі - 46 228 теңге).Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.  Егер БЖЗҚ-дан төлем жасалған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналған белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет бірақ беріледі. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін алу үшін қайда және қашан жүгінуге болады? БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына толғанға дейінгі 10 күн бұрын жасау керек. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.Бұған қоса, телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) зейнет жасына толғанға дейін 2 ай қалғанда 1414 нөмірінен зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын жердегі бөлімшесіне уақытылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберілетініне назар аударамыз. Онда egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізіміне сілтеме беріледі. Яғни, мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді. Себебі, өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, Қорда зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, осындай азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығын жыл сайын салыстырып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде оларға зейнетақы төлемдерін өтінішсіз-ақ аударады.Мерзімсіз уақытқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін барып көрсетілетін қызмет ұйымдастырылғанына назар аударыңыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүргізіледі.   Атап кеткен жөн, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. enpf.kz сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер» бөлімінде зейнетақы төлемдеріне, оларды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға, өтініш бланкілеріне және оларды толтыру үлгілеріне, сенімхат үлгісіне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі орналастырылған. «Онлайн қызметтер» бөлімінде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/965118?lang=kk
СӘИЖ салық төлеуші кабинеті арқылы жаңа салық есептіліктер нысандары қолжетімді 30.03.2025
Құрметті салық төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде. 2025 жылғы 19 наурыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі салық есептіліктер нысандары табыс етуге қол жетімді болады:1) 641.00 СЕН – Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі;2) 101.04 СЕН – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;3) 871.00 СЕН – Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі;4) 180.00 СЕН – корпоративтік табыс салығы бойынша декларация. СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған. Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/963256?lang=kk
Жеке сектор мен жатын аудандардың тұтынушыларын 2025 жылғы 26-28 наурызға ажырату 30.03.2025
Қостанай қ. "ЭПК-forfait" ЖШС ("ЭПК-форфайт" ЖШС) Қостанай қалалық электр желісінің жұмыс жоспары.ТП -29 (құрылыс бөлігін КС жөндеу жұмыстары ) 2025 жылғы 26-27 наурыз 09:00-ден 18:00-ге дейін "Зебра" кафесі Баймағамбетов көшесі бойынша автобус аялдамасы, Баймағамбетов көшесі 187 Том-фар, Толстой көшесі 72 "Апис" ЖШС, Толстой көшесі 72 "Бирюлька" кафесі,Баймағамбетов көшесі 187 дәріхана, Баймағамбетов көшесі 187 "Аксон" ЖШС, Баймағамбетов көшесі 187 Кросстар, валюта айырбастау  Баймағамбетов көшесі 187, Еуразия банк Баймағамбетов көшесі 187, Баймағамбетов көшесі 187 "Биосфера" дәріханасы, Баймағамбетов көшесі 187 кафе, Баймағамбетов көшесі 187 сағат шеберханасы, Толстой көшесі 72 медициналық кабинет, "Раузет" дүкені Баймағамбетов көшесі 185.Жатын секторы: Толстой көшесі 72, Баймағамбетов көшесі 185, 187.КТП-ШЖҚ (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 26 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін.Жеке сектор: Ақсу көшесі бойынша шекаралары 1-27, 28а, 28/9-28/21, Станционная көшесі бойынша шекаралары 1/24-1/32, 38,40.ТП-128 (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 26 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Чехов көшесі 190 шаштараз. Жеке сектор: Чехов көшесі бойынша 154-190, 188/1-188/13, Рабочая көшесі бойынша 119-135, 134-154, 1Мая көшесі бойынша 163-197, 204-238, Қозыбаев көшесі бойынша 179-195 шекараларында.ТП-9 (фидер 1) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 27 наурыз сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жеке сектор: Полевая көшесі бойынша 3-26 үй шекарасында, Уральская көшесі бойынша 8-21 үй шекарасында.ТП-49 (фидер 3) (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 28 наурыз сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жеке сектор: Фролов көшесі бойынша 19-39 үй шекарасында, 8 Марта көшесі бойынша 42-62 үй шекарасында, Наримановская көшесі бойынша 14-24, 18/1-18/5, 18а, 20/1-20/14 үй шекараларында, Краснопартизанская көшесі бойынша 35-47 үй шекарасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/963223?lang=kk
Саяси реформалардың Әділет саласына әсері 30.03.2025
   Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәрке “Qostanai TV” телеарнасы “Бірінші студия” бағдарламасында “Саяси реформалардың Әділет саласына әсері” тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.   Сілтеме: https://youtu.be/4lPXimOmz_0?si=t7MTHEpUW3dM9nfe Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/963163?lang=kk
Көктемгі науқан барысында Шымкенттен мыңнан аса азамат әскерге шақырылады 30.03.2025
Көктемгі шақыру науқаны наурыз айының басында басталды. Осы уақыт ішінде Шымкенттен 18 мен 27 жас аралығындағы 120-дан астам жас әскерге алынды. Бірінші кезекте ҚР ҰҚК Шекара қызметін жасақтау жүріп жатыр. Биылғы жылы шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелерге республикалық маңызы бар қаладан 150-ден аса адам жіберіледі.Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев соңғы жылдары әскерге барғандарға заң жүзінде преференциялар енгізілгенін атап өтті. Әскери қызметке шақырылған азаматтар несиелік демалысты 14 ай мерзімде пайдалана алады. Бұдан бөлек, белгіленген борышын өтеген әскери қызметшілерге азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін қосымша жеңілдіктер беріледі. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтың үздіктеріне білім беру гранттары да қарастырылған.– Шақыру науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір жастар медициналық тексеруден, кәсіби-психологиялық іріктеуден өтіп, денсаулық жағдайына және дайындық деңгейіне қарай әскерлерге бөлінеді, – деді полковник А. Шынтаев.Іс-шаралар 30 маусымға дейін жалғасады. Шақыру қағаздары әскерге шақырылушыларға тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша, одан басқа 1414 сервисінен SMS-хабарлама арқылы жеткізіледі. Әскери қызметті кейінге қалдыруды немесе босатуды жергілікті атқарушы органдар не электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге болады. Бұл үдеріс толығымен автоматтандырылған: Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне студенттер туралы мәліметтер тікелей Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің базаларында беріледі. Шетелде оқитын азаматтар да электрондық үкімет порталында студенттер ретінде тіркеле алады.Көктемгі шақыру аясында Шымкент қаласынан борышын өтеуге әскерге жаңа алынған мыңнан аса азаматты жіберу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/963149?lang=kk
Марат Султангазиев Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды 30.03.2025
Алматы облысының әкімі Марат Султангазиев Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында өңір басшысы негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, АЭС жобасын жүзеге асыруға байланысты ауылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың сүйемелдеуімен өңір басшысы жер телімінің сипаттамаларын зерттеп, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады.АЭС құрылысы мен оның одан әрі пайдаланылуын қажетті ресурстармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін облыс әкімі Индустриалды аймақ құруды тапсырды. Бұл аймақ қосалқы және ілеспе бизнестерді, сондай-ақ кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар мамандар мен жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасайды.Әкім ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Су алу торабын қарап шыққан соң, өңір басшысы үздіксіз сумен жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті. «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК директоры Алмас Кемельбеков жүйені жаңғырту жұмыстарының барысы туралы баяндап, бұл процестің жергілікті билік тарапынан тұрақты бақылауда екенін жеткізді.Сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі су құбырлары желілерін кешенді жаңарту жұмыстарын жүргізіп, жол сапасын жақсартуды тапсырды. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.Сапар аясында өңір басшысы «Абылхайыр» ЖШС балық өңдеу зауытына барды. Кәсіпорын директоры Руслан Мурзалиевтің айтуынша, зауыт жылына бірнеше тонна балық өңдеп, көксерке филе өндіру қуаттылығы 770 тоннаны құрайды.«Ауыл шаруашылығын дамыту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Мұндай кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді», – деп атап өтті Марат Султангазиев.Сонымен қатар, өңір басшысы ауылдық амбулатория құрылысының барысымен танысты. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұғамедғарип Құрманғалиев жобаның қазіргі жағдайы туралы баяндады.Бұрынғы балабақша ғимаратын қайта пайдалану мәселесі де көтерілді. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас жергілікті билік бұл нысанды тиімді қолданудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатқанын айтты.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаевқа ауылдағы ғимараттардың жағдайына кешенді тексеру жүргізіп, қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.Үлкен ауылында 1200 пәтер бар, оның 600-іне тұрғындар қоныстанған, ал 500 пәтерге қайта қоныстандыру жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы бұл мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.Туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, жағалау аумақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттырып, қосымша инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.Жергілікті тұрғындармен кездесуде жылу, су және электрмен қамтамасыз ету, сондай-ақ абаттандыру мәселелері талқыланды.«Біз халықтың ұсыныстарын ескеріп, ауылды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз. Сапалы инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың негізгі факторлары», – деп атап өтті облыс әкімі.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Марат Султангазиев жергілікті билікке Үлкен ауылын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды және көтерілген барлық мәселелердің өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/963131?lang=kk
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 30.03.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің2020 жылғы 1 қазаны №301 бұйрығына 4 қосымшаға сәйкесМемлекеттiк көрсетілетін қызметтер-жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оны қалай алуға болады? Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:Көрсетілген кызметті алушының ЭЦҚ - мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;► «Elicense.kz» сайтына кіру қажет ► «Жер қатынастары» тақырыбын таңдау қажет ► «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұксат беру» дегендітаңдау қажет► Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күн ► Қызмет көрсету тәсілдері www.egov.kz «электрондық үкіметтің вебпорталы» ►Қызмет көрсету құны: тегін беріледі. ► Қызметті алушылар: заңды тұлға, жеке тұлға«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының (бұдан әрі-Қағида) 1-қосымшасында көрсетілген.«Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/963126?lang=kk