Жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ 04.03.2025
Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» атты салтанатты шара өтті.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ассамблея мүшелері, депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойып, «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» мемориалдық тақтасының ашылуына қатысты. Қатысушылар этнос өкілдерінен құралған «Алғыс керуенін» қарсы алып, этномәдени бірлестіктер көрмесін тамашалады.Қала басшысы Қазақстан Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне жолдаған құттықтауын оқып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде атаулы күннің мейірімділік пен бірліктің өзара құрметтің символы екенін атап өтіп, бір-бірімізді қолдаудың маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің ортақ Отанына айналып, қиындықтарды еңсеріп, тәуелсіз мемлекет құрғанын айтып, елдің достық пен бірліктің үлгісіне айналғанын атап өтті.«Біздің халқымыз қашан да кеңпейілділік пен қонақжайлық танытып, көшіп келген жұртшылықты құшақ жая қарсы алды. Бұл күн – ел дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматқа алғыс білдіретін ерекше күн», – деді Ғ. Сыздықбеков.Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына орай бекітілген Алғыс айту күні 2016 жылдан бері аталып өтуде. Мереке келісім мен өзара сыйластықтың символына айналды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948887
Ашық әкімдік: БҚО-ның 300-ден астам тұрғыны өз сұрақтарына жауап алды 04.03.2025
2025 жылдың 28 ақпанында Батыс Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында билік пен халық арасындағы диалогты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Азаматтарды қабылдауды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы, оның орынбасарлары, Орал қаласының әкімі, сондай-ақ облыстық басқармалар, департаменттер, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік құрылымдардың басшылары жүргізді.Өзекті мәселелер және тиімді шешімдерТаңертеңнен бастап жүздеген азамат өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алып, түсініктемелер алды. Негізгі өтініштер келесі мәселелерге қатысты болды:тұрғын үймен қамтамасыз ету,әлеуметтік қолдау,жер қатынастары,білім беру,медициналық қызмет көрсету,жұмыспен қамту және бизнесті қолдау. Әрбір өтініш салалық басшылардың бақылауына алынып, кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.Халықты қолдау және өңірді дамытуІс-шара аясында 320 облыс тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту мүмкіндіктері және шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы түсініктеме алды.Бірыңғай қабылдау күні тек Орал қаласында ғана емес, барлық аудан орталықтарында да өтті. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары азаматтармен жеке кездесті.Айта кету керек, облыс басшылығы жүйелі түрде жеке қабылдаулар өткізіп, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ықпал етуде. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/948892
Қобда көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтары мен ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды 04.03.2025
Іс-шара облыс әкімінің ауданға жасаған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келді. Асхат Шахаров оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, ауданда кәсіптік білім беруді дамыту мүмкіндіктерін бағалады.Колледж директоры Болат Алтаев көрменің «Жұмысшы мамандықтар жылы»аясында ұйымдастырылғанын айтса, оқытушылар құрамы мен білім алушылар өз жетістіктерін көрсетіп, білім ордасында оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат берді.Шара аясында шеберлік сағаттары өткізілді. Аспаздарға арналған кулинарлық шеберлік демонстрациясы мен виртуалды дәнекерлеу қондырғысының қызметі көрсетілді. Жиһаз өндірісі мен тігін ісі кәсіптері бойынша білім алып жүрген жастардың жұмыстары назарға ұсынылды.Көрмеде жергілікті шаруалар қолданатын ауылшаруашылық техникаларының соңғы үлгілерін де көруге болады. Іс-шара колледж білім алушылары мен оқытушыларының ғана емес, білікті кадрларға сұранысы бар жергілікті кәсіпорындардың өкілдерінің де қызығушылығын туғызды.Бұл ауылдық жерлерде кәсіптік білім беруді дамыту және оның жастар үшін қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқыға салған маңызды алаңға айналды.«Мен Қобдадағы жергілікті мейрамханада аспаз болып жұмыс істеймін. Қазір бізде осы колледждің екі білім алушысы тәжірибеден өтуде. Екеуі де болашақ аспаз. Менің бақылауыммен түрлі күрделі тағамдарды әзірлеуді үйреніп жүр. Шеберлік сағаттарын өткіземіз. Бірге мәзір құрамыз. Мен олармен осы кәсіпке қатысты барлық қажетті ақпараттарды бөлісемін, түсіндіремін. Аспаз мамандығы бүгінде сұранысқа ие, ал егер жоғары біліктіліктеріңіз болса, онда жұмыс табу тіпті қиын емес», - деді колледждің әлеуметтік серіктесі Абат Қалабаев.Облыс әкімі бүгінгі көрменің оқу орындары мен ауыл шаруашылығы серіктестіктері арасында әріптестік байланыс орнату арқылы келешекте колледж түлектеріне жұмыс табуға және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс нығайтуға ықпалы мол шара екенін айтты.Айта кеткен жөн, колледж күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «ТенгриСтройИнвест» ЖШС мердігер ұйымы ғимараттың шатырын ауыстырып, спортзалды жөндеуден өткізіп, нысанның екінші және үшінші қабаттарында ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде.«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біз әртүрлі салада табысты еңбек ету үшін оған қажет дағдылар мен білімді дамытуға ерекше назар аударамыз. Жастардың сапалы білім алуы, сұранысқа ие мамандықтарды игеруі және өз өңірінен жұмыс табуы аса маңызды. Бұл көрме – түлектеріміздің одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау үшін оқу орындары мен жергілікті кәсіпорындарды қалай біріктіруге болатынының айырықша көрінісі. Біз жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, жастар арасында танымал, тартымды болуы үшін осындай бастамаларды қолдауды әлі де жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948838
Ақтөбеліктер татулықтың нышанына айналған Алғыс айту күнін атап өтті 04.03.2025
Ақтөбеде Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ҚХА ғимаратында өткен «Алғыс бәріңе» атты мәдени шараға облыс әкімі, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.30 жыл бұрын 1 наурызда еліміздеҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы жылдар ішінде ҚХА елдегі этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды және қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін бірегей алаңға айналды.Шарада өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, онда Ассамблеяның ұлттық бірлікті нығайтуға, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан зор үлесі жайлы атап өтілді.Облыс әкімі ақтөбеліктерді атаулы күн менжәне Алғыс айту күнімен құттықтап, оның мейірімділіктің, бейбітшілік пен келісімнің символы екенін тілге тиек етті. Ол өңірдің барша тұрғындарына облыстың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және табыс тіледі.«Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келген көктемнің шуақты мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімі тапқан күні. Алғыс айту күні деген қиын сәттерде бізді қолдағандарға жылы сөздер айтуға ғана емес, сонымен бірге бейбітшілік пен келісімге деген адалдығымызды қайта дәлелдеуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Баршаңызды ынтымағы мен бірлігі жарасқан өңіріміздің нығаюына және өсіп-өркендеуіне, көркейюіне, тұрақты дамуына қосқан үлестеріңіз, сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әр отбасыға амандық, бақ-береке және татулық тілеймін», - деп Асхат Шахаров тілегін жеткізді.Осыдан кейін облыс әкімі Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өңірдегі ҚХА ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Хабиба Саркулова, Константин Цхай, Хасан Сагаев, Роза Болдагарина және Еркін Құрманбеков бар.Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтаржылы» аясында облыс әкімінің алғыс хаттарымен әртүрлі сала өкілдері марапатталды, олар күнделікті өмірдеқажырлы еңбектерімен аймақтың өркендеуіне үлес қосып келеді.Алғысхат «Neo plus» ЖШС қызметкері Айкенже Намазбаеваға табысталды. Айкенже кәсіпорында 21 жылдан бері жұмыс істейді, өз міндеттерін адал атқарып жүр. Оның күш-жігерінің арқасында қалада тазалық пен тәртіп қамтамасыз етілуде.Сондай-ақ, «Qala Trans» ЖШС автобус жүргізушісі Сергей Храмов өмірінің 37 жылынқоғамдық көлік саласына арнады, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күнделікті жұмысы үшін олалғыс хатқа ие болды.Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақтөбе хром қосындылары зауытының жөндеу-механикалық цехының кран машинисі Гүлуся Рабежа марапатталды. Еңбек өтілі – 46 жыл, ол өзін әркез бастамашыл және жауапты маманретінде көрсетіп келеді.Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен жалғасты. Бағдарламада «Шатлық», «Достық» ансамбльдері, «Zhana.kz» және басқа да хореографиялық және вокалдық нөмірлеркөрермен назарына ұсынылды.Мереке Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің маңызын тағы бір айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948873
Еңбек адамы: Бозгулов Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы 04.03.2025
Марат Ержігітұлы 46 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман, оның 23 жылын су шаруашылығына арнаған.Еңбек жолын 1974 жылы «Союзгипрорис» институтының Қызылорда бөлімшесінде техник болып бастаған.1982 жылы Жамбыл гидромелиортивтік-құрылыс институтын аяқтап, «Кызылордаводстрой» трестінде шебер, прораб, аға шебер болып 10 жылға жуық жұмыс істеді.1987–1990 жылдары ПМК-29 ұйымында, Жаңақорған – Шиелі күріш массивіндегі мекемелерде, Сырдария ауданындағы «Амангелді» совхозында егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстарына басшылық етті.1990 жылдан бері Арал теңізін құтқару Қорының бастамасымен Сарышығанақ каналын қазуға, және Қамбаш пен Райым ауылдарына баратын Арал – Сарыбұлақ су құбырларының насос станциалын салуға өз үлесін қосқан қызметкер.Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан су ресурстарын тиімді басқару мен инженерлік жүйелерді жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлға. Еңбегі елеулі, білімі терең, саланың қыр-сырын жетік меңгерген беделді маман.2020 жылы Қазақстан су шаруашылығы қауымдастының «Су шаруашылығының үздігі белгісімен», 2022 жылы «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясының «Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948867
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады! 04.03.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады!Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1556Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948884
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: мерекелік іс-шаралардың басталуы 04.03.2025
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті.Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948893
Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды 04.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Бейжің қаласында жалғасты.Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары, Сыр елінің кәсіпкерлері қытайлық «Geo-Jade Petroleum Corporation», «KALE Group», «East Hope Group» компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларына инвестиция тарту және «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.«Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу мақсатында арнайы іссапармен келдік.Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл мен уранның мол қоры бар. Ерекше назар аударатын жобалардың бірі — «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру. Сіздердің компанияларыңыздың заманауи технологиясы мен тәжірибесін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз», – деді Н. Нәлібаев.Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948833
«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасы ашылды 04.03.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінде Қызылордадағы "Достық үйінде" «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Республика бойынша біріңғай үлгіде жасалған ескерткіш, барлық өңірлерде бір мезетте ашылды.Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.Ескерткіш тақта - Қазақстан халқының ынтымаққа негізделген өмір салтын насихаттау, қоғамдағы бейбітшілікті бекітудегі тарихи маңызға ие белгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/948865
Мемсараптама мамандары халықаралық спартакиадаға қатысады 04.03.2025
«Мемсараптама» РМК мамандары құрылыс саласының сарапшылары арасында өтетін халықаралық спартакиадаға қатысып, Қазақстан намысын қорғайды.Астанада «Мемсараптама» РМК қызметкерлері арасында іріктеу турнирі өтті. Оған 6 филиал мен орталық аппараттың 36 қызметкерінен жасақталған 4 команда қатысты. Олардың құрамында сарапшылар, филиал, басқарма директорлары, әкімшілік және өндірістік қызмет мамандары бар.Екі күн бойы спортшылар шахмат, үстел теннисі, волейбол және футзал бойынша үздіктерді анықтады.Турнирдің ашылуында бас директор Тимур Қарағойшин қатысушыларға сәттілік тілеп, әр спорт түрінде бар күш-жігерлерін салуға шақырды. Себебі, тек ең мықты спортшылар ғана Қазақстан атынан баратын команда құрамына еніп, халықаралық спартакиадада ел намысын қорғайтынын атап өтті.Іріктеу турнирінде Nomad, Sunkar, Barys және DreamTeam командалары бақ сынасты. Шахматтан DreamTeam, ал үстел теннисінен Nomad командасының мүшелері жеңіске жетсе, волейболда Sunkar командасы үздік атанды. Футзалда алдына қарсылас салмаған Nomad командасы жалпыкомандалық есепте I орын алды. II орынды Barys иеленсе, III орынды DreamTeam және Sunkar командалары бөлісті. Айтса кетсек, Қазақстан құрамасының қатарына командаға қарамай, әр спорт түрі бойынша ең мықты спортшылар ғана іріктеліп, таңдалады.Құрылыс саласы сарапшыларының II халықаралық спартакиадасы Ресей Федерацияссында өте деп жоспарланған. Оған ЕАЭО мүше елдерінің командалары қатысады.«Әріптестеріміз дәстүрлі жалғастырып, ауыспалы эстафетаны Ресей Федерациясы қабылдады. Спартакиаданың негізігі бастамашысы – Қазақстан, яғни «Мемсараптама» мекемесі. Мемлекетаралық алғашқы турнир 2023 жылы Түркістан облысында ұйымдастырылған болатын. Жалпы, бұл іс-шара сарапшылар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі», – деді «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Саламат Серікқалиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/948814
ӨЗАРА ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ 04.03.2025
Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың1 Наурыз – Алғыс айтукүнімен құттықтауы Құрметті жетісулықтар!Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық, бір-біріне жәрдем етіп, қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртып, санамызға берік орнықтыра түседі.Жер жаннаты Жетісу тарих толқынында тағдыр тоғыстырған жетпістен астам ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып отыр. Бүгінде Жетісу халқыөзара сыйластығының арқасында өңірімізде татулықты нығайту мен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.Осы ретте облыс тұрғындарына адал еңбегі менел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғаусыз алғысымды білдіремін.Көктемнің алғашқы күнінде сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948821
РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.03.2025
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы Құрметті қауым! Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!Барша мұсылмандар үшін маңызы ерекше бұл айда сабырлық, қанағатшылдық, мейірім мен қамқорлық сияқты сауабы мол құндылықтар кеңінен паш етіледі. Көпшілік ауыз бекітіп, салауат айтылып, жастарға имандылық қағидаттары дәріптеледі. Осы орайда Рамазан айының ел бірлігін нығайтудағы, халықтың бір-біріне деген өзара көмек пен жанашырлық қасиеттерін арттырудағы рөлі зор. Әрдайым еліміздің бақ-берекесі арта берсін!Ұстаған оразаларыңыз, жасаған ниет-тілектеріңіз, сауапты істеріңізқабыл болсын.Баршаларыңызға денсаулық, отбасыларыңызға игілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948844
Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды 04.03.2025
Бүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын оқыды.Өз құттықтау хатында Президент ҚХА-ның жылдар бойы халқымыздың ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын айта келе, осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылғанын атап өтті.«Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Мұнан соң облыс әкімі Жетісуда тарихы ортақ, тағдыры бір 70-тен астам ұлт пен ұлыс бар екенін, өңірде 21этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін жеткізді. Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып:- Осы ретте біздің өңіріміз үшін маңызды естелікті келтіре кетсем. Талдықорған қаласында 1991 жылы алғаш рет Жетісу халқының жиналысы өтіп, онда «ұлттық мәдени орталықтар қауымдастығы» құрылды. Еліміздегі алғашқы Достық үйі де Талдықорғанда ашылды, - дей келе Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея ардагерлеріне бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды.ҚХА ардагерлеріне, Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері менэтномәдени бірлестіктердіңөкілдеріне – жалпы саны 20-ға жуық адамғаоблыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.Бұдан соң «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шарада мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.Ассамблея мүшелері мерекеге орай өз тілектерін білдірді. Облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің жетекшісі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Гаитова:- Алғыс айту мерекесінде барша жетісулық жерлестеріме өзім секілді аналардың атынан ризашылығымды білдіремін. Ассамблеяның құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл ішінде біз достықта, берекелі ғұмыр кештік. Бұдан былай да бірлігімізді нығайтуға әрқайсымыз атсалысамыз деп сенеміз, - деді.Ассамблея ардагерлерінің бірі Раиса Чофучина да өз құттықтауын айтты:- Ассамблея – көп этносты халықты біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған аса маңызды құрылым. Біз мұнда бір-бірімізді танып біліп, бір-біріміздің салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз. Мен қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының әдет-ғұрпы жайы кеңірек біле бастадым. Бүгінгідей мереке бәрімізді біріктіре түседі. Барша жетісулықтарға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз өсіп-өркендей берсін, - деді ол.Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында көп этностыөңірдің мәдениеті мен облыстық Ассамблеяның жұмысын паш ететін 70-тен астам кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948857
Қостанайда Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтті 04.03.2025
1 наурыз күні Қостанайда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, жастар және шақырылған қонақтар бас қосты.Алғыс айту күні – бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің жарқын символы. Бұл күн – әртүрлі этнос өкілдерінің бір-біріне қолдау көрсеткені, қонақжайлылығы мен ел дамуына қосқан ортақ үлесі үшін алғыс білдіретін ерекше мейрам. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – еліміздің тарихындағы маңызды белес. Бұл институт үш онжылдық бойы халықтың бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы: 30 жылдық бірлік пен тұрақтылық1995 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған Ассамблея этномәдени бірлестіктердің өзара әрекеттесуіне, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыруға арналған бірегей алаңға айналды. Оның жұмысының нәтижесінде елімізде барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалып, қазақ тілі этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде нығайды.Осы 30 жыл ішінде Ассамблея қуатты қоғамдық институтқа айналып, ел бірлігін нығайтып қана қоймай, өз өкілдері арқылы Парламенттің заң шығару қызметіне де белсенді қатысып келеді. Оның қызметі білім беру, мәдениет, қоғамдық дипломатия және қайырымдылық салаларын қамтиды, осылайша елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасын қалыптастырады.Салтанатты жиын: құттықтаулар, марапаттар, ерен еңбекті бағалауЖиналған қауымға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзін арнап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Ол Ассамблеяның этносаралық диалог пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.– Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Барлық этнос өкілдерінің еңбегінің арқасында Қазақстан өзара түсіністік пен келісім орнаған елге айналды. Алғыс айту күні – бізге бір-бірімізді қолдаудың, жанашырлық пен сыйластықтың маңыздылығын еске салатын мереке. Дәл осы құндылықтар – қазақстандық бірегейліктің негізі, – деді өңір басшысы.Іс-шара барысында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар достастығы мен ынтымағын нығайтуға үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.Жұмысшы кәсіптері жылы: еңбек адамдарына құрметБиылғы жылы басты назар қарапайым еңбек адамдарына аударылып отыр. Олардың еңбегі үнемі көпшіліктің назарына түсе бермегенімен, ел дамуының негізгі тірегі болып табылады. 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы кәсіптері жылы деп жарияланды. Бұл – еліміздің дамуына орасан үлес қосып жүрген механизаторлар, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі.Салтанатты жиында мемлекеттік тілді еркін меңгерген жұмысшы мамандық иелері сөз сөйлеп, өз оқиғаларымен бөлісті. Олар үшін қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ел бірлігін нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.Бірлік – Қазақстанның басты байлығыКездесу соңында қатысушылар Алғыс айту күні мен Ассамблеяның 30 жылдығы – тек мерекелік дата ғана емес, қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтарды еске салатын ерекше күн екенін атап өтті. Өзара түсіністік пен келісім арқылы ғана тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізуге болады.Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Елде бейбітшілік, татулық пен достық мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/948860
Азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы (ТЖМ) 04.03.2025
2025 жылғы 28 Ақпанда азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. ОтырыстаАзаматтыққорғауоргандарықызметініңмәселелеріжөніндегіҚоғамдықкеңестің2024жылыатқарылғанжұмыстуралыесептерітыңдалып, ҚазақстанРеспубликасыТөтенше жағдайлар министрлігінің2024жылғыжұмыснәтижелеріжәнеағымдағыжылғаарналғаналдағыміндеттер туралы есебіқабылданды. Тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948868
ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ: 70-КЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ 04.03.2025
Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті. Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін консультация ала алады.Тұрғындарға жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар қызмет көрсетті.Негізгі мәселелер жер, тұрғын үй қатынастарын, жол, инфрақұрылым салаларын қамтыды. Құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақат алу жағдайлары бойынша кеңестер берді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948849
КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АУМАҒЫН ТАЗА ҰСТАУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 04.03.2025
Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер өз аумақтарын абаттандыруға және тазалық сақтауға міндетті. Қаланың көркеюі мен тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік. Осы орайда шаһарда кәсіпкерлік нысандарының аумағын таза ұстау талаптары күшейтілді. Әрбір бизнес субъектісінің айналасы абаттандырылып, санитарлық талаптарға сәйкес болуы тиіс.Осы талаптарды орындау мақсатында кәсіпкерлерге абаттандыру паспорты берілді. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық кәсіпкерлік нысан паспорттаудан өтіп, бұл жұмыс толықтай аяқталды. Аудан әкімдіктері 1 наурыздан бастап абаттандыру қағидаларының сақталуын қадағалайды. Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталған шара Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, жүзеге асырылуда.Абаттандырылған әрі таза қала – барша тұрғын үшін жайлы орта. Шымкентті көркейтіп, әсем әрі абаттанған қалаға айналдыруға бірлесе үлес қосайық!Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948852
ШЫМКЕНТ: СЕССИЯДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ 04.03.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті ХXІV сессиясында бірқатар мәселе қаралып, маңызды шешімдер қабылданды. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері мен әлеуметтік көмек көрсету жайы талқыланды.Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде бүгінде қалада қылмыстың азайғаны байқалуда. Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдау ұсынылды.Қазір қаламызда су тасқынына қарсы іс-шаралар кезең-кезеңімен іске асырылуды. Бұл бағыттағы жұмыстар қала басшылығының, төтеншеліктердің күнделікті қадағалауында.Шымкентте әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Шешім жобасы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.Сессияны қорытындылаған қала әкімі маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғысын айтып, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс жүргізуге сенім білдірді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948853
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛҒАНДАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 04.03.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын.Өткен жылы шаһарда Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 43 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік білім алғандардың 393-ы оқуын толық аяқтап, 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Қысқа мерзімді кәсіптік білім арқылы бүгінде азаматтар жұмыспен қамтылып отыр.Атап айтсақ, білім беру ұйымдарында кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді. Ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында білім алғандар бухгалтер-кассир, киім мен аксессуарларды безендіруші, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, былғары мен теріні химиялық өңдеу операторы, қолмен тоқу шебері, наубайшы, аспаз секілді 17 мамандықты үйреніп, жұмыспен қамтылды.Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің өндірістік әлеуетінің негізі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіледі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948854
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ 04.03.2025
Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада 200-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады.Қазақстан құрамасы маңызы зор бәсекеге толық құраммен қатысып, жарқын жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының үш спортшысы белдесіп, бәрі де өз салмақтарында топ жарды. 74 келіде Жұмажан Қожамбеков, 100 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров және әйелдер арасында +77 келіде Альбина Бахиева жеңімпаз атанды. Жерлестеріміздің еншісінде – 3 алтын жүлде.Шымкентте ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да аталған спортшылар алтын жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Мұзаппаров пен Қожамбеков екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Жерлестеріміз енді келесі жауапты сындарға дайындыққа кіріседі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948856