Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СЕССИЯДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ 04.03.2025
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті ХXІV сессиясында бірқатар мәселе қаралып, маңызды шешімдер қабылданды. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелері мен әлеуметтік көмек көрсету жайы талқыланды.Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде бүгінде қалада қылмыстың азайғаны байқалуда. Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдау ұсынылды.Қазір қаламызда су тасқынына қарсы іс-шаралар кезең-кезеңімен іске асырылуды. Бұл бағыттағы жұмыстар қала басшылығының, төтеншеліктердің күнделікті қадағалауында.Шымкентте әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Шешім жобасы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.Сессияны қорытындылаған қала әкімі маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғысын айтып, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс жүргізуге сенім білдірді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948853
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛҒАНДАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 04.03.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл – ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін кәсіби мамандарға көрсетілген ерекше құрмет. Жұмысшы мамандықтары – өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы маңызды буын.Өткен жылы шаһарда Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 670 тұрғын 43 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік білім алғандардың 393-ы оқуын толық аяқтап, 297-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Қысқа мерзімді кәсіптік білім арқылы бүгінде азаматтар жұмыспен қамтылып отыр.Атап айтсақ, білім беру ұйымдарында кәсіптік білім алған тұрғындар визажист, графикалық жұмыстарды орындаушы, кондитер, косметолог-эстетик, маникюр шебері, даяшы, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші секілді 26 мамандықты меңгерді. Ал жұмыс берушілердің жұмыс орнында білім алғандар бухгалтер-кассир, киім мен аксессуарларды безендіруші, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, былғары мен теріні химиялық өңдеу операторы, қолмен тоқу шебері, наубайшы, аспаз секілді 17 мамандықты үйреніп, жұмыспен қамтылды.Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің өндірістік әлеуетінің негізі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіледі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948854
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ 04.03.2025
Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада 200-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады.Қазақстан құрамасы маңызы зор бәсекеге толық құраммен қатысып, жарқын жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының үш спортшысы белдесіп, бәрі де өз салмақтарында топ жарды. 74 келіде Жұмажан Қожамбеков, 100 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров және әйелдер арасында +77 келіде Альбина Бахиева жеңімпаз атанды. Жерлестеріміздің еншісінде – 3 алтын жүлде.Шымкентте ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да аталған спортшылар алтын жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Мұзаппаров пен Қожамбеков екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Жерлестеріміз енді келесі жауапты сындарға дайындыққа кіріседі.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948856
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен татулықтың кепілі 04.03.2025
2025 жыл – еліміз үшін ұлттық мәдени мұраны сақтау, дамыту және қолдау ісінде айрықша мәнге ие жыл. Бұл – барша отандастарымыз үшін маңызды кезең, себебі біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осынау бірегей қоғамдық институт ұлтаралық келісімді нығайтуда және түрлі этностарды Қазақстан халқының біртұтас қауымдастығы етіп біріктіруде маңызды рөл атқарып келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқы – біртұтас ұлт» қағидасын дамыту жолындағы басты ұйымға айналды. Осы ретте маңызды өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан. Біздің өңір көпэтностық мәдениеттің тыныштық пен келісім жағдайында өркендеуінің жарқын бір үлгісі болып отыр. 1992 жылы Шығыс өңірінде еліміздегі алғашқы Достық үйі ашылған еді. Содан бері Шығыс Қазақстан этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерін құру ісінде көшбасшы аймақ саналады.Бүгінде Достық үйінде мәдени, ғылыми және өзге де қоғамдық маңызы зор жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында алғашқы этноауыл, «Достық керуені» жобасы, Тілдер мектебі және Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы бар. Бұл бастамалар түрлі этностардың төл мәдениетін насихаттауға ғана емес, этносаралық өзара қарым-қатынастың тиімді алаңын қалыптастыруға да ықпал етіп отыр.Шығыс Қазақстанның Достық үйі өңір халқының тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуда айырықша рөл атқарады. Отыз жылдан астам уақыт бойы бұл мекеме түрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бірігіп, ел игілігі үшін қызмет етуіне мүмкіндік беретін бірегей орталыққа айналды. Соңғы жылдары Достық үйі жастар үшін, жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін маңызды алаң болып, қоғамдық кездесулерді, пікір алмасуларды, әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасап келеді.Ассамблеядағы қоғамдық құрылымдардың табысты жұмысы – сөзіміздің айқын дәлелі. Бүгінгі таңда облыста 115 Ақсақалдар кеңесі, 114 Аналар кеңесі, Медиация орталығы және «Ассамблея жастары» ұйымы белсенді түрде қызмет атқаруда. Бұл құрылымдар жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылдарды өрістетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етіп келеді.Жастардың игі бастамаларын қолдау – Достық үйлерінің басым бағыттарының бірі. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде Жастар коворкинг-орталығы ашылған еді. Бұл орталық азаматтық белсенділер үшін, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері үшін шығармашылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналды.Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар театры жұмыс істеп тұр. Онда көпбалалы отбасылардың жеткіншектері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қонақжай отбасы» жобасы балаларды қазақи тілдік ортаға бейімдеуге бағытталған. Бұл бастама балаларға қазақ тілін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды ұлттық мәдениетпен тереңірек таныстырады, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты да күшейте түседі.Қазақ тілін сақтау мен дамыту ісіне ерекше назар аударылуда. Былтыр өңірдегі 11 Тілдер мектебінің базасында «Кел, сөйлесейік» атты қазақ тілін үйрететін 25 клуб ашылды. Олардың мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлесу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар ауылдарда 74 Қазақ тілін оқыту орталығы жұмыс істейді, алдағы уақытта олардың санын 100-ге дейін көбейту көзделіп отыр.Бұдан бөлек, облыста «Мектепішілік кіші Ассамблея» жобасы жүзеге асуда. Бұл бастама өңірдегі 64 мектепті қамтып, оқушылар арасында этносаралық диалог орнатуға ықпал етіп отыр. 2019 жылдан бері іске қосылған «Мектептік медиация қызметі» бүгінгі таңда 174 мектепте жұмыс істеп, жасөспірімдер арасындағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және әлеуметтік бірлікті бекемдеуге көмектесуде.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Достық үйлерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, этномәдени бірлестіктерді қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр. Жалақыны көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және инфрақұрылымды жақсарту үшін бөлінген қосымша қаржыландыру Достық үйлерінің қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.Достық үйлерінің елдегі тұрақтылықты сақтау және түрлі этностарды біртұтас ұлт ретінде қалыптастырудағы рөлі ерекше. Бүгінгі таңда қоғамдық бірегейлікті қалыптастыру, отансүйгіштік пен этностық сан алуандықты құрметтеу идеологиясын ілгерілету аса маңызды.Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы елімізді үлкен жетістіктерге жетелеп, этносаралық келісімді нығайту мен әл-ауқатымыздың артуына негіз қалады. Достық үйлерінің базасында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар әрбір этностың өз орнын тауып, Қазақстанның көпмәдениетті, біртұтас ұлт ретінде дамуына жағдай жасап отыр.Нұрымбет САҚТАҒАНОВ,Шығыс Қазақстан облысының әкіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/948839
Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық бағдарламасы ШОБ өсуін қолдайды 04.03.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасындағы ынтымақтастық бағдарламаларының қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. Отырысқа вице-министр Бауыржан Құдайбергенов төрағалық етті. Өз сөзінде ол елдегі шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту үшін ЕҚДБ-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. «2013 жылдан бастап біз кәсіпкерлікті қолдауға, консалтингтік сүйемелдеуге әрі жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып келеміз. «Іскерлік консультациялық қызметтер»бағдарламасы 1 800-ден астам консалтингтік жобаны қаржыландырды, бұған қоса 300-ден астам оқыту іс-шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпорындар өз кірістерін 73% ұлғайтып, жалпы өсім 673 млн еуроны құрады. 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның жартысынан астамы әйелдер қауымының үлесінде», - деп атап өтті вице-министр. 2015 жылы іске қосылған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының табысты дамуы маңызды жетістіктердің бірі болды, ол 846 кәсіпкер әйелді оқытуға ықпал етті. Нәтижесінде, бағдарламаға қатысатын компаниялардың 19,7%-ы микро-бизнестен шағын және орта бизнеске өсті. Бұған қоса, Бауыржан Құдайбергенов ынтымақтастықты 2030 жылға дейін ұзарту бірлескен жұмыстың нәтижесі мен тиімділігін растайтынын, сондай-ақ әйелдер, жастар және ауылдық аудандар арасында кәсіпкерлік әлеуетті ынталандыруды қамтитын инклюзивті экономикалық дамудың маңыздылығын атап өтті. Отырыс барысында ЕҚДБ-ның ассоциативтік директоры Симоне Зе Атанасовски 2025 жылы ЕҚДБ-ның ШОБ-ты қолдау жөніндегі жоспарларына шолу жасады. Орта бизнесті дамыту, консультациялық қолдау және кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау басты назарда. 2024 жылдың қорытындысы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерді көрсетті: консультациялық бағдарламалар шеңберінде 2380 жоба іске асырылды, оның 78%-ы табысты деп танылды. Күтілетін нәтижелерге айналымның 42%-ға өсуі, 9,5 мың жұмыс орнын құру, еңбек өнімділігінің 22%-ға ұлғаюы және экспорттың 55%-ға өсуі жатады. 2025 жылы Микробизнес арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және орта кәсіпорындардың инвестициялық әлеуетін нығайтуға басты назар аударылатын болады. Отырыс барысында вице-министр Ұлттық экономика министрлігі жұмысының жаңа тәсілдері мен экономиканың нақты секторын одан әрі дамыту, инвестициялық саясатты күшейту, сондай-ақ бизнестің өсуі мен іріленуін ынталандыру жөніндегі Үкіметтің басымдықтары туралы айтып берді. Қатысушылар сондай-ақ ШОБ-ты қолдаудың негізгі шараларын, елімізде жүзеге асырылып жатқан бюджет-салық реформасының нюанстарын талқылады. Вице-министр Үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін көтеру, тек B2C үшін бөлшек салық бойынша қызмет түрлерін қысқарту және ҚҚС бойынша есепке қою шектерін төмендету жөніндегі шаралары бюджет түсімдерінің өсуіне әкелетінін, Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, мемлекеттік қарызды және оның шығыстарын азайтуға көмектесетінін атап өтті. Қосымша кірістер инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін, қорғанысты дамытуға, инвестициялық жобаларды кредиттеуге және ТКШ мен жылу энергетикалық жүйені жаңғыртуға бағытталатын болады. Жалпы, Құдайбергенов жүргізіліп жатқан салық-бюджет реформасы отандық бизнесті қолдауды күшейтуге және инвестициялар ағынын жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Үкімет жұмысында 2025-2026 жылдары бизнес жобалары басты назарда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/948817
Астанада асық атудан қалалық чемпионат өтті 04.03.2025
Aspan спорт кешенінде асық ату спортынан Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын біріншілікке 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер қатысып, «Шеңбер» және «Бес табан» ойыны бойынша бақ сынасты.«Астана қаласының ашық біріншілігіне 11 команда, барлығы 47 ойыншы қатысып отыр. Чемпионатқа қатысуға қаламыздағы спорт кешендерінен бөлек, ағылшынша білім беретін оқу ордаларының бірі – «Қуанту» мектебі де қызығушылық танытты. Осы жарыстан жеңгендер республикалық біріншілікке жолдама алады», - деді жарыстың бас төрешісі Дулат Омаров.Жарысқа қатысушы, елордадағы №84 мектептің оқушысы Нұралхан Сағындық бұл жарыс түріне үш жылдан бері қатысып келеді, жетістіктері де аз емес.«Мен 4-cыныптан бастап асық ойнай бастадым. Ұлттық спортқа досымның шақыруымен келдім. Қазақтың ұлттық ойыны бойынша қалалық жарыстарға екі рет қатысып, екеуінде де 1-орынды жеңіп алдым. Сондай-ақ ұлттық лигада 1-орын, ал республикалық чемпионатта 3-орын иелендім», - деген ол алғашында танымал болмаған бұл спорт түрі кейін жастар арасында кең тарай бастағанын айтты.Аталған жарысқа қатысушылар арасында спорт шеберіне үміткерлер де бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948811
НАУРЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫ 04.03.2025
НАУРЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫБүгін наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. 163 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76%-ы қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады.Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Биология-Химия», яғни талапкерлердің 17,5%-ы медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсуді жоспарлаған. Ал 17,1%-ы «Математика-Физика», 10,5%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ инженерлер мен IT-мамандары.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/948812
Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізіледі 04.03.2025
Қорғаныс ведомствосы "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық актінің жобасы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 781 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді.Өзгерістер сондай-ақ Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Заңға түзетулермен белгіленді.Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен" Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде ағымдағы жылдың 14 наурызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15463557 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948801
Тәрбие қызметі саласындағы техникалық құрал, мүлік және жиынтық нормалары бекітіледі 04.03.2025
Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қорғаныс министрінің «Техникалық тәрбие құралымен, басқа да мәдени-ағарту мүлкімен және баспахананың полиграфиялық жабдығы жиынтығымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық актінің қабылдануы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 13 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15462736 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948803
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні 04.03.2025
Жыл сайын 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бастамасымен түрлі елдерде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл күн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ халық пен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын арттыруға бағытталған және жыл сайын әртүрлі ұрандармен өткізіледі. Жыл сайын Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен бұл күн жаңа ұранмен өтеді. Биылғы жылы іс-шаралар «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өтуде. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс айлығының жоспарын бекітті, ол тек мереке күні ғана емес, бүкіл наурыз айында халықты барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шараларды қамтиды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласында халықты ақпараттандыру және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Азаматтық қорғаныс жөніндегі дүниежүзілік күн аясында елдің барлық өңірлерінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, дайындық тренингтері, тақырыптық дәрістер мен ашық сабақтар, сондай-ақ ақпараттық және оқыту материалдарын тарату арқылы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл жұмыс халықтың төтенше жағдайлардағы әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948783
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан барша азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! 04.03.2025
Құрметті отандастар!ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан барша азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды.Осы мейірімділік, ынтымақ пен достықтың мерекесінде Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне үлес қосып жүрген қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/948797
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс айту күнімен құттықтауы 04.03.2025
Құрметті ақмолалықтар!Сіздерді шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!Бұл - бірегейлік пен бірліктің қазақстандық үлгісін нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және тарихи жадты сақтауға ықпал ететін маңызды мереке.Бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсете отырып, біз достық, мейірімділік және ынтымақтастық сияқты негізгі құндылықтарды насихаттаймыз.Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретіндегі өзінің маңызын іс жүзінде растайтын бірегей бейбітшілік және келісім институты өзіне жүктелген миссияны лайықты орындауда.«Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» деген дана өсиетке сай, өзінің кәсіби және азаматтық борышын адал атқарып жүрген барлық ақмолалықтарға, Қазақстан Республикасының дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысымды білдіремін.Әр отбасына бақыт, амандық, бейбітшілік тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948784
Қазақстан Энергетика министрлігі мен CNPC мұнай-газ саласындағы негізгі жобаларды талқылады 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және QazaqGaz компанияларының өкілдері қатысты.Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар стратегиялық маңызды жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда мұнай өңдеу көлемін ұлғайту үшін маңызды жобалардың бірі – Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту, мұнай-газ химиясы саласының дамуы үшін маңызды «Карбамид» жобасы, сондай-ақ елдің газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар «МаңғыстауМұнайГаз» және «Өріктау» кен орындары бойынша келісімшарттарды ұзарту, сондай-ақ табиғи газды жеткізу және тасымалдау мәселелері қарастырылды."Бұл жобаларды іске асыру Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Біз қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және бірлескен күш – жігермен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз",-деп атап өтті Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға, қосымша техникалық консультациялар өткізуге және өзара тиімді жобаларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдарды келісуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948782
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттарының үшінші күні қорытыланды 04.03.2025
Бүгін әйелдер мен жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттарының үшінші күні өтті. Спортшылардан кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында бақ сынады. Үшінші күннің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді: Әйелдер арасында:1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрама командасы3 орын - Түркістан облысы ТЖД құрама командасы Жасөспірім ұлдар арасында:1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі орындар: Әйелдер арасында:1 орын - 16,82 секунд нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы2 орын - 17,32 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы3 орын - 17,37 секунд нәтижесімен Серикханова Алла, Астана қаласы Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):1 орын - 16,99 секунд нәтижесімен Боков Никита, Шығыс-Қазақстан облысы2 орын - 18,23 секунд нәтижесімен Амангелды Алишер, Астана қаласы3 орын - 18,56 секунд нәтижесімен Шевцов Кинилл, Шымкент қаласы Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):1 орын - 18,60 секунд нәтижесімен Ефремов Назар, Астана қаласы2 орын - 19,13 секунд нәтижесімен Рыбалкин Дмитрий, Ақмола облысы3 орын - 19,79 секунд нәтижесімен Ребенок Владислав, Батыс-Қазақстан облысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948780
Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттары аяқталды 04.03.2025
Астанада ХХХІІI - ерлер, ХI - әйелдер, Х- жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың жабылуы өтті. 26-28 ақпан аралығында еліміздің әр өңірінен келген төрт жүзден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төраға орынбасары Қанат Доспаев қысқы Чемпионаттардың салтанатты жабылуына қатысты.Ол жеңімпаз спортшыларды марапаттап, олардың маңызды нәтижелерін атап өтті. Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар Чемпион атанды: Ерлер арасында1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы Әйелдер арасында:1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрама командасы3 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы Жасөспірім ұлдар арасында:1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын - Ақьөбе облысы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі қоссайыс бойынша орындар: Ерлер арасында:1 орын - 30,09 секунд нәтижесімен Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы2 орын - 30,11 секунд нәтижесімен Снегирев Дмитрий, Астана қаласы3 орын - 30,32 секунд нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы Әйелдер арасында:1 орын - 24,73 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы2 орын - 24,76 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы3 орын - 24,80 секунд нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды. Жеке жарыста жүз метрлік жолақтан өтуде үздік нәтиже көрсеткендер Чемпионатта «Алтын бұранды» номинациясымен марапатталды. «Алтын бұранды» номинациясының жеңімпаздары Ерлер арасында16,13 сек нәтижесімен Шәріпханов Ержан, Абай облысы Әйелдер арасында16,67 сек нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы Үздік спортшылар 2025 жылғы 15-18 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948781
Қазақстан ТЖМ бірінші әмбебап құтқару бөлімшесі Теміртауда ашылды 04.03.2025
  Қарағанды облысында алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және өнеркәсіп секторының өкілдері қатысты.  Жаңа бөлімше заманауи үш қабатты өрт сөндіру депосының негізінде құрылды және шұғыл әрекет ету жүйесінің маңызды элементіне айналады. Оның басты ерекшелігі — құтқарушылар өртті сөндірумен ғана емес, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізумен, сондай-ақ стратегиялық маңызды объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылаумен де айналысатын болады.  Депоны салу үшін оған арналған орынды таңдау барысында барлық мәселелер ойластырылды. Аталмыш объект тұрғын аудандар және әлеуметтік нысандармен қатар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды да қамтитындай етіп орналастырылған. Өңірдегі жетекші метталлургиялық кешеннің бірі «Qarmet» АҚ-ның «Болат департаментіне» жақындығына ерекше назар аударылды. Себебі мұнда техногендік авариялардың туындау қаупі жоғары болғандықтан, құтқарушылардың жедел әрекеті талап етіледі.  Қызметкерлер үшін қызмет өткеру үшін барлық жағдайлар жасалған: «Batyr team» ведомстволық спорт клубының заманауи жаттығу залы, психологиялық көмек көрсету бөлмесі, душ, асхана, әкімшілік кабинеттер және техникасы бар кең ангар орналасқан. Бөлімше құрамында Теміртау ТЖ басқармасының, өнеркәсіптік қауіпсіздік және авариялық-құтқару қызметтері бөлімінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ әмбебап бөлімше базасында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының филиалын құру жоспарлануда.  Рәсім барысында министр Шыңғыс Аринов құтқарушыларды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, қызметтік пәтерлердің кілттерін табыс етті.  Ведомство басшысы жобаны іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді.«Әмбебап құтқару бөлімшесін ашу – Теміртау мен оның өнеркәсіптік нысандарының қауіпсіздігін күшейтудің стратегиялық қадамы. Біздің қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен заманауи техниканың арқасында біз кез келген қауіп — қатерге тиімді жауап бере аламыз», - деп атап өтті министр.  Ашылу аясында бөлімшеге мамандандырылған техника берілді. Бұл оның ұтқырлығы мен техникалық жабдықталуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.  Әмбебап құтқару бөлімшесін құру төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартып қана қоймай, ықтимал қауіптер мен залалдарды азайтады.  Қазақстан ТЖМ елдегі қауіпсіздік деңгейін біртіндеп арттыра отырып, азаматтық қорғау қызметін нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948713
2024 жылы құрылыс материалдары өндірісіне 180 млрд теңге инвестиция бағытталды 04.03.2025
2024 жылы құрылыс материалдарын өндіру көлемі 1 336 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда (1 249 млрд теңге) 6,9 %-ға артты. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады. Саладағы өсім негізінен ескерткіштерге арналған өңделген тас өндірісінің 24,8 %-ға, минералды және шлак мақта өндірісінің 22,4 % - ға, отқа төзімді емес керамикалық кірпіш өндірісінің 7,7 % - ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.Жалпы алғанда, саладағы өндіріс көлемінің өсуі құрылыс жұмыстарының 18,5%-ға артуымен байланысты. Бұған белгілі дәрежеде инвестициялар да ықпал етті. Өткен жылы тұрғын үй құрылысына 3 542,5 млрд теңге инвестиция бағытталып, 2023 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға жоғары болған.Өндірістің ең үлкен көлемі Астана қаласына (жалпы өндірістің 13,5%), Қарағанды облысына (9,3%) және Алматы облысына (9,1%) тиесілі болды.Құрылыс материалдарының экспорты 276,3 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 11,8%-ға өсті. Экспорттың негізгі тауарларының қатарында отқа төзімді цемент, портландцемент, арматура, керамикалық оқшаулағыш бұйымдар, керамикалық плиткалар және басқа да өнімдер болды.Құрылыс материалдары өнімдерінің импорты 1 300,2 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Негізгі импорттық тауарлар қатарында цементтен жасалған бұйымдар, шлак пен минералды силикатты мақта, керамикалық плитка, портландцемент және басқа да өнімдер бар.Салаға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 180 млрд теңгені құрады. 2024 жылы Алматы облысында жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын «ТехноНиколь-Казахстан» ЖШС зауыты, Жамбыл облысында цемент өндіретін «Korcem» ЖШС зауыты, Шымкентте керамикалық плиткалар шығаратын «Wang Sheng Ceramic» ЖШС зауыты және басқа да жобалар іске қосылды.Саладағы өндіріс көлемінің тұрақты өсуіне «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/947953
Облыс әкімі су тасқынына дайындықты қатаң бақылауға алуды тапсырды 04.03.2025
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен алғашқы әкімдік отырысы өтті. Жиында су тасқынына дайындық барысы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының іске асырылуы, инклюзивті білімді дамыту, бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жайы талқыланды.Қазіргі таңда облыстың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4656 шақырымды құрайды (облыстық – 1593 шақырым, аудандық – 3063 шақырым). Осы жолдардың бойында 130 көпір мен 2102 су өткізу құбыры орналасқан. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған су өткізу құбырларының 68 пайызы тазартылған.Аймақ басшысы облыста көктемгі су тасқынына қарсы шаралар жоспары бекітілгенін, жұмыстың барлығы соған сәйкес мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Өңірдің барлық су қоймаларындағы су деңгейін жіті бақылап, су өткізу арналары, арықтар мен көпірлердің уақтылы тазалануын, су тасқыны қаупі бар аймақтардағы дамбалардың, инерттік материалдардың дайын болуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.«Көктем ерте шығады деген болжам бар. Сондықтан су тасқынына дайындықты қатаң бақылауға алыңыздар. Біздің басты мақсатымыз - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдай туындаған уақытта тез арада жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек» деді облыс әкімі.Аймақ басшысы сондай-ақ ветеринария басқармасына, қала және аудан әкімдеріне мал қорымдарының санитарлық, техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.Отырыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде облыста салынған медициналық-санитарлық нысандардың қазіргі жәй-күйі талқыланды. Облыс әкімі Құрылыс басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп медициналық нысандардағы абаттандыру және инженерлік инфрақұрылым жұмысын толық аяқтауды міндеттеді.«Аудан әкімдері жаңадан салынған медициналық нысандарды қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге көңіл бөліңіздер. Қызметтік пәтер беру кезінде денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарға басымдық беру қажет. Өйткені, қазіргі таңда қала-аудандарда 80 дәрігер жетіспейді» деді аймақ басшысы.Отырыста тиісті басқарма өкілдері облыс әкіміне өңірде инклюзивті білімді дамыту, бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды жаңғырту туралы баяндады. Аймақ басшысы Білім басқармасына ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамның толыққанды мүшесі сезінуі үшін барлық жағдайды жасауды тапсырдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/948726
Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады 04.03.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, көшелерді жарықтандыру, электр желісін тарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін ғимарат салу, мәдени нысандар санын көбейту мәселесін көтерді.Семей қаласының тұрғыны Құсмілия Нұрқасым Үржар ауылында өлкетану музейін салу жоспарланып, жобаның тоқтап қалғанын жеткізіп, көмек көрсетуді өтінді. Аягөз ауданының тұрғыны Рауза Керімова Аягөз қаласында жеке қор есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салынып жатқан ғимарат құрылысын аяқтауға жәрдемдесуді сұрады. Семей қаласының тұрғыны шаһарда кезекте тұрған көп балалы аналарға бөлінетін пәтерлер санын көбейту туралы ұсынысын алға тартты.Қабылдауға келген азаматтардың барлығына түсініктеме берілді. Облыс әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/948772
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЕКІ АПТА ІШІНДЕ САЛЫҚ СОМАСЫН ӘДІЛЕТТІ ТҮРДЕ ТӨЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды.Қаржы министрі Мәди Такиев жүргізілген талдау шеңберінде жосықсыз салық төлеушілердің салық міндеттемелерін оңтайландырудың құқықтық схемасы ретінде шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында бұрын енгізілген арнайы салық режимдерін (СРП) пайдалану фактілері анықталғанын баяндады.Бүгінде елімізде 2,3 млн салық төлеуші тіркелген. Оның 8%-ы немесе 137 мыңы ғана – ҚҚС төлеушілер. Жалпы субъектілер санының 81%-ы оңайлатылған декларацияны пайдалана отырып, арнайы салық режимінде жұмыс істейді, ал олардың 85%-ы 15 млн теңгеге дейінгі кірістерді көрсетеді.«Біз арнайы салық режимдерін қолданатын субъектілердің жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін компаниялармен өзара есеп айырысуларына талдау жасадық. Талдау көрсеткендей, мұндай режимдер арасындағы өзара есеп айырысу өткен жылы 2 есеге – 5 трлн-нан 10 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте арнайы салық режимдері бойынша 16 трлн теңгенің жалпы айналымынан жалпыға бірдей белгіленген режиммен өзара есеп айырысу 10 трлн теңгені құрайды. Яғни, жүздеген миллиард теңге табыс тауып, салық төлеушілер аз ғана салық төлейді», — деген Мәди Такиев бизнес пайдаланатын бірқатар бөлшектеу схемаларын айтты.Салықтарды оңтайландыру және пайданы азайту үшін компаниялар «құжаттық» шығындарды арттыру принципін ұстанады. Бір компания тауарларды сатып алады және оны оңтайландырылған режимде жұмыс істейтін басқа заңды тұлғаға өзіндік құны бойынша қайта сатады. Нәтижесінде, бірінші компания шығынды көрсетсе, ал екіншісі жеңілдік шарттарын пайдалана отырып, ҚҚС төлеуден жалтарып отыр. Сонымен қатар бизнесті бірнеше заңды тұлғаларға бөлу әдісі қолданылуда. Мысалы, бір мекемеде бар, асхана және караоке жеке компания ретінде тіркелген немесе қонақ үйдің әр қабаты әртүрлі жеке кәсіпкерге тиесілі. Олардың бірінің табысы 78 млн теңге шегіне жеткенде, қызметі тоқтатылады, ал оның орнына басқа заңды тұлға келіп, бұл ҚҚС төлеуден жалтаруға мүмкіндік береді.«Еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту үшін кәсіпорын қызметкерлері штаттан шығарылып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бұрынғы жұмыс берушіге жұмысшы ретінде емес, жеке тұлға ретінде қызмет көрсетеді. Тиісінше, еңбекақы төлеу қорына түсетін салық төлемдері азайып, жұмыс берушіден әлеуметтік жауапкершілік алынып тасталады, одан әрі оны кәсіпкер өз мойнына алады», — деді Мәди Такиев.Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында бөлшектеуге қарсы күрес бойынша бірқатар шара ұсынады:бизнестің бөлшектенуінің заңнамалық критерийін енгізу; салық дауларында нысаннан мәннің басым болу қағидатын енгізу; мұндай фактілерді бақылау және дәлелдеу әдістерін енгізу;жеке кәсіпкерлер үшін қызмет түрлерін шектеу.«Қаржы министрінің ақпаратынан салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлердің барын көріп отырмыз. Миллиардтаған айналыммен олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр. Экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін белгілі әрі танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар және әртүрлі компаниялар бар.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазір салық жүктемесін оңтайландырудың түрлі схемаларын қолданатын ірі компаниялардың иелері мен басшыларына қарата айтқым келеді. Бүгін-ертең сіздердің компанияларыңызға салық органдарынан қосымша салық сомаларын төлеу қажеттілігі туралы хабарламалар келіп түседі. Баршадан екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруды және әділетті салық сомасын төлеуді сұраймын.Егер бұл әрекеттер жасалмаса, онда мемлекет фискалдық және құқық қорғау органдарын қосқанда, мемлекет иелігіндегі барлық ресурстарды қолдану құқығын өзіне қалдырады.Талап қатаң болады, бірақ егер бизнес мемлекет алдындағы міндеттемесін әділетті түрде орындаса, біз диалог құруға дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948650