Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ 21.02.2025
Қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulip Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.Сонымен қатар Роман Скляр халықаралық деңгейдегі логистикалық орталық – «НМИ‑Юг» ЖШС көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Нысан әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы жанында орналасқан. Жүктерді жедел өңдеуге арналған Cross Docking жүйесі бар орталық ауыл шаруашылығы ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар өңірді қосымша 100 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған, инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайтын «Кока‑Cola Алматы Боттлерс» БК ЖШС зауыты да қаралды.Жұмыс сапарының тағы бір пункті - Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. а/к жобасын іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялады.2024 жылы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қаланың индустриалды аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқасында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938996
Қопа ауылында жаңа спорт кешені ашылды 21.02.2025
Қопа ауылында жұрт асыға күткен жаңа ангар типті спорт кешені есігін айқара ашты.Кешеннің салтанатты ашылуына арналған шара ауыл ақсақалының батасымен басталды. Ақжаулықты аналар дәстүрге сай шашу шашып, қонақтарға бауырсақ таратты. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Ауыл жастары енді спорттың түр-түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.Жаңа кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған жұртшылықты құттықтады.«Аудан спортының болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Біз Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына кәміл сенеміз.Бүгінгі қуанышты күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», – деді аудан басшысы.Жаңа спорт кешені заманауи талаптарға сай салынып, толық жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ, кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылыпты.Спортшылар волейбол, футбол және күрес алаңдарында алғашқы жаттығуларын бастап кеткен.Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов қатысып, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсанда толық аяқталды. Жобаның жалпы құны - 452,8 миллион теңге. Тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөлімі, бас мердігер – «АймарСтройСервис» ЖШС, ал техникалық қадағалаушы – «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да өз кезегінде алғыстарын білдірді. Ауыл ақсақалы Жолдас Нұрымқанов мен Бәдегүл Бұзаубаева ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, спорт кешенінің жаттықтырушысы Ұлықбек Қалиолла жаңа нысан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938995
Азиада-2025: Қай жеңіс ерекше? 21.02.2025
⛸️🥇Шорт-тректен Олимпиада бағдарламасына кіретін 5 000 метр қашықтықта ерлер құрамасы тарихи алтын медальді жеңіп алды. Жалпы қысқы Азиадаға барған 137 спортшымыздың арасынан тек Денис Никиша ғана әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген.✅🥉Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 3 дүркін әлем чемпионы Шандор Шаолинь Лю🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сунь Лун✅4️⃣Оңтүстік Кореядағы танымал қарсыластар:🥈Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Пак Чан Хёк🥇Әлем чемпионы Пак Чи Вон⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру сайысынар Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаевтың тарихи алтын медалі.✅Жарыс жолында Бейжің Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Ци Гуанпудан озды.⛸️🥈Шорт-тректен 3 000 метр қашықтықтағы әйелдер сайысының күміс жүлдесі.Жарыс жолында басты фаворит Оңтүстік Кореяны жүлдесіз қалдырды.✅4️⃣Оңтүстік Кореяның құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Сим Сок Хи🥇🥇2 дүркін әлем чемпионы Но До Хи🥇Әлем чемпионы Ким Гон Хи🥈Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ли Со Ён⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста жерлестеріміздің күміс жүлдесі.Жарыс барысында кіл мықтылардан жасақталған Қытайды жүлдесіз қалдырды.4️⃣Финалдағы Қытай спортшыларының құрамы:🥇🥇2 дүркін Олимпиада чемпионы және 8 дүркін әлем чемпионы Шаонг Лю🥇Бейжің Олимпиадасының чемпионы және 10 дүркін әлем чемпионы Фань Кэсинь🥇Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы және 9 дүркін әлем чемпионы Лим Хё Джун⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ким Джун Хоны (Оңтүстік Корея) артқа қалдырып, осы қашықтықта бірінші мәрте жүлде алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938989
Азиада-2025: Қай сайыс түрлерінде алғаш рет жүлде бұйырды? 21.02.2025
Қытай елінде фристайл-акробатикадан рекордтық 11 жүлде салынып, бірнеше жаңа дисциплиналар қосылған еді.🆕⛷️🥇Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев дәл осы сайыстан тұңғыш рет жүлде алды.🆕⛷️🥈Фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыста 15 жастағы Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Аяна Жолдас күміс медальді еншіледі.🆕⛷️🥉Фристайл-акробатикадан синхронды секіру бәсекесінен Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.🆕⛸️🥈Шорт-тректен 2 000 метр қашықтықтағы аралас командалық сайыста Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Ольга Тихонова бірінші мәрте жүлдегерлер қатарына кірді.🆕⛸️🥈Конькимен жүгіруден 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин мәреге екінші болып жетті.🆕⛸️🥉Конькимен жүгіруден командалық спринт бәсекесінде Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина үздік үштікке кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938990
ШҚО әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысында «112» пультіне 9 ауданнан 50-ге жуық қоңырау түскен.Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.Қар көшкіні, сел жүруі тіркелген жоқ. Жер сілкінісі туралы ақпарат облыс тұрғындарының назарына жеткізілді.Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындар арасында дүрбелең, толқу жоқ.Жер сілкінісі туралы ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің барлық әлеуметтік парақшаларында: Telegram, Instagram, Facebook желілерінде, сондай-ақ ШҚО ТЖД сайтында және БАҚ-та дер кезінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938980
ШҚО-да былтыр ауызсумен қамту бойынша 12 жоба жүзеге аcты 21.02.2025
Мемлекет басшысының халықты 100% таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2024 жылы ШҚО-да жалпы құны шамамен 60 миллиард теңге болатын 30 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, оның 12-сі аяқталды.Оның ішінде Риддер қаласындағы Бутаково ауылы, Алтай ауданындағы Путинцево мен Малеевск ауылдары, Глубокое ауданының Малоубинка ауылы, Күршім ауданының Барақ Батыр ауылы, Шемонаиха ауданының Убинка ауылында сумен жабдықтау нысаны салынды, Өскеменде Халықтар достығы, Рабочая көшелерінде, Глубокое ауданының Степное ауылында, Самар ауданының Самар ауылында 2 сумен жабдықтау нысаны жаңартылды, Риддердегі Ботаника-3 тұрғын ауданында, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында су бұру объектілері салынды.Сонымен қатар Риддер қаласы мен Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 2 су бұру нысаны салынды.Нәтижесінде, қосымша үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.– Жыл қорытындысы бойынша 213,8 км су құбыры желісі мен 14,5 км су бұру желісі салынып, қайта жаңартылды. Бұл су құбыры желілерінің тозуын 49,1%-ке, ал су бұру желілерінің тозуын 69,7%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 99,4% құрады», – деп мәлімдеді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Оның 28-і бойынша мердігер ұйымдар анықталды, ал Серебрянск қаласындағы су жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын толық орындау үшін 4060 адамды қамтитын 8 жобаға қосымша қаржыландыру қажет. Оның жалпы сомасы – 9,99 млрд теңге.Бұл жобалар 4 жаңа су құбыры құрылысы (Шемонаиха ауданының Большая Речка және Березовка ауылдары, Ұлан ауданының Отрадное ауылы мен Асубұлақ кенті) – 2613 адамды қамтиды. 3 қайта жаңарту жобасы (Катонқарағай, Үлкен Нарын және Бозанбай ауылдары) 999 адамды қамтиды. 1 қайта жаңарту жобасы (Өскемен қаласы) 448 адамды қамтиды.Жобаларды толық қаржыландыру Мемлекет басшысының барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар облыс басшылығы 531,6 км су құбыры желісін қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл желілердің тозуын 1,8%-ке төмендетіп, 47,3%-ке дейін жеткізуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938981
Қазақстан СІМ-де Франциямен көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары белгіленді 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Франция Ішкі істер министрінің Арнайы өкілі Патрик Стефанинимен кездесу өткізді.Тараптар консулдық-құқықтық және көші-қон салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.Ә.Бақаев Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің стратегиялық сипатын атап өтіп, француз тарапының көші-қон үрдісін басқару саласындағы күш-жігерін бағалады.Франция ІІМ өкілі заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде жас ғалымдар, мамандар мен студенттерді қолдау шараларын ұсынды. Тараптар осы саладағы өзара іс-қимылдың перспективті бағыттарын белгіледі.Ерекше назар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлінді. Қазақ тарапы іскерлік, білім беру және мәдени байланыстарды дамытуға жағдай жасайтын Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Францияның қолдауына ризашылығын білдірді.Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында қазақ тарапы инвестиция, инновация, мәдениет, спорт, ғылым және білім салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатын екі мемлекет арасындағы қызметтік сапарларды жеңілдетуге ұсынды.Кездесудің нәтижесі бойынша сұхбаттастар стратегиялық серіктестікті дамытуға және азаматтардың жұмылғыштығы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, білім беру бағдарламаларын асыруға және көші-қон саласындағы ынтымақтастықты кеңейту саласындағы бірлескен жұмыстарды атқаруға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/938974
Астанада кальян ұсынған бірнеше мекеме жауапқа тартылды 21.02.2025
Астана түнгі аралау барысында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938954
Астанада алдағы оқу жылында қанша мектеп салынады 21.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада салынатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы.Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет.Қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Егемен Қазақстан, Иманов көшелерінде орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым.Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз.Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938976
ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаева «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің жұмысымен танысты 21.02.2025
Жастар үшін ұсынылған сұранысқа ие мамандықтардың көрмесін аралады. Дания Еспаева бұл шараның кәсіби мамандар даярлауда аса маңыздылығын, мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білімді қолдау бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Айта кету керек, төрт күнде бұл ауқымды іс-шараны 40 000-ға жуық адам тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938953
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Жұмысшы мамандықтар қаласына келді 21.02.2025
Ол жұмыс алаңын аралап көріп, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ іс-шараның кең көлемде ұйымдастырылғанын және мұның түлектердің таңдау жасауына мол мүмкіндік екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938955
Жұмысшы мамандықтар қаласы алаңына энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев келді 21.02.2025
Ол энергетика және мұнай-газ секторы үшін білікті кадрларды даярлау жүргізіліп жатқан оқу алаңдарында болды. Практикалық оқытуға, заманауи жабдықтарға және оқу орындарының жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығыга ерекше көңіл бөлінді. Министрдің келуі экономиканың түрлі салаларын білікті мамандармен қамтамасыз етуде техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938957
Төрт күн ішінде «Жұмысшы мамандықтар қаласына» 40 мыңға жуық адам келді. 21.02.2025
Олардың ішінде министрлер, сенаторлар, Мәжіліс депутаттары, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларының сарапшылары мен өкілдері бар. Ең басты қонақтарымыз — балалар болды, олар жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын ұғынып, өздері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938959
Түркістан облысының Капланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі ауыл шаруашылығы үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлайды 21.02.2025
Түркістан облысының Капланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде аграрлық салада сұранысқа ие дрон операторлары оқытылады. Колледж студенттері өздерінің жобаларын «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде таныстырды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. «Бұл – өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып енгізіліп жатқан заманауи мамандықтар. Агродрондар химиялық препараттарды 20%-ға, суды 80%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, жанармай шығынын, жұмыс күшін және техниканы қолдану көлемін азайтады. Сонымен қатар, олар тұқымдарды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын біркелкі енгізуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті колледж директоры Бағлан Шығанов. Бұған дейін колледж қытайлық компаниямен меморандумға қол қойып, оның аясында мамандарды даярлау бойынша әдістемелік және материалдық-техникалық қолдау алатын болады, ал оқытушылар өндірісте тәжірибеден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938960
Көлік министрі Марат Қарабаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты 21.02.2025
Ол теміржол және авиация салалары үшін мамандар даярлайтын бейінді колледждердің жұмысымен танысып, көлік саласын дамыту үшін тәжірибеге бағдарланған оқытудың маңыздылығын атап өтті. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі жастарға болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы білуге мүмкіндік беріп, техникалық және кәсіптік білім беруді насихаттау алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938963
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде кәсіпорындар мен колледждердің 250 жаңа ынтымақтастығы құрылды - Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білімді дамыту туралы 21.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өз мәресіне жетті.Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтау сөзін арнады. Бес күн ішінде фестивальға еліміздің барлық өңірінен 50 мыңнан астам адам келіп тамашалады. Қонақтар 200-ден астам жұмысшы мамандықтарымен танысып, 8 тақырыптық көше мен 40 интерактивті алаңды аралады. Фестиваль аясында мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына ерекше көңіл бөлінді. 30 мыңнан астам оқушы кәсіби диагностикадан өтіп, өздерінің дағдылары, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтады. Бұл олардың болашақ мамандығын таңдауда аса маңызды. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі тек ауқымды шара ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда маңызды өсу нүктесіне айналды. Негізгі нәтижелердің бірі – колледждер мен кәсіпорындар арасында 250-ге жуық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жұмыс берушілердің бұл процеске белсенді қатысуы қуантады. Біздің басты басымдығымыз – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау. Бұл үшін біз бизнес-қоғамдастық және инвесторлармен өзара ынтымақтастықты арттырамыз. Осы бағытта 270-тен астам мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ колледждерге шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр», – деді Ғани Бейсембаев. Министр сөз соңында фестивальді ұйымдастыруға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлес қосқан барлық министрліктерге, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға, кәсіпорындарға, колледждерге, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғыс білдірді. Фестивальдің бес күнінде 30-дан астам кәсіптік бағдар беру шеберлік сыныптары, 70 викторина, 200-ге жуық ойындар мен квиздер ұйымдастырылып, 1000-нан астам жүлделер мен сыйлықтар ойнатылды. Арнайы дайындалған гидтер колледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін 210-нан астам экскурсия өткізді. «Бейбіт атом» шеберлік сабағы аясында балалар атом энергиясы қолданылатын салалар туралы білді, ал «Бортсерік мансабы» воркшопында «Air Astana» әуе компаниясының қызметкерлері мамандықтың артықшылықтарын, бортсеріктер мен ұшқыштарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Металлургтер көшесінде студенттер мен оқушылар геолог, геофизик, кенші, оператор рөлінде өзін сынап көрді. ERG, Kazakhmys, Qarmet сынды ірі жұмыс берушілер көрмелерін тренажер, макет, симулятор, VR-технологиялармен жабдықтап, қатысушыларға мамандықтардың қыр-сырына терең үңілуге мүмкіндік берді. IT, автоматтандыру, ғарыш саласындағы болашақ мамандықтарға арналған кең ауқымды экспозиция ұйымдастырылды. Техно-аренада технологиялық колледждер, университеттер және республикалық ғарыштық байланыс орталығы шеберлік сыныптары мен перфоманс-шаралар өткізілді. Инноваторлар мен болашақ әзірлеушілер үшін Quattuor командасы ұйымдастырған роботтар шайқасы ерекше әсер қалдырды. Айта кетсек, бүгінде Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледж 556 мың студентке білім беруде. Мемлекет басшысының қолдауымен 2023 жылдан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе өсті. Биыл сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алатын студенттер саны 153 мыңға жетеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да техникалық мамандықтарға бөлінетін болады. Фестивальдің ұйымдастырушысы – ҚР Оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктері, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен елдің ірі кәсіпорындары қолдау көрсетті. Ресми серіктестер: ERG, «Қазақтелеком» АҚ, «НК Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «KEGOC» АҚ, «SamrukEnergy» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Kazakh Tourism» АҚ, «НИТ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Kazakhmys» корпорациясы» ЖШС, «ҚаздорНИИ» АҚ, «Халықаралық әуежай» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, BI Global, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Automatic system» ЖШС, «Air Astana» АҚ, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ, Қазақстан автомобиль одағы, Құс өсірушілер одағы, Qarmet, EcoCulture – Eurasia, Allur, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Eurasia Agro Semey» ЖШС, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Сүтті және аралас тұқымды ІҚМ республикалық палатасы, BI Global, «НҰР АСТАНА ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «Барка» (Sardar Group) ЖШС, «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылар қауымдастығы» ӨЖҚ, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Қазақстан жолшылар қауымдастығы» ӨЖҚ, China Energy, «Туристік қамқор» корпоративтік қоры және басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938986
Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту: Ұлттық жобасын іске асыру семинары өтті 21.02.2025
АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек» кеңістігінде «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Абай облысы және Астана қаласының табиғи монополия субъектілері қатысты.Семинар аясында АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек», АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы», АҚ «Қазақстан даму банкі» қаржылық операторы; АҚ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» техникалық операторы; сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық жобаны дайындау және іске асыру механизмдері жөнінде түсініктемелер берді.«ҰБХ «Байтерек» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы алғы сөз сөйледі. Ол коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен саланың тұрақты дамуы үшін қаржыландырудың тиімді механизмдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Семинар аясында АҚ «ҰБХ «Байтерек» бас директоры Алия Мұрзагалиева Ұлттық жобаның қаржыландыру механизмдерінің негізгі аспектілерін таныстырды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы мемлекеттік энергия менеджменті жүйелерін қаржыландыру мәселелері қаралды, бұл туралы АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салыков баяндады. Өз кезегінде, АҚ «ҚТК» Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли жеке СЕМ-ді тікелей несиелеу құралдары арқылы қаржыландыру механизмін таныстырды.Ұлттық жоба аясында тарифтерді белгілеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тақырыпта ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Нурлан Булатбаев баяндама жасады. Жобаларды алдын ала іріктеу және техникалық сараптама механизмдері жөнінде АҚ «КазЦентр ЖКХ» департаментінің директоры Макка Шингазиева айтып берді.Семинар қатысушыларға сұрақ қоюға, өзекті мәселелерді талқылауға және сарапшылардан түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында пікірталастардың қорытындылары жасалып, жобаны іске асыру бойынша алдағы қадамдар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938948
Теміртауда Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың айналасындағы алғашқы өнеркәсіптік кластер ашылуда 21.02.2025
Qarmet креативті технологиялар орталығында Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналған «Индустриялық кластерді дамыту және ел ішіндегі құндылық» бизнес-форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – ірі бизнес пен ШОБ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, өнеркәсіп секторының дамуын ынталандыру және ел ішінде экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін жасау.Форумға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес-қауымдастық, ұлттық қорлар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Іс-шараны Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашты. Сондай-ақ қатысушылар «Qarmet» металлургиялық комбинаты на барып, өндіріс барысымен танысты.«Qarmet тігінен біріктірілген кәсіпорын екенін бәрі біледі. 2024 жылдың соңына қарай біз бұл саладағы тұрақты өсімді 9,7% деңгейінде көріп отырмыз. Бұл форум Qarmet айналасындағы шағын және орта бизнесті ірі кәсіпорын ретінде ынталандыру және дамыту үшін маңызды сәт болып табылады. Министрлік ірі компаниялар мен жергілікті жеткізушілер арасындағы өзара әрекеттесу бойынша белсенді жұмыс істеуде және біз бұл тұрақты өнеркәсіптік өсудің кілті екеніне сенімдіміз», - атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан.«Осында өңірдің және елдің экономикасын көтеріп жүрген адамдармен кездесудің тамаша мүмкіндігі болды. Қарағанды облысы – еліміздің индустриялық жүрегі, біз өңдеуші өнеркәсіптің көлемі бойынша жетекші орында тұрмыз. Өткен жылы облыста 3 триллион теңгеден астам өнім өндірілді. Біздің облыс – үлкен мүмкіндіктер аймағы, біз бизнестің өсуіне және инвестиция тартуға жағдай жасап жатырмыз», – облыс әкімі айтты.Қазіргі таңда Qarmet-пен өңірде 36-дан астам шағын және орта бизнес субъектілері өзара әрекеттеседі. Форум қатысушыларға ішкі нарықты нығайтуға, өндірісті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Qarmet бас директоры Вадим Басин өңір экономикасын нығайтуға ықпал ететін тұрақты өндіріс тізбегін дамыту, ірі бизнес пен шағын бизнесті біріктіру, цифрлық шешімдерді енгізу және өндіріс шығындарын азайту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.«Металлургия мен онымен байланысты салаларды дамыту, қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтағы ұстанымдарын нығайту және ішкі құнды құру еліміздің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының негізгі факторлары болып табылады. 2024 жылы күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан, Qarmet болат өндірісін 15%-ға арттырып, 3,5 миллион тоннаға дейін жеткізді. Бұл өсім Қазақстанды болат өндіру қарқыны бойынша әлемде 8-ші орынға шығарды. Біз 2028 жылға қарай жылына 5 миллион тонна болат шығаруды мақсат етіп қойдық. Бұл эталон өндірісті ауқымды жаңғыртуға, шығындарды оңтайландыруға, процестерді цифрландыруға және кәсіпорын айналасындағы өнеркәсіптік кластерді дамытуға негізделген», - деді Вадим Басин.Талқылаудың маңызды аспектісі шағын және орта кәсіпкерліктің алдында тұрған проблемаларға және тәжірибе мен ресурстармен алмасу үшін олардың ірі бизнес құрылымдарына интеграциялану мүмкіндіктеріне назар аудару болды. Сарапшылар өндіріс процестерін оңтайландыру және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу бойынша озық тәжірибелермен және ұсынылған шешімдермен бөлісті.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қалықов «Qarmet» компаниясының қазіргі кезеңде ұстанған бағыты көп жылдар бұрын жүзеге асуы тиіс екенін атап өтті. Алайда, бұрын, оның айтуынша, өкінішке орай, әртүрлі құндылықтар болған.«Біздің Qarmet-тің Қазақстанның 17 серпінді жобасына енгеніне өте қуаныштымын, бұл кәсіпорынның ел өнеркәсібіндегі орасан зор маңызын көрсетеді. ҚР Парламентінде өмірі өндіріспен байланысты депутаттардың бар екеніне сендіргім келеді. Біз өзекті мәселелерді білеміз және жұмысшылар мен кәсіпорындардың мүдделерін қорғауды жалғастырамыз. Біз заңнамалық бастамалар Қазақстанның индустриялық әлеуетін арттыруға ықпал ету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Арман Қалықов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938972
Азиада-2025: сколько наших спортсменов завоевали медали? 21.02.2025
Кеше ғана аяқталған Харбиндегі Азия ойындарына елімізден 10 спорт түрі бойынша 137 спортшы (72 ер, 65 әйел) барғаны мәлім.Неше жүлде бұйырды?Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қоламен жалпы есепте 4 - орын алды. Оның ішінде 85 (43 ер және 42 әйел) спортшымыз жүлде тұғырына көтерілді.Тау шаңғысы, кёрлинг, ски-альпинизм спортынан мүлде жүлде алынбады.12 жерлесіміз бірнеше медальдің иегері атанды:🥇🥈Владислав Киреев (биатлон)🥇🥈Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика)🥇🥈Әділ Ғалиахметов (шорт-трек)🥇🥈Денис Никиша (шорт-трек)🥇🥈Абзал Әжіғалиев (шорт-трек)🥈🥈Алина Ажғалиева (шорт-трек)🥈🥈Яна Хан (шорт-трек)🥈🥈Ольга Тихонова (шорт-трек)🥈🥈Малика Ермек (шорт-трек)🥈🥉🥉Аяна Жолдас (фристайл-акробатика)🥈🥉Константин Борцов (биатлон)🥉🥉Олжас Климин (биатлон)Қай облыс көш бастады?1️⃣Астана қ. -🥇17 алтын,🥈12 күміс, 🥉2 қола2️⃣Ақмола обл. - 🥇1 алтын,🥈11 мар күміс,🥉4 қола3️⃣Қарағанды обл. - 🥇1 алтын,🥈3 күміс4️⃣Шымкент қ. - 🥇1 алтын,🥈2 күміс, 🥉4 қола5️⃣Қостанай обл. -🥇1 алтын,🥉2 қола6️⃣Павлодар обл. -🥇1 алтын,🥉1 қола7️⃣Алматы қ. -🥈11 күміс, 🥉1 қола8️⃣ШҚО -🥈10 күміс,🥉2 қола9️⃣Абай обл. -🥈2 күміс🔟БҚО - 🥈2 күміс1️⃣1️⃣Алматы обл. -🥈1 күміс1️⃣2️⃣СҚО -🥉1 қола❌Маңғыстау обл.❌Жетісу обл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938916
Таза су әркімге: Абай облысы сумен 100% қамтамасыз етуге бағытталған 21.02.2025
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде елімізде қалалар мен ауылдар жоспарлы түрде таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірлері мен аудандарын таза сумен толық қамтамасыз ету қажеттігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.«Бізге ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жалпымемлекеттік бағдарлама қажет. Бақшаларды суғаруда суды ысырап етуге болмайды. Суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, ұқыпты тұтыну мәдениетін енгізу қажет. Сондай-ақ жаңа жерасты су көздерін іздеу керек»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылы Абай облысында жалпы ұзындығы 467 шақырым болатын 18 жаңа сумен жабдықтау нысаны салынды. Бұл 14 691 адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Семей қаласында Восход, Водный, Красный Кордон, Лодочный, Зағиптар қоғамы және басқа да аудандар ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жаңасемей, Абай, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарында жаңа ауылдар, оның ішінде Половинки, Ақбұлақ, Бөрілі, Ерназар, Жетіжар және басқалары қосылды.2024 жылдың соңында аймақ тұрғындарының 95,3% (бұрын 92,8%) сумен қамтылды.Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков 2025 жылдағы 26 жоба халықты таза сумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізетінін атап өтті.«100% қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін 2025 жылы 26 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның 15-і 2024 жылдан ауыспалы жоба, 11-і жаңа жоба, оның ішінде 8-і Семейде және 3-і ауылдық жерлерде. Барлық 26 жобаны іске асыру 28 511 адамды қамтиды және сумен қамтамасыз ету 100% жетеді», - деп атап өтті Димитрий Гариков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/938923