Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан мен Германия: ынтымақтастық перспективалары бойынша мазмұнды диалог 21.02.2025
Мюнхен, 2024 жылғы 16 ақпан – Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Бундестаг депутаты Робин Вагенермен (Одақ 90/Жасылдар партиясы), Германия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азиямен қоғамдық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Бундестаг делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы жетекшісі және Бундестаг депутаты Нилс Шмидпен, Германия Социал-демократиялық партиясы фракциясының сыртқы саясат жөніндегі өкілімен кездесулері өтті.Келіссөздер барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ 2024 жылғы қыркүйекте Астанада өткен «Орталық Азия + Германия» екінші саммитінің қорытындыларын талқылады.Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларацияның қабылдануының маңыздылығы жоғары бағаланды. Аталған құжат елдеріміз арасындағы кең ауқымды серіктестіктің алдағы қадамдарын айқындады. Сонымен қатар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі алаңдарының – Үкіметаралық жұмыс тобының, Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің және Берлин Еуразиялық клубы қызметінің нәтижелері қарастырылды.Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту бойынша келесі қадамдарды, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/939093
Астанадан бір түнде шамамен 23 мың текше метр қар шығарылды 21.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс жүргізіп жатыр. Қалада қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.14 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысыда 2 552 жол жұмысшысы және 1 219 арнайы техника жұмылдырылды.17 ақпанға қараған түні қар полигондарына қаладан 1 781 рейспен 23 мың текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 478 264 ауыр жүк рейсімен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939072
Хабарландыру 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.Қоғамдық кеңестің құрамы 30 адамды құрайды.Қоғамдық кеңеске кандидаттарға "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңның 10-бабында көзделген талаптар қойылады:1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.2) Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың сотталғандығы болмауы, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмауы тиіс.Сонымен бірге, республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама;5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстар тиісті хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 күн мерзімде 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ электрондық мекен-жайға: ku.elyubaev@mvd.gov.kz (Байланыс телефондары 8-7172-72-26-69) жолданады.Өтініштердің үлгілері ІІМ ресми сайтында "Қызмет/Қоғамдық кеңес" бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/939156
Қазақстанның Энергетика министрі ОПЕК+ елдерімен келіссөздер барысында қаңтарда мұнай өндіру көлемінің ұлғаюын түсіндірді 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика министрі және ОПЕК+ төрағасы, мәртебелі ханзада Абдулазиз бен Салманмен және Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары және ОПЕК+ тең төрағасы Александр Новакпен, сондай-ақ ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл-Гаиспен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.Талқылау барысында Алмасадам Сәтқалиев қаңтар айында Қазақстанда мұнай өндіруді ұлғайтуға қатысты техникалық түсініктеме берді. Министр бұл өсім Болашақ кеңейту жобасы шеңберінде Теңіз мұнай кен орнындағы жаңа үшінші буын зауытында мұнай өндірудің басталуымен байланысты екенін атап өтті. Энергетика министрі бұған дейін өндірісті ұлғайту 2025 жылдың маусым-шілде айларында басталады деп жоспарланғанын түсіндірді. Алмасадам Сәтқалиев сондай-ақ өндірістің ұлғаюы кен орнына техникалық қызмет көрсетуден және Теңіз кен орнында жаңа қайта өңдеу қондырғысын пайдалануға бергеннен кейін жүргізілген уақытша біржолғы тестілеудің нәтижесі болғанын айтты.Сәтқалиев өтемақы тетігін қоса алғанда, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өз міндеттемелерін әлі де толық ұстанатынын растады. Қазақстан Қаңтар айындағы асып кетудің орнын толтыру үшін басқа мұнай кен орындарында өндіруді қысқартуды қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындау бойынша одан әрі шаралар қабылдайды. Министр сондай-ақ Қазақстан қаңтар айында өтемақының артық өндірілуін де, орындалмаған көлемін де ескеретін жаңартылған өтемақы жоспарын ұсынатынын айтты.Төраға мен тең төраға ОПЕК+ келісіміне сәйкес міндеттемелер мен өтемақыны толық орындаудың маңыздылығын растады және нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында ОПЕК+ бірнеше елдерінің ерікті қысқартулары мен күш-жігерінің рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/939130
2025 жылы қазақстандықтарға бала тууына және бала күтіміне байланысты 80 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді 21.02.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 80,1 млрд теңгеге 170,8 мың адам қамтылды.Бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттен барлығы 6 млрд теңге сомаға 33,7 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында екені ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 3,6 млрд теңге сомасына 123 мың адам алды.Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 33,3 млрд теңгеге 23,6 мың адам алды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 714 618 теңгені құрады.Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.2025 жылы бұл төлем 24,2 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 93 740 теңгені құрады. Төлем 37,2 млрд теңге сомасында берілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939080
2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 49 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды 21.02.2025
2025 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы жалпы сомасы 49,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 604,7 мың отбасыға 43 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 241,8 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде төленді.Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939152
Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті елордадағы спорт нысандарын аралады 21.02.2025
Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.Ненад мырза алдымен 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға берілген Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие. Бұл сертификат мұнда ең жоғары деңгейдегі кез келген жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.Сондай-ақ Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлерінен (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені.«Астанаға кезекті рет келгеніме қуаныштымын! Елордаларыңыз бұрынғыдан да көркейіп, сән-салтанаты жарасқан, көз тартарлықтай әсем ғимараттармен толыға түскен. Бүгін Астананың ажарын ашып, спортты қалаға айналдырған бірнеше спорт кешенін аралап, тамаша инфрақұрылыммен таныстым. Халықаралық деңгейдегі спорт нысандары өте жоғары деңгейде, спортшылар мен жанкүйерлерге ыңғайлы етіп салынған. Бұл нысандардың кез келгені халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға қабілетті»,– деп атап өтті Ненад Лалович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939029
«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр 21.02.2025
«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Жанар-жағармай, арнайы техника және инертті материалдар қоры жасақталды. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939025
Еңбек адамы: Оразбекова Ботакөз Шолпановна 21.02.2025
Су шаруашылығында 40 жылға жуық еңбек етіп, саланы дамыту ісіне көп үлес қосқан маман.Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтында инженер-гидротехник мамандығы бойынша білім алған.Еңбек жолын 1985 жылы Талдықорған қаласындағы «Казгипроводхоз» филиалының инженері болып бастады.Білікті маман ретінде өзіне жүктелген міндеттерді асқан жауапкершілікпен атқарып, алдына қойған кәсіби мақсаттарды жоғары деңгейде жүзеге асырды.2023 жылы «Су шаруашылығының үздігі» төс белгісімен марапатталды.Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінде қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939026
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 21.02.2025
10.02.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.14.02.АСТАНА Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.13.02.ФРАНЦИЯ Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросында (BRGM) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында жерасты сулары туралы ақпаратқа, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін BDLISA дерекқорын зерттеуге баса назар аударылады.11.02.АСТАНА2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.11.02.АСТАНА«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.13.02.АСТАНА Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі аясында студенттер және мектеп оқушыларымен кездесті. Вице-министр Арал теңізі мен Балқаш көліне су жіберу, халықаралық келісімдер және су саласы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.12.02.ШҚОШығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.13.02.АҚМОЛА ОБЛЫСЫ Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, сондай-ақ жабдықтар мен арнайы техниканы дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.14.02.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939027
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 40 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ 21.02.2025
✔️Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға іссапарында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды.✔️– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды. Өңірімізде жыл сайын құрылыс қарқыны артып, көпқабатты үйлер салынуда. Бүгін қазығұрттық тұрғындар да қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды баспаналарыңызбен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.🔁Қуанышқа кенелген тұрғындар ел азаматтарына алғыстарын білдірді.✔️Бұл үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Құрылысты «Урба Стандарт» ЖШС атқарды. 1 тұрғын үйде 8 пәтерден бар. Оның ішінде1 бөлмелі 2 пәтер (36,4 м²), 2 бөлмелі 4 пәтер (59,4 және 52,2 м²) және 3 бөлмелі 2 пәтерден (74,8 м²) бар.✔️Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ, жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде ел 1174 коммуналдық үймен және 977 тұрғын ипотекалық үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939022
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 21.02.2025
✔️Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жылыжай шаруашылығының әлеуеті жоғары. Осы орайда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барып, Тұрбат ауылында орналасқан «Сайдусман ата» шаруа қожалығында болды.✔️Аталған жылыжайда жылына 600 тонна көкөніс өндіріліп, 5 млн дана көшет жерсіндіріледі. Оның ішінде 360 тонна қызанақ, 240 тонна қияр ішкі нарықта сатылымға шығарылады. Жылыжай аумағы 4 гектарды құрайды. 1 гектар жерге көшет өндіріліп, қалған 3 гектары көкөніс өсіруге бағытталған. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.📌Аралау барысында облыс әкімі жылыжай кешенінің жұмысын пысықтап, жауаптыларға агроөнеркәсіп бағытындағы жұмыстарды ширатуды жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласының үздіксіз дамуына «Ауыл аманаты» жобасы таптырмас мүмкіндік екенін айтып, өңірде егістікті әртараптандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу, жылыжай қуаттылығын арттыру бойынша мамандарға тапсырмалар берді.✔️Одан соң, аймақ басшысы Тұрбат агросекторындағы «Пасека бал» шаруа қожалығында болды. Кәсіпкерлермен кездесіп, омарта өнеркәсібін дамыту бағытында пікір алмасты. Кәсіпорынның ішкі жұмыстарымен танысты.✔️Кәсіпорында 5 мың омарта ұясы бар. Мұнда жылына 150 тонна бал өндіріліп, ішкі нарықтан бастап, көршілес мемлекет Өзбекстан мен Ресейге экспортталады. Жалпы аумағы 18 гектарды құрайтын өндіріс орнында 20 қызметкер тұрақты жұмыс істейді. Омартада бал өндірумен қатар жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған. Мұнда көкөніс және роза гүлі өсіріледі.✔️Аралаудың соңғы нүктесі Жаңабазар ауылдық орталық емханасында жалғасып, облыс әкімі мекеменің қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимарат құрылысына жауапты мамандарға басты назар сапада болу керектігін ескертті.✔️Көпфункционалды аурухана 2,2 гектар жер аумағында орналасқан. Мұнда жалпы саны 10 мың адамға медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Орталыққа 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қажетті медициналық құралдармен қамтылды. Сондай-ақ өртке қарсы дабыл тетігі, бейнебақылау жүйелері орнатылып, асфальттау, көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен бірге ішкі электр, су, кәріз, желдету және жылыту жүйелері, ішкі және сыртқы есіктері толық жаңартылған.✔️Бүгінде «Ordamed», «Казмедиал» компанияларымен жасалған келісімшарт негізінде цифрлы рентгендік диагностикалық аппарат, гинекологиялық кресло, электрокардиограф, стоматологиялық қондырғы, коагулометр және басқа да қажетті құралдар мен жаңа 4-санатты жедел жәрдем көлігімен жабдықталған. Мекеме табиғи газ жүйесіне қосылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939024
ҚАРАТАУДА 14 ОРЫНҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚ САЛЫНАДЫ 21.02.2025
Ағымдағы жылы Қаратау ауданының су басу қаупі анықталған елді мекендерінде тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ирригациялық арықтар салу жұмыстары бастау алады.Бұл жоба, әсіресе, жаңбырлы кезеңдерде су басу мәселесін шешуге, инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға, сондай-ақ аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.Арықтарды салу жұмыстардың негізгі мақсаты - жергілікті тұрғындар мен қала инфрақұрылымын су тасқынынан қорғау. Жобаның аясында ирригациялық арықтар әр түрлі ұзындықта салынатын болады. Мәселен, «Сайрам» тұрғын алабының Иіржар көшесі бойынша 260 метр арық құрылысымен қамтылады.Ал, «Мәртөбе» тұрғын алабындағы Жібек жолы көшесіне (авто жуу бекеті тұсы), «Мирас» шағынауданында Өркениет және Ажарлы көшелеріне 370 метрге арық салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабының Тағылым көшесі (бұрынғы Абай көшесі) мен Өрікзар көшелерінде 700 метрге жуық арық салынуы көзделіп отыр. Мұнымен қоса, «Сайрам» тұрғын алабындағы №139 мектепке баратын негізгі көше де осы жоспарға кіріп, 200 метрге ирригациялық арық салу қолға алынады.Тұрғын алаптағы атауы жоқ көшелерде 1700 метрге арықтың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сареми көшесінің 500 метрі де осы ауқымды жобаның бір бөлігіне айналады.Ал, «Шапағат» шағынауданындағы Шапағат көшесі бойында 50 метрлік арық салу қарастырылған. «Қайтпас» шағынауданының Академиктер қалашығының 100 метрі мен «Нұрсәт» шағынауданындағы №135 А, Б, В үйлерінің жанына 350 метр арық салынуы жоспарлануда.«Нұрсәт» шағынауданындағы Балалар ауруханасының көшесі мен «Таскен» тұрғын алабындағы Бақдәулет көшесіне 400 метр арық салу жұмыстары да бар. Ал, Таскен т.а. Байкент көшесі 100 метр ұзындыққа дейін арықталады.Сондай-ақ, «Қайтпас» шағынауданындағы Қаһарман көшесіне құдықша орнату үшін 20 метр құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.Бұл ауқымды жоба Қаратау ауданында су тасқынының алдын алу бойынша маңызды шара болып табылады. Ирригациялық арықтар салу тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдайлар жасай отырып, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосады.Жоба аяқталғаннан кейін су басу қаупі төмендеп, аудан тұрғындары үшін қауіпсіз және ыңғайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.Сондай-ақ, бұл жұмыстар ауданның инфрақұрылымын жақсарту және аумақты дамыту бағытында атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/939023
17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 21.02.2025
19-23 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогіСары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай. 17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең)Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.Өтетін орны: Монако княздігі. 19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатыЖарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея. 20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турниріБакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.Өтетін орны: Баку қ., Әзірбайжан. 20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатыБұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт. 20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионатыЖарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.Өтетін орны: Петропавл қ. 20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионатыБұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия. 21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур)Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр. 21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионатыАзия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939017
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия Кубогында 14 медальмен көш бастап тұр 21.02.2025
Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:Алтын:Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Күміс:Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;Қола:Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/939018
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің қорытындылары 21.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938997
Үздік қызметі үшін сарбаз демалыс алды 21.02.2025
Жаяу әскер жауынгерлік машинасының жүргізуші-механигі қатардағы жауынгер Шахман Мұратов Қарағанды гарнизонының 31775 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Аталған бөлімге жуырда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов барған болатын.Сарбаздармен әңгіме кезінде қорғаныс ведомствосының басшысы Шахман Мұратовтың жалпы әскери жарғылар мен қызметтік міндеттерді мінсіз білетініне назар аударды. Оның нақты жауаптарын, жинақы саптық болмысы мен командирдің оң пікірін ескере отырып, Қорғаныс министрі жігітті 10 күндік демалыспен ынталандыруға шешім қабылдады.Бұл сарбазға да, оның отбасына да нағыз тосын сый болды. Қолына гүл ұстаған жауынгер анасы және туыстарымен қауышқанда бәрі қатты таң қалды.Шахман – Бақытбек пен Роза Мұратовтың жеті баласының тұңғышы, ал отбасындағы ең кенжесі – бір жарым жаста. – Ұлымыздың әскерге барам деген шешіміне түсіністікпен қарадық. Ер адам өз бетінше маңызды шешімдер қабылдай білуі керек, – деді сарбаздың анасы.Сарбаздың әжесі Дайла Маубаева немересінің ер жеткеніне сүйініп, демалысқа келгеніне өте қатты қуанды. Сарбаздың әкесі іссапарда екен, алайда ол да ұлымен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, қорғаныс ведомствосының басшылығына ризашылығын білдірді.Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін Шахман Мұратов Қорғаныс министрлігінің "Срочники 2.0" бағдарламасы бойынша оқуға түсуді жоспарлап отыр. Мұндай мүмкіндік мерзімді әскери қызметтен кейін беріледі. Сол сияқты жауынгерлік дайындықтың үздіктері ҰБТ-ны тапсырусыз тегін жоғары оқу орнына түсу құқығын пайдалана алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/939007
ЖОСПАР 2025: ШЫМКЕНТТЕ 22 ТҰРҒЫН ҮЙ МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТЕДІ 21.02.2025
Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша 15, Тұран ауданы бойынша - 6, Еңбекші ауданында - 1 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.Айта кетейік, былтыр қаладағы 15 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады. Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-іШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938993
ЖОСПАР 2025: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР ТОЛЫҚ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ 21.02.2025
Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғылдар мен өткелдер бар. 365 көше - асфальт, 25 көше -тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда биыл 25 көшеге асфальт салынатын болады.Қала тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде 344 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріледі.Қазіргі таңда аудан аумағындағы 390 көшенің 314-і жарықтандырылған. Биыл 76 көшеге жарықшам бағаналары орнатылып, жыл қортындысымен жарықтандыру көрсеткіші 100%-ды құрайды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938994
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ 21.02.2025
Қаламызға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulip Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.Сонымен қатар Роман Скляр халықаралық деңгейдегі логистикалық орталық – «НМИ‑Юг» ЖШС көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Нысан әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы жанында орналасқан. Жүктерді жедел өңдеуге арналған Cross Docking жүйесі бар орталық ауыл шаруашылығы ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар өңірді қосымша 100 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған, инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайтын «Кока‑Cola Алматы Боттлерс» БК ЖШС зауыты да қаралды.Жұмыс сапарының тағы бір пункті - Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. а/к жобасын іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялады.2024 жылы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қаланың индустриалды аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқасында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938996