Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 100 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ 09.02.2025
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жалғасуда. Өңір басшысының тапсырмасымен Түлкібас ауданында да жобалар жоспарлануда.«Қарқын Трейд» ЖШС биылғы жылдың күз айларында Жабағылы ауылының маңынан жылына 100 мың тонна құс етін өндейтін өндірістің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.Бүгін аталған кәсіпкерлер аудан әкімі Асқар Естібаевтың қабылдауында болып, жобаны іске асыру барысын талқылады. Ауданның басты даму жоспарына енген жалпы құны 28 млрд. теңгені құрайтын жоба 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Бұл жерде өндіріс ошағы негізгі төрт бөліктен яғни, құс ұстау орны, жем шығаратын цех, балапан ашатын орын (инкубатор) және қасапханасынан тұрмақ. Кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда 268 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Кәсіпкелермен жобаны егжей-тегжейлі талқылаған аудан басшысы ол жердегі ашылатын жаңа жұмыс орындарының 95 пайызына жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды ескертті. Жауапты мамандармен осы бастан қажетті инфрақұрылыммен (су, электр желісі) қамту жағын пысықтауды тапсырды.Жоба иелерінің қосымша жер телімін қарастырып беру мәселесін назарға алып, бүгінгі таңда бөлінген 104 гектар жерге құрылыс жұмыстарын бастай беру керектігін атап өтті. Қажеттілігіне қарай қосымша жер телімі қарастырылатындығын жеткізді.Айта кетейік, өндіріс орны іске қосылған жағдайда ол жерде жұмысқа қабылданған азаматтар сол мекеме тарапынан мамандығына қарай арнайы курстардан өтеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929685
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА 09.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгін аудан аумағындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. 200-ге жуық тұрғындар мен 300-ден аса қызметкерлер және жергілікті кәсіпкерлер, 16 техника жұмылдырылған сенбілік барысында саябақтар мен гүлзарлардың, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазартылып, көшелер мен арық-атыздардан 20 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар ағаштардың түптері әктеліп, көшеттер отырғызылды. – Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, әрбір тұрғын өз ауласын, үйіргелік жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуі арқылы жыл бойы жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929687
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒАТҚА ЗИЯН КЕЛТІРГЕН 10 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ ТОҚТАТЫЛДЫ 09.02.2025
Түркістан облысының ірі өзендері мен көлдерінің су қорғауы белдеуіндегі және ауылдар мен елді-мекен аумақтарына жақын орналасқан кен орындарының жұмыстары тоқтатылуда. Қазіргі таңға дейін міндеттемелерін орындамаған 10 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылса, 2023-2024 жылдар аралығында 16 кен орнының жұмысы заң аясында тоқтатылған. Одан бөлек, 2020-2024 жылдар аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан тоқтатылған 14 кен орнының жерлері құзырлы органдармен комиссия құрылып, мемлекетке қайтарылған.Міндеттемелерін толық орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушының келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына прокурорлық сүзгіден өткізу үшін жолданды. Прокуратура тарапынан келісім берілген жағдайда аталған келісімшарттар мен лицензиялар тоқтатылмақ.Түркістан облысында карьерлерді заңсыз немесе ережені сақтамай пайдаланатындарға қарсы күрес бұрынғыдан да күшейтіле түседі. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табиғатқа зиянын тигізіп жатқан компанияларға қарсы заң аясында күресті күшейтуді тапсырды.– Жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтау мақсатында осы салаға жауапты құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Олар мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бірақ нақты шешім қабылдар сәтте жауапты мекемелер өз міндетін толық орындамай отыр. Сондықтан әр мекеме өзіне жүктелген міндетті айқындап әрі сапалы атқарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы нақты әрі батыл шешімдер қабылдануы тиіс. Табиғат зиян шекпеуі керек. Карьерлерге тұрақты түрде рейд жүргізуді тапсырамын. Заң талаптары сақталуы қажет. Мобильді топтардың жұмысын күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов пен Түркістан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов карьерлерге қатысты кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарына бақылау жүргізу барысында 65 кен орны аумағынан кемшіліктер анықталып, Экология департаменті тарапынан келтірілген залалы есептелді. Нәтижесінде 20 жер қойнауын пайдаланушы өз еркімен облыстық бюджетке 24,2 млн. теңге залал шығындарын төледі. Сондай-ақ 4 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты келісімшарттағы аумақтың тереңдігін мөлшерден асыра қазуына байланысты 37,6 млн. теңге қаржыны өндірту бойынша сотқа талап арыз жолданды. Қалған 41 жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақтан тыс қазғаны бойынша құзырлы органдарға тиісті ұсыныс берілген. 2024 жылы аудан және қала әкімдіктері, полиция тарапынан жалпы 495 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 246 ауыр жүк көлігі, 47 арнайы техника айыптұраққа қойылып, 31,1 млн. теңге айыппұл салынды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасын табады.Айта кетейік, бүгінгі таңда, облысымызда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 193 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 80 келісімшарт және 113 лицензия негізінде жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929867
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА. 09.02.2025
Былтыр Түркістан облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жұмыстары бойынша республикада бірінші орынға шықты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру арқылы өңірдегі инфляция көрсеткіші төмен деңгейде сақталып келеді. Өткен жылдың қорытындысымен инфляция көрсеткіші 7,5%-ды құраған. Бұл аппарат мәжілісінде қаралып, Түркістан облысының әкімі жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын назарда ұстаңыздар. Бағаны тұрақтандыруға қатысты іс-шаралар жүйелі, сапалы әрі тұрақты жүргізілуі тиіс. Өңірдегі әлеуметтік дүкендерге азық-түліктің уақтылы жеткізілуі қадағаланып, жәрмеңкелер тұрақты өткізілсін, – деді Нұралхан Көшеров.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияда 281 факті қаралып, әкімшілік айыппұл салу үшін тиісті органдарға жолданған. Жыл басынан бері картоптың сауда үстемесін асырудың 7 фактісі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.Жалпы алғанда, «Айналым схемасы», форвардтық келісімшарттар, қоймадағы қорларды есептегенде тұрақтандыру қорында 32 мың тонна азық-түлік бар. Маусымаралық кезеңде, бағаның тұрақсыздығы тіркелген жағдайда, жинақталған қор бағаны 6 айға дейін тұрақтандыруға жетеді.Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақтандыру үшін тауар өндірушілермен алдын ала форвардтық келісімдер жасалынды. Оның ішінде картоп бойынша қала тұрғындарының 3 айлық қажеттілігі 3 992 тонна болса, форвардтық келісім 4 309 тоннаға түзіліп (100 теңге), қамтамасыз ету 108%-ды құрап отыр. Аймақта бағаны тұрақтандыру үшін көкөніс қорын нарыққа шығару жұмыстары жалғасуда. 10 желтоқсаннан бастап 960 тонна картоп, 219 тонна қырыққабат, 250 тонна пияз, 318 тонна сәбіз нарыққа шығарылды.Түркістан, Кентау және Арыс қалаларында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар барлық аудан және қала орталықтарынан 2 әлеуметтік дүкеннен орналастыру пысықталуда. Жалпы, әлеуметтік дүкендер және әлеуметтік бұрыштардағы азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан орташа есеппен 20-30% төмен сатылуда. Жыл басынан бері Түркістан қаласының тұрғындарына 17 жәрмеңке өткізілді.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 37 мың гектарға ұлғайтылып, оны 896 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін және ерте пісетін дақылдар (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) 31,5 мың гектарға орналастырылып, одан 736 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929887
Қазақстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерде ынтымақтастықты нығайтуда 09.02.2025
Тегеран, 2025 жылғы 2 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-ші отырысының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының (ИИР) Сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен, сондай-ақ ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық пен халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабади және экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Саид Абдол Расул Мохаджермен екіжақты кездесулер өткізді.Иран Сыртқы істер министрімен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік қауіпсіздікке, экономикалық әріптестікке және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы ресми екіжақты сапарлардың егжей-тегжейлері қарастырылды.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мохаджермен өткен кездесуде сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Иран 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған екіжақты тауар айналымын арттыру, көлік-логистикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыруға дайын екенін растады.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Гарибабадимен кездесуде тараптар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, әлемдік саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі серіктестікке қатысты пікір алмасты.Барлық екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді саяси диалогты жалғастыруға және екіжақты әрі көпжақты өзара мүдделі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929917
Университет пен медианың байланысын нығайту: «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өтті 09.02.2025
Университет пен медианың байланысын нығайту: «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өттіҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ғылым және жоғары білім саласындағы баспасөз хатшыларына арналған екі күндік «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ғылым және білім саласындағы баспасөз қызметінің өкілдеріне медиа мен коммуникация саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету, тәжірибе алмасу және олардың кәсіби біліктілігін арттыру.Іс-шараның ресми ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, баспасөз хатшыларының кәсіби деңгейін көтеру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бұл жиынның маңызды алаң екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, баспасөз хатшылары қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ғылым мен білім саласындағы маңызды реформаларды халыққа дұрыс әрі түсінікті түрде жеткізуге үлкен үлес қосады.«Баспасөз хатшыларының жұмысы мемлекеттік саясаттың ашықтығын арттыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтуге ықпал етеді», – деді С.Нұрбек.Министр сондай-ақ семинарға қатысушыларға ведомствоның жұмысы, еліміздің жоғары білім және ғылым саласындағы жетістіктері, алдағы жоспарлары мен келешегі туралы айтып өтті.Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, сондай-ақ «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт сөз сөйледі.Семинарға 35 жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институттарының баспасөз қызметкерлері қатысты.PR және коммуникация саласындағы тәжірибелі маман Әсел Серікпаева «Медиаға табысты қадам: медиа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар «Әскер медиа» ЖШС директоры Дамир Аспан экстремалды жағдайда журналистермен тиімді қарым-қатынас жасау саласындағы PR құпияларымен бөлісті.Семинар-тренингтің бірінші күні Еуразия ұлттық университетінің театрландырылған қойылымымен қорытындыланды.Іс-шараның екінші күні ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті қызметкерлері PR саласындағы тұлға тақырыбы және аудиториямен жұмыс істеу тәсілдері, жоғары сапалы медиаконтент құру, ғылым мен жоғары білім саласындағы жаңалықтарды халыққа жеткізу, ақпаратқа қолжетімділікті үйлестіру және ресми сайтпен жұмыс жасауға қатысты оқыту семинарлары жүргізді. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасарлары Ақерке Абылайхан мен Жанна Есинбаева жоғары білім саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталды.Тренинг барысында қатысушылар пікір алмасып, интерактивті сессияларға қатысты. Сондай-ақ ең үлкен ЕҰУ-дың студенттер үйі, Coventry University кампусы, Maqsut Narikbayev University-ді аралады. Шара соңында сертификатты табыстау рәсімі өтті.Бұл іс-шара – Қазақстандағы ғылым және білім саласындағы медиа-коммуникациялық қатынастарды жақсартуға, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929610
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 150 ТАЛАПКЕР 130 БАЛДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ 09.02.2025
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 150 ТАЛАПКЕР 130 БАЛДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫҚаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қ. оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады.Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы «Математика-Физика» және 10,4%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген. ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929702
ЕЭК-ке үміткерлердің біліктілік іріктеуіне құжаттарды қабылдау басталды 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап біліктілік іріктеуіне үміткерлерден құжаттар мен өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды. Құжаттар мен өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) қызметкерлерінің бос лауазымдарына кандидаттарды біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ Жарлығымен).Біліктілік іріктеу ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жүргізіледі.Конкурсқа 18 жасқа толған азаматтар қатысуға құқылы:1 ) толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген кез келген нысандағы өтініш; (-лары) бос лауазымдарға орналасуға үміткер ЕЭК бөлімшелерінің (бөлімдерінің), пошталық мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмірі;2) төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариуспен немесе оқу орны бойынша ғылыми дәрежені тағайындау туралы құжаттар); , ғылыми атағы (бар болса); еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;5) ЕЭК ресми сайтында жарияланған форматқа және талаптарға сәйкес 2 (екі) фотосуреті бар үміткердің өтініші (1-қосымша).Қатысушылар құжаттар пакетін a.argyn@mti.gov.kz, the a.argyn@mti.gov.kz, the e-mail мекенжайларына жіберуі қажет іріктеуде».Бос лауазымдар туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында https://eec.eaunion.org/comission/vacancies/ бөлімінде орналастырылған.Үміткерлерді бағалаудың нысаны әңгімелесу болып табылады.Оң нәтиже болған жағдайда кандидатқа осы ЕҰ-ға ұсыным жіберіледі.Б уәкілетті орган ЕЭК бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысудың міндетті рәсімі болып табылмайды; бірақ конкурстан өткен кезде ұсынымдары бар үміткерлерге артықшылық беріледі.ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына біліктілік іріктеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің веб-сайтында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929468
Астанадан өткен түнде 45 мыңнан Астам текше метр қар шығарылды 09.02.2025
Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы, тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.3 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 642 жол жұмысшысы мен 1 811 арнайы техника жұмылдырылды.Ал 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 211 текше метр қарды 3 351 ауыр жүк рейсімен шығарды.Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4 млн 811 мың 952 текше метр қар 377 089 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929627
Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды 09.02.2025
Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929661
Астанада мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында ерекше спорттық сайыс өтті 09.02.2025
Астанадағы №73 мектеп-лицейінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жылда дәстүрлі түрде өтетін спорттық сайыс аталған мектептің 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты.«Сайыс мектебімізде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараны оқушы, ұстаз, ата-ана арасында үшжақты ынтымақтыстықта жұмыс істеудің тамаша үлгісі деп есептейміз. Жалпы бұл – 3-5 сыныптар аралығында өтетін сайыс. Бұл сайыстың бір қызығы – аналар күш сынасса, әкелер бауырсақ пісірді. Барлық қатысушы ойын арасында ошақта піскен ыстық бауырсақ пен шоқ самаурында қайнаған шайдан ауыз тиді. Мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы балалар және ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге өзіндік ықпалын тигізеді», - деді №73 мектеп-лицейі директоры Гүлшат Қалтаева.Сайыс қатысушылары эстафеталық таяқшамен жүгіру, шанамен жарыс, арқан тартыс, қол күресі және «Бауырсақ-Fest» жарысында бақ сынасты.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, Алғысхаттар мен арнайы сыйлық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929686
Астанада ерекше қажеттілігі бар жандарға қандай көмек көрсетіледі 09.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сүруіне қолайлы болуы үшін қандай жағдай жасалып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаймыз. Кездесу барысында инватакси, медициналық көмек, пандустар, инфрақұрылым және т.б. мәселелер талқыланды.Маңызды мәселе – инватакси. Жыл сайын біз арнайы техниканың санын да, қызметтерді сатып алу көлемін де арттырамыз. Сол сияқты биыл оңалтуға қажетті техникалық құралдарды (ОТК) жеке сатып алуға арналған соманы арттырамыз.Сондай-ақ, биыл тағы үш оқушылар сарайын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Олардың бәрінде бассейн болады. Аталмыш әлеуметтік нысандарға ерекше қажеттілігі бар балалар да бара алады.Былтыр жол жұмысы кезінде мүгедектер арбасына арналған 150 пандус орнатылды, сонымен қатар Тұран даңғылының бойындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне («Хан Шатыр» СОО-ға қарама-қарсы) пандустар қойылды, Бараев және т.б. көшелердің бойында орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі лифтпен жабдықталды.Бұл жұмыстың барлығы ары қарай да жалғасады. Кездесуде көтерілген мәселелер де назарға алынды», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929731
Су шаруашылығы және суару министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу 09.02.2025
30.01.ДУШАНБЕОрталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде Қазақстан биылғы көктемде 11 миллиард текше метр су аладыБұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Душанбеде өткен Орталық су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысында келісті. Түркістан облысының Сырдария өзені арқылы өтетін су қоймасы. Оның 1,6 миллиард текше метрі Арал теңізіне жөнелтіледі.28.01.АСТАНАНұржан Нұржігітов израильдік Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бүгінге дейін израильдік инженерлер 4 су қоймасын тексеріп, оларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берді.31/ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация министрлігі 5 жыл бұрын тоқтап тұрған Қызылорда су электр кешенін қайта құру жобасын аяқтады. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін гидроагрегаттың бұзылған бөліктері жөнделді және басқа да ақаулар жойылды.МАҢЫЗДЫ: Гидроагрегат Сырдарияның сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және 2 миллион гектарға жуық шөлейтті жерлерді ылғалдандыруға арналған ирригация су ресурстары бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуді жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазақстан аумағындағы 17 736 өзендер мен 2 949 шағын көлдер, Каспий және Арал теңіздерінің шекаралары, 8 су шаруашылығы бассейндері мен 77 су шаруашылығы учаскелері, 377 магистральдық каналдар, 56 тоғандар, 297 су қоймалары және 548 бөгеттер цифрландырылып, жүйеге енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929587
Каналда 19 сорғы қондырғысы ауыстырылады. Қ.Сәтпаева 09.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік әлемде теңдесі жоқ гидротехникалық құрылысты кешенді реконструкциялаудың Жол картасын әзірледі.Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Аталған үш өңірдегі өндіріс ошақтары мен шаруа қожалықтары да каналдың суын пайдаланады. Гидротехникалық нысанның жалпы ұзындығы - 458 шақырым.«Халық санының артуы және өндірістік кәсіпорындардың көбеюіне байланысты каналдың су ресурстарына сұраныс ұлғаюда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл министрлік Қ.Сәтбаев атындағы каналды кешенді жаңғырту жұмысын бастайды. Жол картасына сай, 2028 жылға дейін 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын жаңартамыз. Осының нәтижесіне сумен қамту сапасын арттырып, каналды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929593
КҮН САНЫ 09.02.2025
КҮН САНЫ  Оңтүстік өңірлерде салынатын су қоймаларының жалпы көлемі1,1 млрд м3Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929596
Қазақстан шаруалары 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді: Су ресурстары және ирригация министрі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты 09.02.2025
Әкімдіктердің дерегі бойынша 2024 жылы қазақстандық шаруалар 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Атап айтқанда, 56 мың гектар егіс алқабына табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері, 44 мың гектарға суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару жүйелері енгізілді.«Бізге берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқаны және осы бағыттағы жоспарымыз туралы халыққа есеп беру қажет деп санаймын. Ақпаратты кезең-кезеңімен жариялаймын»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Министр 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелгенін мәлімдеді. Егіс алқаптарын тегістеу суару тиімділігін арттыра отырып, суармалы суды біркелкі таратуға мүмкіндік береді.2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды.Сонымен қатар, бүгінгі таңда су үнемдеу технологиясын қолданатын дихандар суармалы су үшін аз төлейді. Себебі, су үнемдеу жүйелерін пайдалану кезінде суармалы су ақысын субсидиялау мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.Ал облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу индикаторлары белгіленді. Әкімдіктер өз кезегінде егіс алқаптарында су үнемдеу жүйелерін енгізудің 2030 жылға дейінгі жоспарын әзірлеп, бекітті.Жалпы, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының есебі бойынша су үнемдеу технологияларын пайдалану 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Қазақстанда су шашатын машиналар мен тамшылатып суару жабдығын шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Бұл ретте шетелдік кәсіпорындарды тарту бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге елімізде екі түрік және бір қытай компанияларының жаңбырлатып суару машиналарын шығаруды іске қосу бойынша үш жоба іске асырылып жатыр.Сонымен қатар, биыл Түркістан облысында қытайлық компаниялармен бірлесіп тамшылатып суару жабдығын шығаратын екі зауыт ашу жоспарланып отыр.Сондай-ақ, біздің министрлік су үнемдейтін инновациялық технологияларды сынақтан өткізуде. Мәселен, былтыр еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп мажарлық Water-Retainer препараты сынақтан өтті. Сынақ нәтижесі жекелеген дақылдар бойынша су үнемдеу және өнімділікті арттыру бойынша оң әсерін көрсетті. Алдын ала мәлімет бойынша, препаратты қолдану шамамен 20-37% су үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өнімділікті жақсартады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу қажеттігін тағы да атап өтті. Президент осыған дейін, 2023 жылғы Жолдауында елімізде жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу міндетін қойған болатын. Біздің министрлік жүзеге асырып жатқан іс-шаралар осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталып отыр»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1513Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929729
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды 09.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алды. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес. 2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында –23 жасқа дейін жүзеге асырылады. Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады. МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты. 2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады. Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп. Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/929441
Шахтинскте картингті қайта жандандыру жоспарланып отыр 09.02.2025
Шахтинскіде биыл мектеп оқушыларына арналған жаңа үйірме — автокартинг ашу жоспарланған. Жұмысшы мамандықтар жылына орай әзірленген «Тарлан» жобасына автокартодром ашу кіреді. Бұл Шахтинскінің жас тұрғындарына техникамен танысуға ғана емес, болашақта қажет болуы мүмкін дағдыларды меңгеруге де көмектеседі.Қазіргі уақытта Шахтинск қаласында 15 бейінді қосымша білім беру үйірмелері жұмыс істейді.— Біздің басты міндетіміз — балаларды ересек өмірге дайындау. Олар 7—9 сыныптарда білім беру мекемелері ұсынатын пәндер мен курстарға сүйене отырып, мамандық таңдауда бір шешімге келуі тиіс, — деп есептейді Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович. — Өңірдегі демографиялық жағдайды талдау оқушылар арасында ұлдар басым екенін көрсетті, сондықтан біз тағы бір техникалық бағыттағы үйірме ашып, картингті жандандыруды шештік. Біздің қаламызда картингпен 20 жылдан астам уақыт айналысып келген, оны дамыту үшін жақсы база мен тәжірибе бар.Соңғы жылдары Шахтинскідегі оқушылар арасында ең танымал үйірмелердің бірі —авто жүргізу. Онда айналысатындарға 18 жасқа толғаннан кейін жүргізуші куәлігін алуға құқық беретін құжаттар табысталады. Ал картинг мектеп оқушыларына ертерек бейімдеу үшін одан да көп мүмкіндіктер ашуы тиіс.Картинг ең алдымен автомобильдердің динамикасы мен құрылысының негіздерін зерттеуге көмектеседі. Бұл білім балаларға, әсіресе техникалық жоғары оқу орындарында оқуды жоспарлап отырғандарға пайдалы болады. Шахтинск қаласының 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы Қарағанды техникалық университетіне түседі.Жаңа автокартодром № 2 Оқушылар сарайының базасында орналасады. Жер мәселесі шешілді, 10 карта мен қажетті жабдық сатып алуға қаражат бөлінді. Мамандар да бар, сондай-ақ сегіз гараждан тұратын база бар. Ғимаратты жөндеу, жаңа қоршау және автодром жабынын жаңарту жоспарланған.Картинг Шахтинскіге қайтып келуі тиіс, себебі бұл спорт түрі әрдайым сұранысқа ие, ал оқушылар арасында техникалық пәндерге деген қызығушылық арта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929388
1 наурызда Қарағанды ​​облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады. 09.02.2025
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Мерейтойға арналған 50-ден астам іс-шара: форумдар, конференциялар, фестивальдар, қайырымдылық акциялар және т. б. шаралар ұйымдастырылады. Мереке 1 наурызда, Алғыс айту күні ашылады. Сонымен қатар Қайырымдылық керуені басталады, оның мақсаты әлеуметтік жобаларды қолдау, мұқтаж жандарға көмек көрсету.– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда жарияланған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бастамасы және қабылданған республикалық тұжырымдама шеңберінде өткізілетін болады. Облыста 50-ден астам ірі имидждік іс-шараларды қамтитын жоспар әзірленіп, бекітілді, – деп баяндады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.Алғыс айту күніне форум арналады. Сәуір айында облыстық ҚХА кеңейтілген кеңесі, мамыр айында Қарағанды облысының ҚХА сессиясы жоспарланған. «Өнерім саған, Қазақстан» этностар фестивалі ұйымдастырылады.Мерейтойлық датаға арналған тақырыптық мурал идеясын «Жастар ассамблеясы» өңірлік өкілдігінің белсенділері ұсынды.Қарағандылықтар республикалық меценаттар форумына, ҚХА көшбасшылар мектебіне, республикалық ҚХА аналар кеңесіне қатысады.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жерде ҚХА жетістіктері, бірлік пен толеранттылықты қалыптастырудағы бірегей қоғамдық институттың рөлі туралы айту қажеттігін атап өтті.– Бұл жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтетін жыл. Бірқатар нақты міндеттерді көздейтін мерекелеу тұжырымдамасы әзірленді. Барлық қалалар мен аудандарда тұрғындарды мерейтойлық іс-шараларға тарта отырып, сапалы жұмыс жасалуы тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929621
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 09.02.2025
Фристайл-могул: Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды.Конькимен жүгіру: Италияның Коллальбо қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Алина Дауранова үш жүлде жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын жүлдеге ие болса, 500 метр қашықтықта күміс медаль иеленді.Тау шаңғысы: Италияның Альпе Чермис-Кавалезе курортында өткен жасөспірімдер арасындағы FIS турнирінде Александра Скороходова 2-орыннан көрінді.Үстел теннисі: Қатар астанасы Дохадағы WTT Youth Contender Doha турнирінде Назерке Болатбек сәтті өнер көрсетіп, 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.Теннис: Дэвис кубогі аясындағы плей-офф кезеңінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының теннисшілері Пәкістанды жеңді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929561