Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ. 01.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы құрметті қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Олардың тілектерін мұқият тыңдап, әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.«Біз үшін ең маңызды басымдық – өңірді газдандыру және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы бағыттар бойынша жұмысымызды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, біздің барлық бастамаларымыз халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Біз тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, олармен тығыз жұмыс жасаймыз, – деді облыс әкімі.Аймақ басшысы «Арыс жылу» мемлекеттік кәсіпорнының модульдік қазандығының жұмысымен де танысты. Нысан өткен жылы толықтай жаңартылып, көгілдір отынға көшірілді. Қазандықтардың барлық технологиялық процестері толық автоматтандырылған. Қазіргі таңда «Арыс жылу» кәсіпорны арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме және 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929230
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА 01.02.2025
Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде салынып жатқан 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының даму бағытымен танысты. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ.Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге кешен жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы мал бордақылау алаңының Арыстың экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, бұл жоба облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді.Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына 15 мың бас, биыл тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады. Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4 710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жемшөп дақылдарын өсіруді жолға қоюда. Ол үшін, әлемге әйгілі ауылшаруашылық техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алуда.Бұл қадам мал бордақылау алаңын қажетті азық көлемімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде жүзеге асырылады.Жобаның жалпы құны 16,2 млрд теңгені құрайды, және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929246
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСЫ ЖӘНЕ ИРРИГРАЦИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ОБЛЫСТАРДА БОЛЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ. 01.02.2025
✔️ Министр водных ресурсов и ирригации РК Нуржан Нуржигитов прибыл с рабочим визитом в Туркестанскую область, где посетил Мактааральский, Шардаринский, Отрарский и Байдибекский районы. Он ознакомился с работой ряда объектов и встретился с местными жителями. О проделанной работе и планах в сфере водных ресурсов доложили заместитель акима области Нурбол Турашбеков и директор туркестанского филиала РГП «Казсушар» Казибек Бедебаев.✔️ В первую очередь министр ознакомился с состоянием центрального коллекторно-дренажного канала «Мырзашөл» в Мактааральском районе. Этот объект, расположенный на границе Казахстана и Узбекистана, был введен в эксплуатацию в 1930 году и предназначен для отвода дренажных вод с сельскохозяйственных угодий. Общая протяженность канала составляет 84,7 км, из которых 56,15 км проходят по территории Казахстана (в Мактааральском районе – 26,85 км, в Жетысайском – 29,30 км). Пропускная способность – 120 м³/сек. Ежегодно из Казахстана в канал «Мырзашөл» сбрасывается около 122 млн м³ дренажных вод.✔️ В Мактааральском районе Нуржан Нуржигитов провел встречу с местными жителями, где обсуждались актуальные вопросы в сфере водных ресурсов. Министр ответил на интересующие граждан вопросы.✔️ Далее рабочая поездка продолжилась в Шардаринском районе, где министр посетил водохранилище «Шардара» и ознакомился с его техническим состоянием. Пропускная способность водохранилища – 2 927 м³/сек, общий объем – 5,2 млрд м³, длина плотины – 5 км.📌 Министру также представили информацию о техническом состоянии водорегулирующего сооружения «Коксарай», введенного в эксплуатацию в 2011 году. Общий проектный объем воды – 3 млрд м³. Однако в связи с ослаблением конструкций объектов Коксарайского комплекса в настоящее время невозможно накапливать более 1,5 млрд м³ воды из-за высокого уровня грунтовых вод. В целях решения проблемы по поручению Комитета водных ресурсов РК был разработан проектно-сметный документ. Реализация проекта запланирована в три этапа.📌 В этот же день министр посетил Отрарский район, где ознакомился с работой хлопкоперерабатывающего завода «Алтын Дала Макта». Он также встретился с зарубежным инвестором Сюй Цзе и обсудил дальнейшие планы по развитию хлопковой отрасли в регионе. Инвестор намерен реализовать проект по выращиванию хлопка с использованием водосберегающих технологий на сумму 47,6 млрд тенге, что создаст около 750 новых рабочих мест. Кроме того, в Отрарском районе уже начато строительство трех заводов: двух хлопкоперерабатывающих предприятий и одного завода по производству систем капельного орошения. В рамках создания хлопкового кластера в специальной экономической зоне «Туркестан» запланировано строительство пяти заводов: текстильного, прядильного, окрасочного, швейного и предприятия по производству ПВХ-труб. Общий объем инвестиций составит 57 млрд тенге, а количество новых рабочих мест – 2 900.📌 Также министр посетил Байдибекский район, где ознакомился с ходом строительства водохранилища «Байдибек ата». На сегодняшний день работы по строительству объекта выполнены на 40%, а сооружение аварийного водосбросного канала – на 90%. В строительстве задействованы 60 рабочих и 30 единиц техники. После завершения проекта 9,7 тыс. га орошаемых земель вдоль канала будут обеспечены стабильным водоснабжением. Водохранилище строится на месте слияния рек Балабоген и Улкенбоген.📌 Ознакомившись с ходом работ в регионе, Нуржан Нуржигитов поручил акимам районов и ответственным специалистам не снижать темпы работы и поставил конкретные задачи.Пресс-служба акима Туркестанской области✔️Жұмыс сапары Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасында жалғасты. Министр нысанның техникалық жағдайымен танысып, шаруалармен кездесті. Бұл су қоймасының сыймдылығы 5,2 млрд.м3 болса, өткізгіш қабілеті – 2 927 м3/сек. Бөгеттің ұзындығы – 5 шақырым.📌Сонымен қатар министрге 2011 жылы пайдалануға берілген «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы таныстырылып, өзекті мәселелері айтылды. Нысанның жалпы жобалық су көлемі 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд.м3-тан артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.📌Осы күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Отырар ауданына іссапармен барып, «Алтын Дала Мақта» мақта өндеу зауытының жұмысын бақылады. Шетелдік инвестор Сюй Цземен кездесіп, жоспарларын тыңдады. Инвестор Түркістан облысында мақта өсіру және мақта-тоқыма кластерін құру бағытында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниетті. Ол 47,6 млрд.теңгеге су үнемдеу технологиялары арқылы мақта дақылын өсіру жобасын қолға алып, 750-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар Отырар ауданында 3 зауыттың құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, 2 мақта өңдеу зауыты және тамшылатып суару жүйесін шығаратын кәсіпорын салынады. Одан бөлек, мақта кластерін құру жобасы аясында «Түркістан» арнайы экномикалық аймағында 5 зауыт құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, жіп иіру, мата, бояу және әрлеу, тігін фабрикалары мен ПВХ құбырларын өндіретін кәсіпорны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі – 57,0 млрд.теңге. Нәтижесінде, 2900 жаңа жұмыс орны құрылмақ.📌Сондай-ақ министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысымен танысты. Нысанның құрылыс жұмыстары – 40%, апаттық ағытушы каналдың жұмыстары 90% орындалған. Құрылыс басында 60 жұмысшы, 30 техника жұмыс атқаруда. Жоба аяқталғанда каналдың бойындағы 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтамасыз етіледі. Су қоймасы Балабөген және Үлкен бөген өзендерінің қиылысқан жерінен салынады.📌Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына жұмыс қарқын бәсеңдетпеуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929272
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ 01.02.2025
✔️Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі су қоймаларының жағдайымен танысты. Министр Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар таныстырылды.✔️«Көксарай» су реттегішінің жалпы жобалық су көлемі – 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд. текше метрден артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.⤵️Түркістан облысында 16 су қоймасы бар. Онда жиналған су көлемі – 5148 млн. м3.✔️«Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Бөгеттің ұзындығы – 1,75 шақырым, биіктігі – 26 метр. Су қоймасы көктемгі тасқын суын жинап, суару маусымында «Бөген» су қоймасына қосымша су жіберетін болады. «Бәйдібек ата» су қоймасының негізгі су көзі – Бөген өзені. Гидрологиялық есептеулерге сәйкес, өзеннің орташа жылдық ағыны – 165 млн текше метрге дейін жетеді. Яғни, осы суды жинап алып, халықтың қажеттілігіне жарату өте маңызды.📌Министрліктің Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Екі нысан «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесін шешу жоспарланған.📌Облыста суармалы жер көлемін арттыру, су қоймалар мен каналдардың тиімділігін молайту, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929274
КҮН САНЫ 01.02.2025
2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес тазартылатын өзендердің жалпы аумағы814 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929221
Су сөздігі. «Жайылма» 01.02.2025
Су сөздігіЖайылма - су тасқыны немесе еріген қар суы басқан өзен бойындағы учаске. Өзендердің жайылмаларындағы жер өте құнарлы болып келеді. Бұл мал шаруашылығы үшін аса маңызды, себебі олар табиғи жем-шөп базасы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929226
Жетісу облысында өткен жылы экономиканың өсімі 114,8% құрады 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысында Жетісу облысында экономиканың өсімі 114,8% құрап, Мемлекет басшысының 6% деңгейінде тұрақты өсім қамтамасыз ету тапсырмасы орындалды. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиында айтылғандай, облыста жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 9-10% деңгейінде күтілуде. Ауыл шаруашылығында өсім - 3,0%, өнеркәсіпте - 3,4%, тұрғын үй пайдалануға беру - 15,2%, құрылыс жұмыстары 1,5 есе, сауда көлемі 1,2 есеге артты. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 313 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек жергілікті кірістер 118 млрд. теңгені құрады.Отырыста Б. Исабаев бірнеше өзекті мәселелерге назар аударды.- Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында 8 басты бағытты айқындап берді. Соның ішінде экономикалық өсім, әсіресе тартылған жеке инвестицияның көлемі халықтың өмір сүру сапасына тікелей ықпал етенінін атап өтті. Осы орайда аудан-қала әкімдері инвесторлармен нәтижелі жұмысты жолға қоюы керек. Тек орындаушы ғана емес, бастамашы болып, жауапкершілік алуға, нәтижелі жұмыс істеуге үйрену керек. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асырып, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын құру қажет, - деді Б.Исабаев.Сонымен қатар «сақалды құрылыстарға» қатысты, жосықсыз мердігерлермен келісімшартты бұзып, құрылыс нысандарын жыл соңына дейін аяқтау шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл ретте бюджеттің мақсатты әрі уақытылы игерілуі аудан-қала әкімдерінің жеке дара жауапкершілігінде екенін қадап айтты. Сондай-ақ бірқатар облыстық басқарма басшыларының баяндамасын тыңдаған Бейбіт Исабаев салаларды дамытуға қатысты олардың алдына нақты міндеттер қойды. Мәселен, құрылыста типтік жобаларды қайта пайдалану тұрақты тәжірибесін енгізу керек. Бұл әдіс бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сол сияқты білім сапасын көтеруді, колледждер түлектерін жұмысқа орналастыру ісін ілгерілетуді, өңірге жоғары білікті ІТ мамандарын тартуды тапсырды. Жиында айтылғандай, бүгінгі таңда облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе жұмыс істейді. Бұл жүйе салалар бойынша, соның ішінде әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлардың алдын алу, жол, ауыл шаруашылығы салаларын алыстан мониторингілеуге мүмкіндік береді. - Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Қысқа мерзімді индикаторларды орындау жағынан республикада екінші орындамыз. Ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын көтеру. Президенттің қойып отырған талабы да осы. Соңғы екі жылда өңірді газдандыру деңгейін 29%-дан 56,5 %-ға жеткіздік. Жыл соңында бұл көрсеткіш 72 % жетуі тиіс. Ауыз сумен қамтуға, жол жөндеуге баса назар аударылады. Облыс орталығына ерекше көңіл бөлінеді, қала бюджеті 33% артады. Талдықорғанда Смарт сити стандарты бойынша қаланың өмір-тіршілігін басқару орталығын құру жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз - қаланы қауіпсіз, жайлы, әдемі әрі жасыл қалаға айналдыру. Жалпы осы жылы бірқатар жаңа өзгерістер орын алып отыр. Инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды. Қаржы, салық саясатында жаңа енгізілімдер бар. Алдымызға қойылған міндеттерді мәслихат депуттарымен, ардагерлер ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп атқаруымыз керек, - деді Б. Исабаев.Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының әкімдігі «Үздік аудан» атанып, трактор сыйға тартылды. Үздік мекеме ретінде «Жетісу» телеарнасы танылып, арнаға жаңа студия жабдықтары берілді. Өз кезегінде құрылыс басқармасы үздік басқарма атанды. Бұдан бөлек, өз салалары бойынша тиімді басшылық жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дауталинов, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Әпеков, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Сатанов «Адал қызметі мен еңбегі үшін» арнайы алғыс белгісі табысталады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/929236
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛДЫ 01.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында, Абай ауданы, «Ақжайық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Құрылыс басқармасының басшысына барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін айтты. Бюджеттік тұрғын үй құрылысы белгіленген кестеден кешікпеуі тиіс.Әрі қарай Тұран ауданы, «Айқап-Түркістан» шағынауданындағы кәріз жүйесінің құрылыс барысын бақылады. Биыл екінші жартыжылдықта шағынаудан тұрғындары толықтай кәріз жүйесімен қамтылады. Қала тұрғындарының жайлылығы үшін және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында құрылыс аяқталғаннан кейін абаттандыру жұмысын жүргізіп, жолды асфальттауды тапсырды.Сонымен қатар, қала басшысы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға құрылысты ерекше бақылауға алып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.Бұдан бөлек, аралау барысында «Шымкентцемент» ЖШС-нің қызметімен танысты және «Shegen» сауда үйінің көпсалалы жиһаз цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған, жылына шамамен 130 мың дана жиһаз өнімін шығарады. Мұнда медициналық және білім беру мекемелеріне арналған технологиялық жиһаз, спорттық құрал-жабдықтар, ас үй жиһазы және зертханалық жабдықтар өндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/929092
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Ақбар Джоукармен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында тараптар көлік, логистика және авиация салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, елдер арасындағы көлік дәліздерін кеңейту мен транзиттік маршруттарды жетілдіруге ерекше назар аударды.Анықтама: 2024 жылғы 19 шілде күні Ақтау қаласында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту бойынша 2024 – 2025 жылдарға арналған төрт жақты Жол картасына қол қойылды.Жол картасындағы барлық шараларды жүзеге асыру «Солтүстік – Оңтүстік» маршрутының өткізу қабілетін 20 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/929136
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні: QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарға 15% жеңілдік ұсынады 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2025 жылдың 1-2 ақпан аралығында арнайы науқан жариялайды. Тек 1-2 (қоса алғанда) ақпан аралығында сіз әуекомпанияның сайтында субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттар бойынша тарифтен 15% жеңілдікпен билеттерді сатып ала аласыз. Саяхат кезеңі: 2025 жылғы 3 ақпаннан 25 қазанға дейін (қоса алғанда).Сонымен қатар, 1-2 ақпан аралығында әуекомпанияның IQ Bonus жолаушыларды ынталандыру бағдарламасына тіркелу кезінде 500 емес, 2000 сәлемдесу бонустары есептеледі. Бұрында тіркелген қатысушылар үшін 1000 бонус қосылады. IQ Bonus жолаушыларды ынталандыру бағдарламасына осы сілтеме арқылы тіркеле аласыз. Қосымша ақпаратты әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан немесе +7 727 3561414 байланыс орталығының номеріне хабарласу арқылы алуға болады.Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келетінін атап айту керек. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қарағанды – Түркістан, Жезқазған – Қарағанды жаңа рейстері іске қосылды. Астанадан Павлодар мен Түркістанға ішкі рейстер жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/929152
Қазақстан СІМ басшысы Жапония Премьер-Министрінің арнайы өкілімен кездесу өткізді 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 31 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапония Премьер-Министрінің арнайы өкілі Акихиса Нагашиманы қабылдады.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқылады.2025 жылы бірлескен іс-шараларды дайындауға, оның ішінде Астанада «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Министр Қазақстан Азиядағы маңызды әріптес болып табылатын Жапониямен екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға зор мән беріп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындық расталды.«Жапонияда экономиканың түрлі секторларында сұранысқа ие озық технологиялар мен инновациялар бар. Біз ынтымақтастықты кеңейту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Тараптар энергетика, экология және аса маңызды мминералдарды өндіру салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілік білдірді, бұл өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне ықпал ететін болады.А.Нагашима өз кезегінде Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін орнықты мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.1993 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері жапондық компаниялар Қазақстан экономикасына 8 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды. 2024 жылы Жапониядан тікелей инвестиция көлемі 6%-ға өсіп, 300 млн АҚШ долларынан асты. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың 11 айында 1,6 млрд АҚШ долларын құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/928975
АЛМАТЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ТӨМЕНГІ АЯҚТЫҢ АУЫР ИШЕМИЯСЫ БАР НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫАЛМАТЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ТӨМЕНГІ АЯҚТЫҢ АУЫР ИШЕМИЯСЫ БАР НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫ 01.02.2025
Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері төменгі аяқтың ишемиясы бар науқасты құтқардыОрталық қалалық клиникалық ауруханаға іштің аортасының және төменгі аяқтың барлық магистральды артерияларының ауыр окклюзиясы бар 73 жастағы науқас түсті. Амбулаториялық емге қарамастан, оның жағдайы нашарлады-ауыр ишемиямен байланысты аяқтың ауыруы пайда болды.«Біз аортобифеморальды протездеуді жасадық-іштің аортасының зақымдалған аймағын ауыстыру және төменгі аяқтың артерияларындағы қан ағымын қалпына келтіру операциясы. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, аяқтың артерияларындағы импульс айқын және ол босатуға дайындалып жатыр» - деді қан тамырлары хирургі Әлішер Әбжапаров.Аортобифеморальды протездеу-бұл төменгі аяқтың қанмен қамтамасыз етілуін қалпына келтіруге, гангренаның дамуын болдырмауға және пациенттің қозғалу мүмкіндігін сақтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық тамырлы араласу. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде орындалды, ал оның құны шамамен 1 млн 300 мың теңгені құрайды. МӘМС жүйесінің арқасында пациент қажетті жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін алды.Уақтылы хирургиялық араласу ауыр асқынулардың алдын алып, науқастың өмір сүру сапасын сақтап қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/928713
РАК - ҮКІМ ЕМЕС: УАҚЫТЫНДА скринингтен өту МАҢЫЗДЫ 01.02.2025
Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) енгізілген. Осылайша, барлық онкологиялық науқастар – Қазақстан азаматтары міндетті медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан онкологиялық ауруларды тегін емдеуге құқылы.Мемлекет онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, диагностикалауды және емдеуді төлейді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында пациентке ештеңе төлеудің қажеті жоқ.Егер пациент онкологиялық немесе гематологиялық аурумен ауырады деген күдік болса, алғашқы медициналық-санитариялық жүйеде «Жасыл дәліз» бағыты енгізілді. емделушілерге 18 жұмыс күні ішінде консультация және тексеру алуға мүмкіндік беретін көмек (емханалар) .Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі қолжетімді:1) Сүт безі обырына скрининг ( 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда бір рет)2) Жатыр мойны обырына скрининг (30-70 жас аралығындағы әйелдер, 4 жылда бір рет)3) Колоректальды обырға скрининг (50 жастан асқан ерлер мен әйелдер). 70, 2 жылда бір рет).Онкологтар қазақстандықтарды емханаларда тұрақты түрде тегін онкологиялық скринингтен өтуге шақырады.Егер қатерлі ісікке күдік болса, Егер сізде ауру болса, дереу жергілікті емханаға, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіздегі онкологиялық диспансерге (онкологиялық диспансерге) хабарласуыңыз қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/928923
Қостанай облысында 2024 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешеннің қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған жоспарлар белгіленді. 01.02.2025
Қостанай облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы басқармасының алқа отырысы өтіп, оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Отырыста агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) өткен жылғы жұмысының қорытындылары талқыланып, саланы одан әрі дамыту перспективалары айқындалды.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауРеспублика Президентінің. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттарын атап өтіп, пайдалы дақылдарды өсірудің, шикізатты сақтау мен терең өңдеудің, экспортты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы биылғы жылы егіс жұмыстарына 700 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлуді тапсырды. Сонымен қатар, 2024 жылы агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемі екі есеге ұлғайтылды.2023 жылы Қостанай облысында ауыл шаруашылығын дамытуға 175 млрд теңге бөлінді, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық. . «Кең дала 2» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы шаруаларды қолдауда, жылына 5 пайызбен қолжетімді несие беруде, сондай-ақ «Даму» қорының несие сомасының 85 пайызына кепілдік беруде маңызды рөл атқарады.Өндірісті әртараптандыру – бұл тұрақты дамудың кілтіОблыс әкімі ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, шаруа қожалықтарының тұрақтылығы тек егін шаруашылығымен ғана емес, мал шаруашылығын дамыту арқылы да қамтамасыз етіледі. Бүгінде облыстағы ет-сүт өнімдерінің едәуір бөлігі шетелден әкелінеді. 2023 жылы облысқа 8,5 мың тонна ет өнімдері және 3,6 мың тонна сүт және сүт өнімдері әкелінді. Жергілікті шаруалардың міндеті – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін өз өнімі арқылы қамтамасыз ету.Облыста мал шаруашылығын дамыту үшін сүт-тауарлы фермалардың құрылысы белсенді жүргізілуде. 2028 жылға қарай сүт өндіру көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайтатын 30 жаңа сүт фермасы іске қосылады деп жоспарлануда. Осылайша, жылына 91 мың тонна сүтті қажет ететін «Милх» ЖШС жаңа зауытын толық қамтамасыз ету үшін осындай 20-ға жуық шаруашылық қажет.Жерді тиімді пайдалану және тыңайтқыштарды қолдануЖерді ұтымды пайдалану ресурстар тиімді ауыл шаруашылығының маңызды факторларының бірі болып табылады. Құмар Ақсақалов атап өткендей, оңайлатылған «егу және жинау» схемасы бойынша жұмыс істеу мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен АӨК рентабельділігін арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды белсендірек пайдалану қажет. 2024 жылы облыста 337 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланса, оның 150 мың тоннасын ауылшаруашылық кәсіпорындары егіс басталғанға дейін сатып алуы тиіс.Отандық тыңайтқыш өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға ерекше назар аударылуда - ҚазАзот және Қазфосфат. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелер бірінші кезекте аталған кәсіпорындардың өткен жылғы өнім бойынша берешегін өтеуге бағытталуы тиіс.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуметтік жауапкершілігіАуылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Облыс әкімі жұмысшылар мен ауыл тұрғындарына жайлы өмір сүруге жағдай жасай отырып, әрбір кәсіпкер өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі қажеттігін баса айтты.2023 жылы Қостанай облысында ауылдық елді мекендерге 70-тен астам кірме жол, сондай-ақ 371 көше жөнделді. 108 ауылда. Биыл 103 елді мекенде 80-нен астам кіреберіс жолды және 382 көшені қалпына келтіру жоспарлануда. Сумен қамту бағдарламасы аясында өткен жылы 15 ауыл орталық жүйеге қосылып, 41 елді мекенге су тазарту блогының модульдері орнатылды. 2024 жылы бұл бағдарламаны жүзеге асыру жалғасады – жалпы құны 12 млрд теңгеге жуық 39 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығын абаттандыруда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өздері маңызды рөл атқарады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2023 жылы рұқсат етілмеген 354 полигон жойылып, 327 саябақ абаттандырылып, 201 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.Облыс әкімі шаруаларды еңбекшілердің еңбек жағдайына, ауылдық елді мекендерді абаттандыруға көбірек көңіл бөлуге шақырды. Мемлекет тиімді қызмет жасап қана қоймай, жерлестерінің қамын ойлайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.НәтижелеріҚостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының алқасы облысты дамытудың негізгі мәселелерін талқылаудың маңызды алаңына айналды. облыстың агроөнеркәсіп кешенінің. Салаға мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда, бірақ ресурстарды ұтымды пайдалану, өндірісті әртараптандыру және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімділігін арттыру басты міндет болып қала береді.«Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бізде барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Сондықтан, қазір біздің басты міндетіміз – жұмыс істеп, барлық жоспарларды жүзеге асыру», - деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/929175
Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаланды 01.02.2025
Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараны Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928673
Оңалту және дамыту: «Нұрлы жүрек» орталығында ерекше балаларға қандай көмек көрсетіледі 01.02.2025
Елордада стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Орталық ауыр соматикалық бұзылыстармен, церебральды сал ауруымен, әртүрлі көріністердегі эпилепсиямен, хромосомалық аурулармен, аутизммен, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстарымен және психикалық ауытқулары бар психикалық дамуы тежелген балаларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мекеменің қамқорлығындағылар жасына, жынысына, психикалық және дене дамуының ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Мекеме 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, білім беру, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық және экономикалық.Орталықта аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған мамандандырылған кабинет, сенсорлық кабинет, Монтессори кабинеті, тігін, ағаш және металл өңдеу шеберханалары, лекотека, СБО кабинеттері, компьютерлік кабинеттер, ойын лабиринт кешендері, жаттығу терапиясы кабинеттері, физиотерапия, және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған галотерапия (тұзды шахта).Ғимараттардың аумақтары заманауи ашық спорттық құрал-жабдықтармен және антивандальды ойын кешендерімен, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталған.Орталық студенттері Spesial Olimpics, «Жұлдыз-ай», «Арман асулары» сияқты қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене қатысады. Соңғы 10 жылда Олимпиада спортының әртүрлі түрлерінен 115 алтын, 90 күміс және 95 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928671
Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр 01.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қалада су тасқынына қарсы белсенді жұмысты жалғастырамыз. Коммуналдық қызметтер 4,5 млн текше метрден астам қар шығарды.Қазіргі уақытта жыл басынан бері арық-науа желісінің 11,5 мың погонды метрі тазартылды, 8 640 погонды метр коллекторлар, 428 бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы жуылды, станциялардағы бірнеше сорғы жабдығы ауыстырылды және т.б.Сол сияқты Есіл өзенінің арнасына реконструкциялау (су реттейтін бөгет, 5-кезек) жүргізілді; нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз қосылуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жеке тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізілуде және т.б.Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге, су өткізу құрылыстарын тазартуға, нөсерлі кәріз жүйелерін салуға ерекше назар аударылады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929196
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында Марат Ахметжанов Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапионның қайғылы қазасына байланысты митрополит Александрға көңіл айтты.«Серапион Владыка біздің өңірімізде конфессияаралық келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Ол епархияда 10 жылдан астам қызмет етіп, тек прихожандар мен дін қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары мен басқа конфессия басшыларының да құрметі мен сеніміне ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы облыс әкіміне қиын сәтте білдірген қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтты. Митрополит Александр архиепископ Серапионның адамдарға қызмет етуге және қоғамның рухани негіздерін нығайтуға өз өмірін арнаған көрнекті рухани тәлімгер болғанын атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар конфессияаралық келісім, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және өңір игілігіне бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамалар мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929093
Ерболат Досаев Digital Almaty форумында инновациялық әзірлемелермен танысты 01.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысып, оның барысында қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс- қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.Айта кетерлігі, Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ долларын құрады, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. 2 049 жұмыс орны құрылды.Мегаполисте Almaty Cyber Games (ACG) жобасы сәтті дамып келеді, оның мақсаты - Алматыны өңірдегі киберспорт пен ойын индустриясының басты орталығына айналдыру. 2024 жылы ACG International Tencent Games 2024 бірлескен халықаралық турнирі өтті.Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929122
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары - Мирас Төлебаев: Лудоманияға қарсы күрес мақсатында былтыр ойын бизнесі және лотерея салаларында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды 01.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаевтың баяндамасы басталды.«Лудоманияға қарсы күрес мақсатында былтыр ойын бизнесі және лотерея салаларында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды. 8 кодекс пен 14 заңға букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеуді, мемлекеттік қызметшілер мен борышкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды, ойын бизнесі субъектілерінің жауапкершілігін күшейтуді, онлайн-казинолар пайдасына транзакцияларды бұғаттауды көздейтін 150 түзету енгізілді.Түзетулер қазақстандықтардың мүдделері мен денсаулығын қорғауға, жауапты ойын мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр. Шілде мен қыркүйек аралығында ойын бизнесі субъектілеріне, отандық БАҚ-та және мемлекеттік органдарға заңның жаңа нормалары түсіндірілді. Жарты жылдың ішінде новеллалар өздерінің өзектілігін дәлелдеді».«Материалдық берешегі бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталуда.Борышкерлерден бәсті қабылдау 80 фактісі бойынша 5 букмекерлік кеңсеге қатысты әкімшілік іс қозғалды, 1 субъект жауапқа тартылды. Борышкерлерден бөлек 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды».«Қызметті автоматтандыру әрі шектеу мерзімін ұзарту өзін-өзі шектегендердің санын 3 мыңнан 188 мың адамға дейін ұлғайтты. Азаматтардың өтініштері бойынша өзін-өзі шектеу мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. 12 мың азамат жаңа норманы пайдаланып, өздерін бір жылдан астам мерзімге шектеді. Қазіргі уақытта букмекерлік кеңселердің клиенттерін өзін-өзі шектегендер тізімімен автоматты түрде сәйкестендіру бойынша пилот іске асырылуда».«Азаматтардың бәс тігуге қатысуын бақылауды бірыңғай есепке алу жүйесі атты төлем және мониторинг платформасы қамтамасыз етеді. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен және букмекерлердің электрондық кассаларымен интеграцияланады. Букмекерлік кеңсенің әрбір клиенті жүйеде бақылаудан өтеді. 21 жасқа толмаған тұлғалар, өзін-өзі шектегендер, борышкерлер және мемлекеттік қызметшілер бәс тігуге қатыстырылмайды.Сонымен қатар есепке алу жүйесі букмекерлік кеңселердің қаржылық айналымын бақылау арқылы мемлекеттік кірістер мен қаржы мониторингі органдарының жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек есепке алу жүйесі интернетте мониторинг жүргізіп, интернет-казинолар туралы мәліметті автоматты түрде Ақпарат министрлігіне жолдайды. Жүйені биыл іске қосу жоспарлануда».«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Комитет құрылғанға дейін заңсыз лотереялармен ешкім айналыспағанын атап өту керек. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз».«Комитеттің тапсырысы бойынша құмар ойындарға құштарлықтың себептері мен ауқымын түсінуге арналған алғаш республикалық әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Зерттеу 18 бен 65 жас аралығындағы 6 мың респондентті қамтыды. Талдау нәтижелері наурызда жарияланады.Педагогтар мен психологтардың қатысуымен лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, республикалық семинар өткізілді, мұғалімдер мен ата-аналар үшін Министрліктің сайтында қолжетімді бейнесабақтар дайындалды. Әзірленген әдістеме негізінде Оқу-ағарту, Ақпарат, Жоғары білім және Қорғаныс министрліктері ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізуде».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928436