Жаңалықтар
Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады 27.05.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады. Онда су құбырын орнату, газбен қамту, жер телімін рәсімдеу, автомобиль жолын салу, балабақшаны ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша сауалдар қойылды. Жауапты мамандар түйткілдердің мән-жайын түсіндіріп, қабылдау барысында оны шешу жолдары қарастырылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Қонаев қаласының тұрғыны 2023 жылы жер телімін сатып алған. Бірақ рұқсат құжатын алмай жатып, үй салған. Бұл қаланың бас жоспарына сәйкес келмейтіндіктен тұрғыннан жер телімін қайтару талап етілген. Марат Елеусізұлының айтуынша, жер әлі игерілмесе, басқа аумақтан жер телімі берілуі мүмкін. Ал егер үй салынып қойған болса, оны бұзбай, қалдыру мүмкіндігін қарастыруға болады. Дегенмен аймақ басшысы құжаттарды толық рәсімдемей, үй салу заңға қайшы әрекет екенін баса айтты.Жамбыл ауданынан келген азамат «Ұзынағаш – Күрті» автомобиль жолының тозуы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға және күнделікті көлік қозғалысына қиындық келтіріп жатқанын жеткізді. Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл «Ұзынағаш – Күрті» автомобиль жолының 47-64 шақырымы және 64-71 шақырым аралығындағы учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша құжаттама әзірленген. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда мердігер анықталып, құрылыс жұмысы басталады.Талғар ауданы Көктал ауылы «Ай-Абылай» ықшам ауданының тұрғыны ауызсу және жол мәселесі бойынша туындаған қиындықтарды айтты. Жауапты мамандардың хабарлауынша, былтыр аталған шағын ауданда газ жүйесі орнатылған. Ал биыл ауызсу желісін тарту бойынша бюджеттен қаражат бөлінген. Яғни биыл ауызсу мәселесі шешіледі. Ал жол салу жұмысы келесі жылы басталады. Себебі қазіргі таңда ауданда сараптаманың оң қорытындысын алған 250 шақырымға жуық жол бар. Ал тұрғындар атап өткен Мәметова көшесіндегі 1200 метр жолдың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Марат Елеусізұлы тасжол төселгенше оқу жылы басталғанда оқушылардың мектепке барып-келуіне ыңғайлы жағдай жасалып, ал су қысымының тұрғындарға жеткілікті болуына назар аудару керегін айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1229086?lang=ru
Еділ Оразов: өнегелі өмір жолы 27.05.2026
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қарулы күштердің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының бастығы отставкадағы генерал-майор Еділ Оразовтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерейтой иесін құттықтауға Қорғаныс министрлігінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, елордалық әскери колледждің оқытушылары мен кадеттері, сондай-ақ туған-туыстары мен жақындары жиналды.Қарулы күштер Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов өз сөзінде Еділ Оразовтың ел алдындағы еңбегіне ерекше тоқталды.– Еділ Лұқпанұлы әрдайым принципшілдігімен, жауапкершілігімен және Отанға адал қызметімен ерекшеленді. Ол әскери қызметшілердің бірнеше буыны үшін офицерлік абырой мен патриотизмнің нағыз үлгісіне айналды, – деді генерал-майор Асан Жүсіпов.Мерейтой иесіне жылы лебізін отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев та білдірді. Халық қаһарманы Еділ Оразовтың өмір жолы әскери борыш пен таңдаған мамандыққа адалдықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті.– Сіздің саналы ғұмырыңыз Қарулы күштердің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналды. Бұл – елге сіңірген зор еңбек, – деді генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та мерейтой иесін құттықтап, ардагердің әскери білім мен ғылым саласындағы еңбегін жоғары бағалады. Осы орайда Еділ Оразовқа университеттің «Күлтегін» медалі табыс етілді.Өз кезегінде Еділ Оразов қорғаныс ведомствосының басшылығына, әріптестеріне, туған-туыстары мен жақындарына көрсеткен құрметі мен ыстық ықыласы үшін алғысын жеткізді.– Өмірдегі ең басты құндылық – халықтың құрметіне ие болу, еліңе адал қызмет ету және қоғамға пайдаңды тигізу, – деді ардагер.Салтанатты жиынның мерекелік көңіл-күйін Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарлама толықтырды.Еділ Лұқпанұлының әскери қызметтегі жолы – кәсібилік пен табандылықтың айқын үлгісі. Ол Энгельс жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесінің курсантынан бастап, жетекші әскери оқу орындары мен қорғаныс ведомствосының маңызды құрылымдарын басқарды.Әр жылдары бірқатар өңірлерде әскери комиссар қызметін атқарған ол Қарулы күштер Әскери академиясын, Ұлттық қорғаныс университетін, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын басқарды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы болды.Бұдан бөлек, Еділ Оразов Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілі ретінде Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасында әскери атташе қызметін атқарды. 2018 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасын басқарып келеді.Еділ Лұқпанұлының ел қауіпсіздігін нығайтуға және әскери білім беру саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ол II дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірқатар ведомстволық медальдармен наградталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1229083?lang=ru
Академиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды 27.05.2026
Бразилия, 2026 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Даниель Франко атындағы Бразилиялық институттың директоры, профессор Фабрицио Роша мырзамен кездесті.Әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария және мал шаруашылығының гендік инженериясы салаларындағы академиялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жолға қою мәселелері, сондай-ақ аталған бағыттар бойынша кадрлар алмасу мен кәсіби даярлау мәселелері талқыланды.Сұхбаттасушы Бразилиялық институттың ауыл шаруашылығы зерттеулері, мал шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында әлемнің шамамен 22 елімен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады. Осыған байланысты ол аталған бағыттар бойынша Қазақстанның ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстар орнатуға мүдделік танытты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1229043?lang=ru
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық талқыланды 27.05.2026
Бразилиа, 2026 ж. 26 мамыр – Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Аугусто Билли мырзамен кездесті.Келіссөздердің негізгі тақырыбы ү.ж. 11 мамырда Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бразилияның Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және жеткізу федералды министрлігі арасында қол қойылған Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды іс жүзінде жүзеге асыру болды.Тараптар, екі елдің тиісті министрліктері мен агенттіктерінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы салалық қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдерін қамтитын екі ел арасында бірлескен Жұмыс тобын құру мүмкіндігін талқылады.Топ өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша тікелей келіссөздер жүргізетін болады. Атап айтқанда, талқылаулар Бразилиядан Қазақстанға тірі ірі қара мал мен сиыр етін тікелей жеткізуді жолға қою, бірлескен асыл тұқымды мал өсіру орталықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылығы шаруашылықтарын, арнайы ірі қара мал түрлерін өсіруге арналған генетикалық технологиялық зертханаларды ашу, жем өндірісін (соя, рапс, жүгері) ұйымдастыру, Бразилия ауыл шаруашылығын зерттеу корпорациясы EMBRAPA мен Қазақ ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығы (NASEC) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тағы басқа мәселелерді қамтыды.Осы мақсаттарға жету және Меморандумды жүзеге асыру үшін бразилиялық тарапқа 2026-2027 жж. арналған іс-қимылдар мен бірлескен іс-шараларды көздейтін өзара іс-қимыл Жол картасын әзірлеу және қол қою ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1229046?lang=ru
"KazAID" Құрбан айт мерекесімен құттықтайды! 27.05.2026
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі сіздерді қастерлі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және әр шаңыраққа бейбітшілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1229075?lang=ru
Қазақстан мен Таиландтың алғашқы сауда-экономикалық миссиясында 101 млн АҚШ долларына келісімдер жасалды 26.05.2026
2026 жылғы 25 мамырда Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық миссиясы өтті. Іс-шара екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және тай серіктестерімен тікелей іскерлік байланыстар орнатуға бағытталды.Сауда-экономикалық миссия Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі делегациясының Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы мен THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысуы аясында өтті. Сапар бағдарламасына іскерлік кездесулер, бизнес-форумға қатысу, B2B-келіссөздер, сондай-ақ халықаралық көрмені аралау кірді.Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, Таиланд сауда палатасы, даму институттары, салалық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар өзара сауданы кеңейту, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны дамыту, электрондық коммерция, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Таиланд нарығында өткізу және ілгерілету мәселелерін талқылады.Қазақстан делегациясының құрамында мемлекеттік органдардың, даму институттарының өкілдері және экспорт көлемін ұлғайтуға, жаңа серіктестер табуға, сауда арналары мен тай компанияларымен бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі 20 отандық компания болды.Бангкокта өткен сауда-экономикалық миссия Қазақстан мен Таиланд арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға бағытталған маңызды практикалық қадам болды. Іс-шара екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей диалог орнатуға, нақты жеткізу мүмкіндіктерін талқылауға, серіктестік байланыстарды кеңейтуге және қазақстандық өнімдерді Таиландтың сауда желілеріне шығаруға мүмкіндік берді.Форум барысында Таиландтың Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы перспективалы сауда-экономикалық серіктестердің бірі екені атап өтілді. Ал Қазақстан Азия, Орталық Еуразия және Еуропа арасындағы маңызды транзиттік-логистикалық торап ретінде қарастырылып, сауда мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға зор әлеуетке ие ел ретінде бағаланды.Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты сауда тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрап, 7,9%-ға өсті. Қазақстанның Таиландқа экспорты 6,3 есеге артып, 38,6 млн АҚШ долларына жетті.2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында тауар айналымы 77,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,2%-ға артты. Қазақстанның Таиландқа экспорты 22,1 есеге өсіп, 27,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін көрсетеді.Сауда-экономикалық миссия аясында қазақстандық және тай компаниялары арасында B2B-кездесулер өтті. Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу, ұзақмерзімді іскерлік байланыстар орнату, дистрибуция арналары мен бірлескен бизнес-бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады.Форум қорытындысында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Таиланд сауда палатасы (The Board of Trade of Thailand) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуға, іскерлік ақпарат алмасуға, Қазақстан мен Таиланд компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен сауда-экономикалық бастамаларды дамытуға бағытталған.Сонымен қатар іс-шара қорытындысы бойынша бизнес өкілдері арасында жалпы сомасы 101 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар экспорттық жеткізілімдерді дамытуға, іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге және екі ел компаниялары арасындағы практикалық өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.Қазақстан тарапы отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін таныстырды. Делегация құрамында азық-түлік және агроөңдеу саласындағы компаниялар, оның ішінде ұн, макарон өнімдері, бакалея, ет, сүт, кондитерлік және функционалдық өнімдер өндірушілері, сондай-ақ сусындар, жеңіл өнеркәсіп, дизайнерлік киім, парфюмерия мен косметика, IT және цифрлық шешімдер, цифрлық инфрақұрылым, мұнай-химия және тұрмыстық химия салаларындағы кәсіпорындар болды.«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қазақстандық шикізаттық емес экспортты сыртқы нарықтарға ілгерілету жұмыстарын жалғастырып келеді. Сауда-экономикалық миссиялар отандық экспорттаушыларды қолдау құралдарының бірі болып саналады және шетелдік сатып алушылармен, дистрибьюторлармен, сауда желілерімен және салалық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға ықпал етеді.Бангкокта өткен сауда-экономикалық миссия Қазақстан мен Таиланд арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және қазақстандық өнімдерді Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына ілгерілетуге қосымша мүмкіндік жасады.Анықтама үшін:THAIFEX – Anuga Asia — Азиядағы азық-түлік, сусындар, HoReCa, food service, ритейл және сабақтас салаларға арналған ірі халықаралық көрме алаңдарының бірі. Қазақстан делегациясының Бангкоктағы іс-шараларға қатысуы отандық өнімдердің Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы үлесін кеңейтуге және шетелдік серіктестермен тұрақты іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1229025?lang=ru
ЭШФ АЖ 26.05.2026
ҚР ҚМ МКК Сіздің назарыңызға, ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу және электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру қағидаларына сәйкес ТІЖ және ЭШФ жаңа нысандары әзірленгенін хабарлайды. Қазіргі уақытта аталған нысандар «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің тестілік серверінде қолжетімді https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443.Сонымен қатар, аталған нысандарды іске асыру барысында келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:ТІЖ нысанында G-G10 бөлімдеріндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді және G6, G7, G10 бөлімдеріне «Тауар коды» өрістері қосылды.ЭШФ нысанында:- G бөліміндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді;- «В» бөліміндегі «Жеткізуші санаты» өрісінен «Жеке сот орындаушысы», «Медиатор», «Нотариус» санаттары алынып тасталды;- «С» бөліміндегі «Жеткізуші санаты» өрісінен «Адвокат», «Жеке сот орындаушысы», «Медиатор», «Нотариус» санаттары алынып тасталды;- жаңа өріс қосылды;- «Шарт бойынша төлем талаптары» өрісі «Есеп айырысу тәсілі» өрісіне ауыстырылды - аталған өріс ЭШФ қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылуға тиіс.Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда аталған өзгерістерді есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз.Әзірлеуші жиынтығы (ТІЖ, ЭШФ нысаны бойынша жаңартулары бар SDK) келесі сілтеме бойынша жүктеуге қолжетімді https://kgd.gov.kz/.../files/ftpdata/ESF/esf-sdk-311225.rar.Пайдаланушы нұсқаулығымен МКК сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1.ТІЖ, ЭШФ нысанындағы өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1228611?lang=ru
Балық аулау туризмін дамыту: сарапшылар мен балықшылармен ашық диалог 26.05.2026
Шығыс Қазақстанда балық аулау туризмін дамыту үшін бірегей әлеует бар. Өңір аумағында ірі су айдындары, көлдер, өзендер мен су қоймалары орналасқан, олар тек балық аулау нысандары ғана емес, сонымен қатар толыққанды туристік тартымдылық орталықтарына айнала алады.Бұл перспективаны талқылауға мемлекеттік органдардың , ШҚО спорттық балық аулау федерациясының өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіби балықшылар бірікті.Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл саладағы негізгі табыс тек балық аулаудан емес, кешенді қызметтерден қалыптасады: орналастыру, тамақтандыру, жалға беру, фестивальдер, отбасылық демалыс және оқиғалық туризм.Әсіресе қысқы балық аулау туризмін дамыту перспективалы бағыт болып табылады, ол төмен маусымда орналастыру орындарының жүктемесін қамтамасыз етіп, облыс аудандарына қосымша туристер ағынын қалыптастыра алады.Спорттық және әуесқой балық аулауды дамыту, балық аулау туризміне арналған аумақтарды айқындау және оны дамыту тәсілдері, іс-шаралар мен жарыстар өткізу бойынша нақты ұсыныстар енгізіліп, проблемалық мәселелер талқыланды.«Балық аулау туризмінің өңір экономикасы үшін әлеуеті зор, алайда оны дамыту су айдындарының биоалуантүрлілігін сақтай отырып және экологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылаумен теңгерімді түрде жүзеге асырылуы тиіс», — деп атап өтілді отырыс барысында.Алғашқы қадам — ШҚО туристік сайтындағы ақпаратты жаңарту және туристік өнімді қалыптастыру бойынша ұсыныстар жинау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1228630?lang=ru
Соңғы қоңырау күні Тарелочка көлінде ерекше шара өтті 26.05.2026
Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылып, ересек өмірге жол ашқан ерекше әрі толқынысқа толы күн өтті.“Әуежай” шағын ауданы мектептерінің түлектері Тарелочка көлінде бас қосып, жаңа өмір кезеңінің басталуын бейнелейтін әсерлі шараға қатысты. Іс-шара аясында көлге екі ақ аққу жіберілді.Жас түлектерге алдағы өмір жолында үлкен мақсаттар, батыл армандар мен лайықты жеңістер тілейміз.Айта кету керек, бүгінде Тарелочка көлі айтарлықтай жаңарды. Мұнда су қоймасын тазарту және тереңдету жұмыстары аяқталып, көл суға толтырылды. Алдағы уақытта аумақты абаттандыру, көгалдандыру, кіреберіс аркасы мен балалар ойын алаңын жаңарту жұмыстары жалғасады. Тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін көл аумағына бейнебақылау камералары орнатылады.Жаңартылған демалыс орны тұрғындар үшін тағы бір көрікті әрі тартымды орынға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1228661?lang=ru
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауы 26.05.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25-26 мамырында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының облыстық кезеңін өткізді.Байқаудың мақсаты: заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.Байқауға түскен қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары; кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттері; «Заманауи педагог қандай болуы керек?» тақырыбындағы эссе бағыттары бойынша қаралды. Сонымен қатар жұмыстардың мазмұнының байқау бағыттарына сәйкестігі, өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығына баса назар аудара отырыла, қазылар алқасының шешімі негізінде төмендегідей жүлдегерлер анықталды: Бас жүлде - Шехавцов Илья Максимович (Глубокое ауданы);І орын – Бочарова Юлия Вячеслововна (Өскемен қаласы), Дүтбаева Талшын Ермекқызы (Зайсан ауданы);ІІ орын - Ержанова Аяулым Ержанқызы (Өскемен қаласы);ІІI орын - Қожрайымов Әділет Қатиятұлы (Үлкен Нарын ауданы), Ибраимова Асель Бауржановна (Катонқарағай ауданы), Мүтәләпова Жұлдыз Ерланқызы (Күршім ауданы). Жеңімпаз Шехавцов Илья Максимовичтің (Глубокое ауданы) жұмысы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1228698?lang=ru
Биыл аймағымызда 113 мыңнан астам оқушы білім алды 26.05.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2025-2026 оқу жылының аяқталуы және каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Облысымызда мектеп оқушыларының саны артуда. Мысалы 2022 жылы 111 мың бала оқыса, биыл 113 мыңнан астам оқушы білім алды.Оқушылар саны артқан сайын, түлектердің саны да өсуде. Биыл 11-нші сыныпты 5 213 оқушы аяқтайды, бұл 2022 жылға қарағанда шамамен 900 оқушыға артық.«Алтын белгіге» 231 түлек, ал үздік аттестат алуға 302 оқушы үміткер. 4 мыңнан астам оқушы Ұлттық тестті тапсыруды жоспарлап отыр, бұл өткен жылға қарағанда 10%-ке көп. Отандық жоғарғы оқу орындарында білім алғысы келетіндер санының өсіп жатқаны байқалады. Төрт жыл бұрын оқушылардың 52%-і елімізде білім алса, 2025 жылы - 63% (2022 ж. – 2263 бала, 2025 ж. – 2993 бала). Жыл сайын мемлекеттік грант саны көбеюде. 2022 жылы 1 131 бала грантпен түссе, 2025 жылы 1 485 түлек грант ұтып алды, өсім 31,3%.«Мемлекет Басшысы «Білім мен ғылым – әлемді өзгертуге қабілетті қозғаушы күш», – деп атап өткен болатын.Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналуда. Елімізде шетелдің үздік университеттердің 30-дан астам филиалы ашылды. Түлектерде елімізден кетпей, шетелдік білім алуға мүмкіндік бар. Әр жетістіктің артында оқушы мен ұстаздың еңбегі жатыр. Сондықтан біз балалардың еңбегін бағалап қана қоймай, оларға қолдау көрсетуіміз қажет.», – деді аймақ басшысы.Биыл облысымыздың қоржынында 86 медаль бар, оның ішінде 17 халықаралық және 69 республикалық олимпиада медалі. Халықаралық олимпиадаларда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 8 медальмен көш бастады. «Озат» лицейі мен Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейі бір-бір медальдан иеленді. Халықаралық жобалар конкурстарында Ы. Алтынсарин атындағы гимназия, Қостанай қаласындағы «Озат» лицейі және Рудный қаласындағы №10 гимназия жүлделі орындарға ие болды.«Мектеп бітіру іс-шараларын өткізуге ерекше назар аудару қажет. Олар мектеп форматына сай ұйымдастырылуы тиіс.Түлектер кеші балалардың жадында жылы әрі есте қаларлық оқиға болып қалуы керек, артық шығындар мен қауіп-қатерге себеп болмауы тиіс. Ең бастысы, бітіру іс-шаралары балалар үшін ұйымдасқан, мәдениетті және ең маңыздысы — қауіпсіз түрде өтуі қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1228700?lang=ru
2026 жылы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийге жолдаманы қалай алуға болады: 26.05.2026
Қарапайым нұсқаулық Егер сізде мүгедектігіңіз болса және жеке абилитация, оңалту бағдарламасында «Санаторий-курорттық емдеу» түрі көрсетілген болса — мемлекет жылына бір рет санаторийге баруыңызды төлейді. Бұрын әкімдікте кезекке тұру керек болатын, ал 2026 жылы барлығы интернет арқылы жасалады.Міне, қадамдық жоспар:1-қадам. Дәрігерге бару (070/у нысаны)Алдымен өз емханаңыздағы терапевтке жүгініңіз.«Маған санаторий үшін 070/у анықтамасы керек» деп айту қажет.Бұл не үшін қажет? Дәрігер сізге қандай ем түрі қажет екенін жазады (мысалы, буындарға немесе жүрекке арналған). 2-қадам. Өтініш беру«Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметіне өтінішті:1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО);2.Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (қалалық басқармалар), аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бөлімдері (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері);3.«Электрондық үкімет» веб-порталы;4.Ұялы байланыс құрылғысы арқылы беруге болады.Егер проактивті қызмет арқылы рәсімдесеңіз, өтініш берудің қажеті жоқ. 3-қадам. «Әлеуметтік қызметтер порталына» кіруСіз санаторийді aleumet.egov.kz сайтында өзіңіз таңдайсыз.Қалай кіруге болады? Ең оңайы — телефондағы eGov Mobile қосымшасы арқылы (сайттағы QR-кодты сканерлейсіз).• Қайдан табуға болады? Жеке кабинетте «Санаторий-курорттық емдеу» бөлімін көресіз. 4-қадам. Ең жақсы санаторийді таңдауАлдыңызда Қазақстандағы санаторийлер тізімі ашылады (Сарыағаш, Бурабай, Алматы және т.б.).Рейтингке қараңыз: Әр санаторийде «жұлдызшалар» мен пікірлер бар — оларды оқып шығыңыз.• Күндерді тексеріңіз: Сізге ыңғайлы айды таңдаңыз.• Қосымша төлем: Егер қымбат «люкс» санаторийді таңдасаңыз, портал аздап қосымша төлеуді ұсынады. Ал стандарттысын таңдасаңыз — бәрі тегін болады. 5-қадам. Ваучер алу«Брондау» батырмасын басқаннан кейін сізге электронды ваучер келеді.Оны басып шығарудың қажеті жоқ — санаторий сіздің деректеріңізді жүйеден көреді.Тек өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алыңыз. Пайдалы ақпарат (қысқаша):1.Қанша күн? Мемлекет 14 күнді төлейді.2.Қаншалықты жиі? Жылына 1 рет баруға болады.3.Ілесіп бару: Егер жолдама мүгедектігі бар балаға берілсе, бірге барған адамға (анасы немесе әкесі) тұру мен тамақтанудың 70%-ын мемлекет төлейді. Егер компьютермен жұмыс істеу қиын болса не істеу керек?Туыстарыңыздан көмек сұраңыз.• Жақын маңдағы ХҚКО-ға барыңыз — онда «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» бар, кеңесшілер қажетті батырмаларды басуға көмектеседі.• 1414 нөмірі бойынша тегін байланыс орталығына қоңырау шалыңыз. Кеңес: Жақсы санаторийлер тез толып қалады, әсіресе жаз айларында. Сондықтан өтінішті жылдың басында немесе тоқсанның басында берген дұрыс!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1228704?lang=ru
Биыл аймағымызда 103 мың бала сауықтыру және жазғы демалыспен қамтылады 26.05.2026
Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2025-2026 оқу жылының аяқталуы және каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Оқушылардың жазғы демалысы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Биыл сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламасымен 103 мыңға жуық бала қамтылатын болады (98,5%). Бұл мақсатқа 457 млн қарастырылған, бұл 2022 жылға қарағанда 1,8 есе артық.«Мұндай өсімге қала сыртындағы екі лагерді ашудың арқасында қол жеткіздік, сондай-ақ балаларды жазғы демалыспен қамту 74%-тен 98,5%-ке дейін артты. Мектеп жанындағы лагерлердің 55%-ті тегін тамақпен қамтылады. Жазда 12 саяжай лагері мен 617 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Ең алдымен, әлеуметтік осал санаттағы балаларды толыққанды және сапалы жазғы демалыспен қамту керек», – деді Құмар Ақсақалов.Биыл әлеуметтік санаттағы балаларды, сондай-ақ дарынды балаларды сауықтыруға 300 млн теңге қарастырылған, бұл 2022 жылға қарағанда 33,3%-ке көп.Биылғы жылы шамамен 103 мың бала (98,5%) сауықтыру және жазғы демалыспен қамтылады. Бұл мақсаттарға 457 млн теңге қарастырылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.«Менің тапсырмам бойынша қараусыз қалған лагерьлерді қалпына келтіру үшін инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Меңдіқара ауданында «Аллюр» зауыты бұрынғы «Солнечный» лагерін қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Мұнда зауыт қызметкерлері отбасыларымен бірге демала алады. Кейіннен кәсіпорын балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін коммерциялық лагерь ашуды жоспарлап отыр. Осындай жұмыстарды барлық қалалар мен аудандарда жүргізу қажет», – деді облыс әкімі.Жазғы демалыс нысандарының барлығы санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы тиіс. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің бағдарламаларына спорттық, шығармашылық және дамытушы іс-шаралар енгізілуі қажет, олар мазмұнды әрі әртүрлі болуы керек.«Біз форумдар мен түрлі іс-шаралар аясында Қостанай қаласындағы машина жасау зауыттарына өндірістік экскурсияларды сынақтан өткіздік. Қазіргі уақытта осы экскурсияларды туроператорларға беру мәселесі қарастырылуда. Жазғы демалыс жоспарларына бұл экскурсияларды енгізу қажет. Болашақта мұндай іс-шаралар балалардың кәсіби бағдар алуына және мамандық таңдауына көмектеседі. Балалардың жазғы демалысы тек қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы тиіс», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1228717?lang=ru
Түлектермен кездесу 26.05.2026
25 мамырда әдеп жөніндегі уәкіл Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов және Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің мемлекеттік грант есебінен оқып жатқан бітіруші түлектерімен кездесуге қатысып, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібімен таныстырды. Іс-шарада түлектерге мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар тізімі ұсынылып, болашақта лауазымдарға конкурссыз қабылдау жоспары талқыланды. Аталған іс-шараның нәтижесінде бірқатар болашақ мамандар мемлекеттік қызметке түсуге ниеттерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1228731?lang=ru
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу және оларды бөлу қағидаларын бекіту туралы 26.05.2026
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Жапониядан, Таиланд Корольдігінен, Түрік Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін доңғалақтардың құйылған алюминий дискілеріне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне сәйкес 2030 жылғы 21 наурызға дейінгі мерзімде жыл сайын 135 тонна көлемінде демпингке қарсы баж төлемей Жапониядан шыққан, пайдалануда болған құйылған алюминий доңғалақ дискілерін Қазақстан Республикасына әкелуге сан жағынан шектеулер (квоталар) енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1228760?lang=ru
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасыаясындақаражат қалай пайдаланылды 26.05.2026
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млнАҚШ долларына187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млнАҚШ долларына110 298 өтініш қанағаттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағықұжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:"Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтындаБағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады.БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1232366?lang=ru
Баянды ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда! 26.05.2026
«Таза Мұнайлы» МКК қызметкерлері көшелерге жаңа жиектастар (бордюр) орнату үстінде. Ауылдың келбеті жаңарып, көркейе түсуде. Тұрғындар игілігіне арналған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1228820?lang=ru
Түркі мемлекеттерінің көшбасшылары Түркістандағы саммитте экономикалық және технологиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. 26.05.2026
2026 жылдың 15 мамырында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары, сондай-ақ бақылаушы елдердің өкілдері және біріккен аумақтық қауымдастықтардың басшылығы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты, көлік дәліздерін, цифрландыруды, энергетиканы және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Кездесудің негізгі тақырыбы «Жасанды интеллект және цифрлық даму» болды.Түркі интеграциясы экономикалық көкжиектерді кеңейтуде және өзара әлеуетті ашуда маңызды фактор ретінде үнемі танылып келеді.Динамика да көрсеткіш болып табылады: 2025 жылдың соңына қарай АТУ мемлекеттері арасындағы өзара сауда 12,9 миллиард долларға жетті, бұл тұрақты өсімді және экономикалық өзара байланыстың артуын көрсетеді. АТУ мүше және бақылаушы мемлекеттердің жалпы халқы шамамен 175 миллион адамды құрайды.Астана экономикалық өлшемді түркі интеграциясының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады, сауда және инфрақұрылымдық кедергілерді одан әрі жоюды, шикізаттық емес экспортты кеңейтуді, шағын және орта бизнесті қолдауды, сондай-ақ заманауи және болжамды бизнес ортасын құруды үнемі қолдайды.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, негізгі баяндама жасады.Мемлекет басшысы біріктірілген аумақтық қауымдастық саяси немесе әскери блок емес, бауырлас елдер арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытудың бірегей платформасы екенін атап өтті. Ол сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік-логистикалық дәліздерді дамыту, жоғары технологиялар мен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қазіргі уақытта басымдық болып табылатынын мәлімдеді.Көшбасшылар сондай-ақ өзара сауданы кеңейтудің, Транскаспий бағытын дамытудың және бірлескен технологиялық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Саммиттен кейін тараптар ынтымақтастықтың негізгі салаларында интеграция мен үйлестіруді тереңдетуге деген міндеттемелерін растады.Президент ұйымның тұрақты дамуы мүше елдердің экономикалық өсуіне және азаматтарының әл-ауқатына ықпал ететін практикалық нәтижелерге және нақты бірлескен жобаларға негізделуі керек екенін атап өтті.Түркі мемлекеттері ұйымының мемлекет басшылары уақыт капсуласын салып, жаңа нысан – Түркі өркениеті орталығының құрылысын бастады.Орталықтың негізгі идеясы – түркі халықтарын әлем тарихында ерекше орны, терең философиясы және ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттілік дәстүрлері бар ұлы өркениеттің жаратушылары ретінде таныстыру. Орталық ғылыми зерттеулерге, олардың ортақ тарихи мұрасын жүйелеуге, мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады.Сәулет дизайны терең символизмге толы болады.Кешен Тәңір, Ергенеқон, Көкбөрі, Жерұйық, Ұлы Дала және Өмір ағашы сияқты түркі дүниетанымының негізгі ұғымдарын бейнелейді деп жоспарлануда.Біріккен аумақтық қауымдастықтардың (БАҚ) президенттеріне Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және аймақтағы технологиялық серіктестікті нығайту бойынша негізгі бастамалар туралы ақпарат берілді.Қазақстан біріктірілген аумақтық қауымдастықтарды дамытудың басым бағыты ретінде цифрлық трансформацияны үнемі алға жылжытып келеді, озық технологияларды енгізуді жаңа экономикалық өсу архитектурасын қалыптастырудың кілті ретінде қарастырады. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерге басымдық беріледі, олар өнімділікті арттырудың, өнеркәсіпті жаңғыртудың және мүше мемлекеттер арасындағы терең ынтымақтастықтың қозғаушы күші ретінде әрекет етеді.Қазақстан Starlink және OneWeb компанияларының спутниктік байланыс технологияларын белсенді түрде енгізуде, ал Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы елдің транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге уәде береді.Орталық Азияның Біріккен аумақтары (UTC) елдерінің ынтымақтастығы ғарыш саласында өз жемісін беріп келеді. Қазақстан Өзбекстан, Түркия және Әзірбайжанмен серіктестікте келесі жылы ұшырылуы жоспарланған CubeSat ғылыми спутнигін жасау үстінде.Жасанды интеллект мемлекеттік басқаруға белсенді түрде енгізілуде. eGov AI көмекшісі және AlemGPT платформасы сияқты шешімдер мемлекеттік қызметтерді ақылды және белсенді етуде.Қазақстан сонымен қатар мектеп бастамалары мен TUMO орталықтарынан бастап мамандандырылған AI зерттеу университетіне дейінгі үздіксіз білім беру тізбегін дамытуда.Зерттеуден бастап дайын өнімдерді енгізуге дейінгі қызметтердің толық циклін ұсынатын Alem.ai халықаралық орталығы мамандар мен стартаптар үшін хабқа айналуға бағытталған.Президенттерге көлік және логистика саласын цифрландыру туралы да ақпарат берілді. Жасанды интеллектті салаға енгізудің негізгі мақсаттары процестерді жеңілдету, шығындарды азайту және аймақтағы елдердің транзиттік әлеуетін арттыру болып анықталды.Қорытындылай келе, АӘК елдері Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын бірауыздан қолдағаны атап өтілді. Қазақстан Бангкокта өткен БҰҰ ЭСКАТО-ның 82-ші сессиясында Алматыда осы орталықты құру туралы қарардың қабылдануына үлес қосқан серіктестеріне қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдірді.Анықтама үшін: Түркі мемлекеттері ұйымы – мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге арналған бірегей аймақтық ұйым. Қазақстан – түркі интеграциясының негізін қалаушылардың және қозғаушы күштерінің бірі. Біздің еліміз Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының құрылуының алдыңғы қатарында болды және ұйым ішіндегі саяси диалогты тереңдету мен институционалдық дамуды үнемі ілгерілетіп келеді.Қазақстан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының институционалдық нығаюында маңызды рөл атқарды. Осылайша, 2009 жылы құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылы толыққанды халықаралық ұйым ретінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне айналды.Қазіргі уақытта Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының мүшелері – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан.Түркістандағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының бейресми саммитінен кейін мүше мемлекеттердің көшбасшылары Түркістан декларациясына қол қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1228828?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының жағажайлары 2026 жылғы жазғы маусымға дайындалуда 26.05.2026
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы жазғы маусымға туристік аймақтар мен жағажайларды дайындау бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Негізгі назар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қолайлы жағдай жасауға және заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.Өңір аумағында Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сібе көлдері, Зайсан, Шыбындыкөл, Дұбығалы, Айыр көлдері және Ертіс өзенін қоса алғанда, жаппай демалысқа арналған 23 орын айқындалды.Жазғы маусымға дайындық аясында жағажай аумақтарын ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құтқару бекеттері мен мұнараларын орнату, автотұрақ аймақтарын кеңейту, бейнебақылау жүйелерін монтаждау, душ кабиналарын, киім ауыстыру орындарын және санитарлық тораптарды жабдықтау қарастырылған. Сонымен қатар жатын орындықтар, шатырлар, беседкалар және ақпараттық стендтер орнатылуда.Судағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Құтқарушылар штаты күшейтіліп, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда.Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс аймақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Өскемен қаласында «Самал» және КНМ жағажайларын заманауи инфрақұрылыммен және қосымша санитарлық-гигиеналық нысандармен жабдықтау арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар көлік және инженерлік инфрақұрылым дамытылуда: туристік нысандарға апаратын жолдар жөнделіп, санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылып, мобильді байланыс пен интернет желісінің сапасы жақсартылуда.Шығыс Қазақстан облысы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы, заманауи және қауіпсіз туристік орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1228891?lang=ru
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен түлектерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру кездесуі 26.05.2026
2026 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен жоғарғы оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен түлектерінің қатысуымен өзара іс-қимыл жөніндегі жобаны сапалы іске асыру үшін кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылып өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1228893?lang=ru