Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық талқыланды
27.05.2026 08:26:21 196
Бразилиа, 2026 ж. 26 мамыр – Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі хатшысы Аугусто Билли мырзамен кездесті.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы ү.ж. 11 мамырда Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бразилияның Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және жеткізу федералды министрлігі арасында қол қойылған Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды іс жүзінде жүзеге асыру болды.
Тараптар, екі елдің тиісті министрліктері мен агенттіктерінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы салалық қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдерін қамтитын екі ел арасында бірлескен Жұмыс тобын құру мүмкіндігін талқылады.
Топ өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша тікелей келіссөздер жүргізетін болады. Атап айтқанда, талқылаулар Бразилиядан Қазақстанға тірі ірі қара мал мен сиыр етін тікелей жеткізуді жолға қою, бірлескен асыл тұқымды мал өсіру орталықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылығы шаруашылықтарын, арнайы ірі қара мал түрлерін өсіруге арналған генетикалық технологиялық зертханаларды ашу, жем өндірісін (соя, рапс, жүгері) ұйымдастыру, Бразилия ауыл шаруашылығын зерттеу корпорациясы EMBRAPA мен Қазақ ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-білім беру орталығы (NASEC) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тағы басқа мәселелерді қамтыды.
Осы мақсаттарға жету және Меморандумды жүзеге асыру үшін бразилиялық тарапқа 2026-2027 жж. арналған іс-қимылдар мен бірлескен іс-шараларды көздейтін өзара іс-қимыл Жол картасын әзірлеу және қол қою ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1229046?lang=ru