Жаңалықтар
2026 жылы Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді 19.01.2026
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит 2026 (Саммит) өтеді.Саммит Орталық Азия елдерін климат пен экология саласындағы негізгі мәселелер бойынша келісілген диалог қалыптастыру мақсатында біріктіреді. Саммиттің тақырыптық бағдарламасы климаттық өтуді қолдауды, экологиялық және табиғи қатерлерге бейімделу мен экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігі мен өңір экожүйелерін, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды, атмосфералық ауаның ластануына қарсы күресті және қалдықтарды басқаруды, әділетті әрі инклюзивті өңірлік өтуді, экологиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктерін, сондай-ақ орнықты болашақ үшін экологиялық және цифрлық құзыреттерді қамтиды.Іс-шараға өңір елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, даму институттары, ғылыми қауымдастық, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Шамамен 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.Саммит аясында орнықты даму саласындағы практикалық технологиялық және инвестициялық шешімдерді көрсетуге бағытталған «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесін өткізу көзделген.Өңірлік экологиялық саммит 2026 бойынша байланыс деректері: E-mail: office@caclimate.fund«RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері бойынша байланыс деректері: E-mail: partnership@res2026expo.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1143496?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды 19.01.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстанға осы кеңесті құрушы мемлекеттердің бірі болуға ресми шақырту алды. Бұған жауап ретінде Мемлекет басшысы АҚШ президентіне шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1143504?lang=kk
Цифровая платформа для иностранных граждан «QazETA» 19.01.2026
Цифровая платформа для иностранных граждан «QazETA»скачать Руководство пользователя мобильного приложения SuperApp QazETA QazETA - государственная цифровая платформа, созданная для обеспечения удобного, прозрачного и безопасного доступа иностранцев к ключевым миграционным и сопутствующим услугам по принципу «одного окна» (единое цифровое окно для иностранцев).Проект направлен на формирование современного и комфортного взаимодействия иностранцев с государственными органами Казахстана, а также на повышение эффективности и качества предоставляемых услуг.Платформа QazETA ориентирована на:- упрощение процедур въезда, пребывания иностранцев в Республике Казахстан;- создание единой цифровой точки входа, обеспечивающей последовательное взаимодействие иностранца с государственными сервисами - от въезда в страну до повседневных услуг;- повышение прозрачности процессов, сокращение сроков рассмотрения заявок и улучшение качества обслуживания;- перевод базовых миграционных процедур в цифровой и мобильный формат;В настоящее время QazETA функционирует в пилотном режиме, ее внедрение будет осуществляться поэтапно. На данном этапе доступны следующие услуги:- выдача электронных виз (e-Visa);- оформление электронного разрешения на въезд (ETA);- получение статуса электронного резидента Республики Казахстан (e-Residency);- получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств). Основные сервисы платформы: Электронная виза (e-Visa)Электронная виза — это цифровая форма государственной услуги по выдаче виз иностранцам и лицам без гражданства.Граждане 104 стран (список прилагается) могут оформить однократную электронную визу для следующих категорий: "А3" (служебная), "А5" (инвесторская), "В1","В2","В3", (деловые), "В9-1" (Digital Nomad Visa), "В10" (частная), "В12" (турист), "С12"(для лечения).Электронная виза выдается на основании электронного оформленного приглашения (приглашение оформляется в территориальных органах полиции МВД РК) и действует только для получателя визы и не распространяется на сопровождающих лиц. При замене паспорта электронную визу необходимо получить повторно.Иностранцы и лица без гражданства могут прибывать на территорию и убывать с территории Республики Казахстан с использованием действительной электронной визы только через пункты пропуска международных аэропортов Республики Казахстан. Электронное разрешение на въезд (Electronic Travel Authorization, ETA) ETA предназначена для граждан стран, освобожденных от визовых требований Республики Казахстан. Разрешение оформляется в электронном виде.Иностранцы, планирующие поездку в Казахстан, подают заявку на получение ETA через мобильное приложение не позднее чем за 72 часа до поездки.Срок действия ETA составляет 180 дней.Фактический срок пребывания иностранцев в Казахстане регулируется в соответствии с действующим миграционным законодательством.При этом, выданное разрешение ETA не гарантирует въезд на территорию РК. Окончательное решение о допуске в страну принимается уполномоченным госорганом РК при прохождении пограничного контроля.От необходимости получения ETA освобождаются:- владельцы дипломатических и служебных паспортов;- члены официальных делегаций;- представители дипломатического корпуса, аккредитованные в РК.В пилотный период получение ETA для граждан стран, освобождённых от визовых требований Республики Казахстан, носит рекомендательный характер. По его завершении планируется поэтапное введение обязательного получения ETA для указанных категорий граждан. Электронное резидентство (e-Residency)e-Residency — инновационный инструмент, предоставляющий иностранцам и лицам без гражданства, находящимся за пределами РК, доступ к цифровым государственным и коммерческим сервисам в рамках юрисдикции Международного финансового центра «Астана» (МФЦА).Электронное резидентство реализуется в рамках юрисдикции МФЦА и предусматривает:- удалённое получение индивидуального идентификационного номера (ИИН);- открытие банковских счетов и платежных карт;- оформление eSIM;- дистанционную регистрацию компаний и ведение бизнеса. Получение иностранцами справки о пересечении государственной границы Республики Казахстан (в том числе для целей верификации IMEI мобильных устройств).В дальнейшем планируется расширение функционала, включая: оформление медицинского страхования, возможность ускоренного прохождения пограничного контроля для владельцев ETA, оплату сервисного сбора, другие цифровые сервисы.Мобильное приложение QazETA доступно для скачивания в PlayMarket и Appstore.В рамках проекта функционирует служба технической поддержки. Обращения и предложения принимаются по электронной почте support@qazeta.kz. Список стран, гражданам которых оформляются однократные электронные визы Алжирская Народная Демократическая РеспубликаРеспублика АнголаКняжество АндорраАнтигуа и БарбудаАрубаСодружество Багамских острововБарбадосРеспублика БелизРеспублика БенинОбъединенная Республика ТанзанияМногонациональное Государство БоливияБосния и ГерцеговинаРеспублика БотсванаГосударство Бруней-ДаруссаламБуркина-ФасоРеспублика БурундиКоролевство БутанРеспублика ВануатуБоливарианская Республика ВенесуэлаГабонская РеспубликаКооперативная Республика ГайанаРеспублика ГаитиРеспублика ГамбияРеспублика ГватемалаГвинейская РеспубликаРеспублика Гвинея-БисауРеспублика ГондурасГренадаРеспублика ДжибутиСодружество ДоминикаДоминиканская РеспубликаАрабская Республика ЕгипетРеспублика ЗамбияРеспублика ЗимбабвеИсламская Республика ИранКоролевство КамбоджаРеспублика КамерунРеспублика КенияРеспублика КирибатиКорейская Народно-Демократическая РеспубликаКитайская Народная Республика (САР Гонконг, САР Макао, Тайвань)Коморские островаРеспублика КонгоРеспублика Коста-РикаРеспублика Кот-д’ИвуарРеспублика КубаЛаосская Народно-Демократическая РеспубликаКоролевство ЛесотоРеспублика ЛиберияЛиванская РеспубликаРеспублика МаврикийИсламская Республика МавританияРеспублика МадагаскарРеспублика МалавиРеспублика МалиМальдивская РеспубликаКоролевство МароккоРеспублика Маршалловы островаМикронезияРеспублика МозамбикРеспублика Союз МьянмаРеспублика НамибияРеспублика НауруФедеративная Демократическая Республика НепалРеспублика НигерРеспублика НикарагуаЮжно-Африканская РеспубликаЦентральноафриканская РеспубликаРеспублика ПалауРеспублика ПанамаНезависимое Государство Папуа-Новая ГвинеяРеспублика ПарагвайРеспублика ПеруРеспублика РуандаНезависимое государство СамоаРеспублика Сан-МариноДемократическая Республика Сан-Томе и ПринсипиРеспублика Сейшельские островаРеспублика СенегалСент-Винсент и ГренадиныФедерация Сент-Китс и НевисСент-ЛюсияРеспублика Северная МакедонияРеспублика СуринамРеспублика Сьерра-ЛеонеРеспублика ТогоКоролевство ТонгаРеспублика Тринидад и ТобагоТувалуТунисская РеспубликаТуркменистанРеспублика УгандаРеспублика ИндияФарерские островаРеспублика ФиджиРеспублика ЧадЧерногорияДемократическая Социалистическая Республика Шри-ЛанкаВосточная Республика УругвайРеспублика Эль-СальвадорГосударство ЭритреяКоролевство ЭсватиниФедеративная Демократическая Республика ЭфиопияЯмайкаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1145922?lang=kk
Күштік құрылымдар жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метрлік шыңды бағындырды 19.01.2026
Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метр биіктіктегі тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.Акцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Тау дайындығы орталығының нұсқаушылары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орнының медицина қызметкерлері тартылды.Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Данияр Құдайбергеновтің айтуынша, жорыққа «тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар қатысқан.19 қаңтарда әскерлердің моральдық-психологиялық қамтамасыз етілуіне, әскери ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға және әскери қызметшілердің патриоттық санасын дамытуға жауапты мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Болашақ тәрбиеші офицерлерге олардың мамандығы тек білімді ғана емес, сонымен қатар күш-қуат төзімділікті, командамен бірлесе жұмыс істей білуді және жеке жауапкершілікті талап ететінін көрсету біз үшін өте маңызды болды, – деп атап өтті ол.Шыңды бағындыруға Құрлық әскерлері әскери институтынан, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан, ІІМ академиясынан, ҰҚК академиясынан және Шекара академиясынан он курсанттан қатысты.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Дархан Дүйсенбек шыңға көтерілу қатысушыларға өз мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге және жолдастарының қолдауын сезінуге мүмкіндік бергенін айтты. – Шыңға көтерілу арқылы командалық бірлікті сезіндік. Сонымен бірге табиғат аясында ерекше сезімдерді бастан кешірдік. Көрсеткен көмектері мен нақты нұсқаулары үшін тәжірибелі нұсқаушыларға алғысымыз шексіз. Міндетімізді орындағанымызға мақтанамыз, – дейді ол.Іс-шара әскери-патриоттық құндылықтарды насихаттауға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және саламатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың болашақ офицерлердің кәсіби, моральдық және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143477?lang=kk
Ұландық сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне тосынсый жасады 19.01.2026
Астанадағы 5573 әскери бөлімінде өткен ант қабылдау рәсімі бұл жолы көптің жадында ерекше бір сәтімен сақталды. 700-ден астам сарбаз сап түзеп, әскери ант беріп жатқанда, олардың арасында қатардағы жауынгер Алмас Абдрахов та тұрды. Ол Отанға адал қызмет етуге серт беріп қана қоймай, дәл сол салтанатты жиында сүйіктісіне жүрек елжіреткен тосынсый жасады.Алмас саптан шығып, сүйіктісі Томириске үйленуге ұсыныс айтты. Бір сәтте әскери тәртіптің салмақты көрінісі қуаныш пен толқынысқа ұласып, екі жас көптің назарына бөленді. Болашақ жарының келісімін алған Алмас Балтабайұлы әскерден оралған соң үйлену тойын жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл оқиғаға әскери бөлімнің жеке құрамы, 3000-ға жуық ата-ана мен сарбаздардың туыстары куә болды.Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Жандар Әшірбеков сөз сөйлеп, әскери анттың әр сарбаз үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.– Әскери ант – жай ғана сөз емес, ол Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деген үміттемін, – деді Жандар Әшірбеков.Енді қатардағы Алмас Абдрахов бастаған жауынгерлер қала көшелерінде және маңызды іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі.Айта кетейік, рәсім соңында жеке құрам сап түзеп, әскери техникалардың қатысуымен шеру өтті. Бірақ бұл күннің ең есте қалар көрінісі – жас сарбаздың ғашығына жасаған ұсынысы болды. Осылайша, жауынгерлер ант берген алаңда жас отбасының да іргетасы қаланды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1143460?lang=kk
АНОНС НҚА 19.01.2026
Шымкент қаласы бойынша 2026 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15776885 Шымкент қаласының тұрғын секторында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын бекіту туралы интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15773034 Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 6109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы» интернет-порталында жарияланды.Аталған қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ кіру сілтемесі:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15772123Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1178055?lang=kk
«Оңайлатылған» режимге өту: әрекет ету жолы және қателерді түзету 19.01.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңайлатылған декларация негізіндегі Арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет екенін хабарлайды.Аталған хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде көшіріледі.Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:- Салық төлеуші кабинеті арқылы (ИСНА АЖ жүйесінде «Құжаттарды ұсыну» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі);- «e-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы арқылы («Сервис» – «Жеке кәсіпкердің салық режимін ауыстыру»);- орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде;- банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Анықтама үшін: қазіргі уақытта аталған сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған.Салық төлеушілердің назарына! 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны «көшу» себебімен қате ұсынған салық төлеушілер үшін хабарлаймыз.2026 жылғы 12 қаңтардан бастап ақпараттық жүйеде «көшу» себебімен қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қайта ұсыну мүмкіндігі қолжетімді.Осыған байланысты, 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қате түрде ұсынған салық төлеушілерге жаңа хабарламаны қайта ұсыну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1159712?lang=kk
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 19.01.2026
2026 жылғы 14 қантарда Бесқарағай ауданы білім бөлімінің бас маманы К.Е.Тусупова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің “2024 жылғы 30 шілдедегі №194 “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығына мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен түсіндірме кеңес өткізді. Жиналыс барысында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген өзгертулер жан-жақты талданып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.2026 жылғы 14 қантарда Бесқарағай ауданы білім бөлімінің бас маманы К.Е.Тусупова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің “2024 жылғы 30 шілдедегі №194 “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығына мектеп директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарларымен түсіндірме кеңес өткізді. Жиналыс барысында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген өзгертулер жан-жақты талданып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1143362?lang=kk
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ағарту және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды 19.01.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ағарту және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.2026 жылғы 13 қаңтарда Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Кеңес отырысын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ашып, білім беру саласындағы бірқатар мәселелер мен жаңашылдықтарға тоқталды.Кеңес төрағасы болып білім беру мәселелерін белсенді көтеріп жүрген Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов бірауыздан сайланды.Кеңес мүшелігіне үміткерлер арасынан іріктеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша «Жыланды негізгі мектебі» КММ директоры Лейменова Алина Сейткановна Кеңес құрамына енді.Кеңес мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, кәсіптік білім беру, тәрбие, бала құқықтары, инклюзия, цифрландыру және білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жөніндегі комиссиялардан тұрады.Кеңес мүшелері өз жұмыстарына кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1143372?lang=kk
оқушылар арасында "Есірткіге қарсы" ақпараттық сағаты 19.01.2026
Клуб меңгерушісі Саида Галкина мен ауылдық кітапханашы Майра Тасылбаева мектеппен бірлесіп " Есірткіге жоқ!"онда оқушыларға есірткінің түрлері және осындай заттардың зиянды әсерінен қалай сақтану керектігі туралы айтылды. Сондай-ақ есірткі заттарын өткізу, сақтау және пайдаланғаны үшін құқықтық салдарлар мен жазалар туралы еске салды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1143313?lang=kk
Көк тайғақтың алдын алу жұмыстары 19.01.2026
Ауылішілік көшелерге тұз аралас құм себу жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1143234?lang=kk
2026 жылғы 11 ақпаннан бастап тасымалдарды бақылау үшін навигациялық пломбаларды енгізу жөніндегі ақпарат. 19.01.2026
2021 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды, аталған Келісім Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211-VII ЗРК Заңымен ратификацияланды.Жалпы алғанда, Келісім ЕАЭО-ға мүше екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды тасымалдау кезінде оларды навигациялық пломбаларды қолдану арқылы қадағалау тәртібін регламенттейді.Келісім нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілді, бақылаушы органдардың ақпараттық жүйелері жаңғыртылды, сондай-ақ автомобиль және теміржол көлігінде жүргізілген пилоттық жобалар аясында навигациялық пломбаларды қолдану бойынша өзара іс-қимыл пысықталды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 «Ұлттық операторды айқындау туралы» қаулысына сәйкес тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Ұлттық оператор) айқындалды, ол Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті.Ұлттық оператор бірқатар пилоттық жобалар шеңберінде сынақтан өткізілген тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (тасымалдарды электрондық түрде қадағалаудың «Транзит» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) әзірледі.Қазақстан Республикасының Ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тасымалдарды қадағалау жөніндегі қызметтерді тұтынушыға (тапсырыс берушіге) арналған «жеке кабинет» қарастырылған, ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тасымалдарды қадағалауға бүкіл қозғалыс маршруты бойында тартылған ұлттық операторларының қызметтеріне ақы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (бұдан әрі – Одақ).Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті ұлттық операторларының ақпараттық жүйелері арасындағы интеграциялық іс-шаралар аяқталды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі.Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері шеңберінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетін болады.Навигациялық пломбаларды қолдану кезеңдері.1-кезең (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі;автомобиль көлігімен – киім, аяқ киім, электроника;экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.2-кезең (180 күн өткеннен кейін):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника;автомобиль көлігімен тасымалданатын – кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.3-кезең (480 күн өткеннен кейін):транзиттік тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі, киім, аяқ киім, электроника, сондай-ақ кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын өзге тауарлар (алып қоюға жататын тауарларды қоспағанда);экспорттық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде тасымалданатын тауарлар:автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын – «санкциялық»* тауарлар, алкоголь, темекі.Навигациялық пломбаларды енгізуге байланысты нарық қатысушылары үшін артықшылықтар:навигациялық пломбаларды қолдану кедендік және өзге де бақылаушы қызметтер тарапынан жүргізілетін артық тексерулер мен қосымша бақылау шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді;жүктің бүкіл қозғалыс бағыты бойында рұқсатсыз ашылуынан қорғалуына кепілдік береді;Ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинет» арқылы процесті басқаруды қамтамасыз етеді, соның ішінде Одаққа мүше барлық елдердің операторлары көрсететін қызметтер үшін бірыңғай төлем жүргізу мүмкіндігін қамтиды.Мемлекет үшін навигациялық пломбаларды енгізу «көлеңкелі» экономикамен күрестің тиімді құралы болып табылады, «жалған транзит» және «жалған экспорт» схемаларын болдырмауға, адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел бюджетіне салық түсімдерінің тұрақты түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бизнес өкілдерінің, оның ішінде тасымалдаушылардың, экспедиторлардың және тасымалдау процестеріне қатысатын өзге де тұлғалардың назарын логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігіне аударамыз. 1 Ұлттық оператор-байланыс деректері::Call-центр:тел: +7 708 297 6132; +7 777 110 5985;тел: +7(727)3903488 (вн 331); (727)2217795 (вн 331).Пошта:Info@istt.kz; mail.istt.kz/SOGo; transit@istt.kz;Тел для связи:+7-708-945-67-32 Ещанов Ғарышбек;+7-775-285-54-77 Кальтиева Диляра. 2 Санкциялық тауарлар-бұл одаққа мүше мемлекеттердің бірі арнайы экономикалық шараларды енгізген тауарлар.Анықтама: бүгінгі күні арнайы экономикалық шаралар тек Ресей Федерациясында енгізілді, тауарлардың тізімі Ресей Федерациясы Үкіметінің 7.08.2014 ж. №778 қаулысымен белгіленді - Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1143212?lang=kk
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты 19.01.2026
Берлинде өткен халықаралық Grüne Woche көрмесінің жүз жылдық мерейтойы мен Global Forum for Food and Agriculture халықаралық конференциясы аясында Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен мен сауда саласындағы серпінді әрі сенімді әріптес ретінде өз ұстанымын айқын көрсетті. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация «Жасыл апта» аясындағы аграрлық саясат, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін тоғыстырған негізгі іс-шараларға қатысты. Көрмедегі басты оқиғаның бірі– Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы болды. Павильон іскерлік диалог алаңы ретінде қызмет атқарып, экспорттық әлеуетті таныстыруға және өнеркәсіптік кооперацияның келешегін талқылауға мүмкіндік берді. Экспозицияда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен терең өңдеу, заманауи агротехнологияларды енгізу және орнықты агрожүйелерді дамыту бағытындағы мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді. Павильон неміс және халықаралық серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, қазақстандық өнімдер мен бірлескен жобаларға деген сұраныстың артып келе жатқанын дәлелдеді. GFFA аясында Арман Шаққалиев бірқатар халықаралық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Германияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және өңірлік сәйкестік жөніндегі федералдық министрі Алоис Райнермен, Германияның Экономика және энергетика федералдық министрлігінің статс-хатшысы Томас Штефенмен, Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Жан-Мари Паугаммен келіссөздер жүргізілді. Тараптар сауданы кеңейту, кедергілерді азайту, азық-түлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығы және өзара нарықтардағы қатысуды күшейту мәселелерін талқылады. Келіссөздердің жеке блогы аграрлық ынтымақтастық пен технологиялық әріптестікті дамытуға арналды. Қазақстан делегациясы Пәкістанның Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және зерттеулер жөніндегі федералдық министрі Рана Танвир Хуссейнмен, Германияның Ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Маркус Шикпен, Неміс агробизнес альянсының директоры Пер Бродерзенмен, CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Михаэль Байермен, сондай-ақ APD жобасының жетекшісі Йон Клаус және ADT жобасының жетекшісі Уве Веддигемен мазмұнды кездесулер өткізді. Кездесулерде өндірісті жергіліктендіру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту, неміс сапа стандарттарын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту және су үнемдеу шешімдері негізгі назарда болды. Қазақстан тарапы Неміс агробизнес альянсы ұйымдастырған салалық пікірталастарға да белсенді қатысты. Оның ішінде орнықты су пайдалану мен инновациялық агротехнологияларға арналған панельдік сессия және «Kazakhstan–Germany Agro & Water Nexus» дөңгелек үстелі өтті. Бұл алаңдар тараптарға нақты кооперация үлгілерін, бірлескен пилоттық жобаларды және технология трансферін талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шаралар барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқаны атап өтілді. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,91 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Германияға экспорты 7,9 пайызға өсіп, 1,17 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл неміс нарығының қазақстандық жеткізушілер мен жоғары қосылған құны бар өнімдерге деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді.Сапардың маңызды практикалық нәтижелерінің бірі – Арман Шаққалиев пен Неміс экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс арасында наурыз айында бизнес пен салалық ведомстволардың қатысуымен бейнеконференция өткізу жөніндегі уағдаластық болды. БКС аясында агроөнеркәсіптік кешен мен экспортқа бағдарланған салалардағы нақты кооперациялық жобалар егжей-тегжейлі талқыланбақ. Сонымен қатар тараптар сәуір айында Германия делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарын растады. Бұл сапар барысында бірлескен инвестициялық және өндірістік бастамаларды іске қосуға басымдық беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1143220?lang=kk
Аудан әкімі қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысты 19.01.2026
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысты. Аудан бойынша Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайды. Бүгінгі күнде дариямен Тереңөзек кенті тұсынан 107 текше метр өтсе, «Қараөзек» каналына 41 текше метр су жіберілуде. Су тасқынының алдын - алу мақсатында ауданда материалдық - техникалық қор жасақталған, атап айтқанда 5000 дана қап, 500 дана қамыс баулары, 500 пашын және 400 дана қада жинақталған. Қосымша жанар - жағар май, азық – түлік және көлік қызметтері бойынша жергілікті кәсіпкерлермен келісім - шарттар жасалған. Аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, күнделікті қатаң бақылауда ұстап отыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1143192?lang=kk
Арнайы операциялар күштері күні: ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі элиталық құрылым 19.01.2026
Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі. АОК қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы Жарлығымен конституциялық құрылысты және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау жолында ең күрделі әрі жауапты міндеттерді орындауға қабілетті әмбебап әскери бөлім ретінде құрылды. Арнайы операциялар күштері құрылған сәттен бастап өз әлеуетін жүйелі түрде нығайтып келеді. Бөлімшелер жоғары технологиялы қару-жарақпен, заманауи әскери және арнайы техникамен жабдықталып жатыр. Оқу-материалдық базасы да дамытылып, инфрақұрылым жетілдірілуде.Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен үйлесімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. Әскери қызметшілер оқу-жаттығу және тактикалық-арнайы жаттығуларға тұрақты түрде қатысып, беделді халықаралық жарыстарда бақ сынауда. Мәселен, Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 сайысында АОК командасы алғаш рет бақ сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық арнайы бөлімшелер халықаралық оқу-жаттығулар барысында да жоғары бағаға ие болды.Арнайы операциялар күштерінің идеялық әрі кәсіби символы ол күрең қызыл түсті берет. Оны ең үздік әскери қызметшілер ғана кие алады. Олар – жоғары дайындық деңгейін, төзімділікті және қызметке адалдықты дәлелдеген жауынгерлер. Жастар элиталық бөлімшелерде қызмет етуді армандайды.Бүгінде Арнайы операциялар күштері – ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз ету жолында ең күрделі міндеттерді орындауға толық дайын. Сондай-ақ арнайы даярланған, заманауи техникамен және жабдықпен қамтылған әскери құрылым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1143200?lang=kk
Аршалы ауылдық округіндегі жолдарды қардан тазарту 19.01.2026
Аршалы ауылдық округінде мамандандырылған техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-arshaly/press/news/details/1143151?lang=kk
Кезекті жеке қабылдау өткізілді 19.01.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға жазылған 20-ға жуық азаматтар тұрғын үй және ауыз су мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізді. Тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға аудан тұрғындарын баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігі түсіндірілді. Сондай-ақ тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.Жеке қабылдау барысында Жандос Еркінбек көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініш пен ұсыныс бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1143146?lang=kk
e-Residency - Электрондық резиденттік 19.01.2026
Электрондық резиденттік (e-Residency) – Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде бизнес-инфрақұрылым мен цифрлық қызметтерге қолжетімділік ұсынады. АХҚО электрондық резиденттігі аясында қашықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру, банк шоттары мен төлем карталарын ашу, eSIM рәсімдеу, сондай-ақ АХҚО-да компаниялар мен бизнесті тіркеу мүмкіндіктері кіреді.Толық ақпарат: https://eresidency.gov.kz/ Электронное резидентство (e-Residency) предоставляет иностранным гражданам и лицам без гражданства, находящимся за пределами Республики Казахстан, доступ к бизнес-инфраструктуре и цифровым услугам в рамках Международного финансового центра «Астана» (МФЦА).В рамках электронного резидентства МФЦА предусмотрены возможности дистанционного получения государственных услуг, включая формирование индивидуального идентификационного номера (ИИН), открытие банковских счетов и платежных карт, оформление eSIM, а также регистрацию компаний и бизнеса в МФЦА.Вся подробная информация на сайте: https://eresidency.gov.kz/ Electronic Residency (e-Residency)e-Residency is an innovative instrument that provides foreign nationals and stateless persons located outside the Republic of Kazakhstan with access to digital government and commercial services within the jurisdiction of the Astana International Financial Centre (AIFC).The e-Residency program is implemented within jurisdiction of the AIFC and provides for:- remote issuance of an Individual Identification Number (IIN);- opening of bank accounts and payment cards;- issuance of eSIMs;- remote company registration and business operationswithin jurisdiction of the AIFC.All detailed information is available on the website: https://eresidency.gov.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1157967?lang=kk
2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді 19.01.2026
2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит Біріккен Ұлттар Ұйымымен және өзге де халықаралық ұйымдармен әріптестікте Орталық Азия елдерін климат пен экология саласындағы келісілген шешімдерді әзірлеу үшін біріктіреді. Саммит аясында Арал теңізін сақтау және Каспий теңізі су алабының қысқаруы, «жасыл» қаржыландыруды ілгерілету, төмен көміртекті технологияларды дамыту, сондай-ақ өңірдің орнықты дамуына бағытталған 2026–2030 жылдарға арналған бірлескен бастамалар, декларациялар мен Іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру сияқты тақырыптар қарастырылады.Қосымша ақпарат алу үшін https://res2026.kz/kk RES 2026 ресми сайтына кіре аласыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1143104?lang=kk
Алматы облысында 2025 жылы 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды 19.01.2026
2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ өңірде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде нақты нәтижелерге қол жеткізді.Ресми деректерге сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 70 876 жұмыс орны құрылды. Оның 56 978-і тұрақты, ал 13 898-і уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 3 243 жұмыс орны ашылған.Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тарту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. 2025 жылы 22 099 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге айтарлықтай әсер еткен.Субсидияланатын жұмыс орындары бағдарламалары арқылы да мыңдаған азамат жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, жыл ішінде 12 256 жұмыссыз азамат осы бағыттағы жобаларға жіберілді. Оның ішінде 544 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 918 адам жастар практикасына, 7 686 адам қоғамдық жұмыстарға, 570 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 517 адам «Күміс жас» бағдарламасына, ал 38 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысқан.Кадр даярлау мен еңбек нарығының сұранысына бейімделу мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да іске асырылды. Оқыту 6 колледжде және 10 оқу орталығында жүргізіліп, оған 707 жұмыссыз азамат қамтылды. Оқуды аяқтаған 504 адам алған мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасты.Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы маңызды тетіктердің бірі – қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. 2025 жылы жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 260 мемлекеттік грант берілді. Бұл қаржы азаматтардың өз кәсібін ашып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік берді.Жалпы, атқарылған жұмыстар Алматы облысында жұмыспен қамту саясатының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын және еңбек нарығын тұрақтандыруға нақты ықпал етіп отырғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1143119?lang=kk