Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін шығару кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін                                                                                                      әкетудің кейбір мәселелері туралы                                                                                                                                          «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Шартқа  7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің  қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);                                     2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес  бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде  мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.2026 жылғы 1шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанғадейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Көлік министрліктері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;                                                                                                                                                                       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.Осы  бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222584?lang=kk
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымын 32,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтты 18.05.2026
Қазақстан биылғы жылдың бірінші тоқсанын сыртқы сауда көрсеткіштерінің қарқынды өсімімен қорытындылады. Іскерлік белсенділікті жоғары деңгейде сақтап, экспорттық әлеуетті кеңейту арқылы елдің тауар айналымы 32,9 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артты. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 29,8 млрд АҚШ долларын құраған. Қалыптасқан оң динамика сыртқы экономикалық сектордың тұрақтылығын және қазақстандық экспорт құрылымында жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.2026 жылғы қаңтар–наурыз айларында экспорт көлемі 9,4%-ға өсіп, 18,0 млрд АҚШ долларын құрады. Ал импорт көлемі 14,9 млрд АҚШ долларына жетіп, 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,8%-ға ұлғайды. Импорт өсімі негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті инвестициялық және технологиялық тауарларды сатып алу көлемінің артуымен байланысты. Әсіресе электр генераторлық қондырғылар импортының көлемі бес еседен астам өсіп, 416,8 млн АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар газ турбиналары мен авиациялық қозғалтқыштар, мұнай өнімдері, теміржол локомотивтері, сондай-ақ шикізатты өңдеу мен сұрыптауға арналған жабдықтар импорты айтарлықтай артты. Мұндай құрылым экономикадағы инвестициялық сұраныстың жоғары деңгейде сақталғанын және инфрақұрылымдық әрі индустриялық жобалардың белсенді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.Шикізаттық емес сектордағы өсім де ерекше назар аудартады. 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында шикізаттық емес тауарлар бойынша сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға өсті. Ал шикізаттық емес экспорт көлемі бірден 23,4%-ға артып, 6,9 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіштер сыртқы сауда құрылымындағы сапалы өзгерістердің күшейіп келе жатқанын аңғартады.Шикізаттық емес экспорттың негізгі драйверлері мыс пен мыс катодтары, күміс, уран, ферроқорытпалар, мал азығына арналған өнімдер және күнбағыс майы болды. Атап айтқанда, күнбағыс майының экспорты шамамен 60%-ға өсіп, 277,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл қазақстандық қайта өңделген агроөнеркәсіп өнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсетеді. Ал ферроқорытпалар экспортының 20,1%-ға ұлғаюы металлургия саласының нығайып, отандық өнеркәсіп өнімдерінің экспорт географиясының кеңейіп келе жатқанын дәлелдейді.Қазақстанның сыртқы сауда географиясы әртараптандырылған құрылымын сақтап отыр. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қытай 7,8 млрд АҚШ долларын құраған тауар айналымымен және жалпы сыртқы сауда көлеміндегі 23,8% үлесімен еліміздің ең ірі сауда серіктесі болды. Ресей 6,5 млрд АҚШ долларын құрайтын сауда көлемімен екінші орынды сақтап, импорт пен өнеркәсіптік кооперация бағытындағы негізгі әріптестердің бірі болып қала берді. Сонымен қатар Италия, Түркия және Өзбекстан да Қазақстанның ірі сауда серіктестері қатарынан көрінді. Италиямен арадағы тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларынан асып, оның ішінде қазақстандық экспорт көлемі 3 млрд АҚШ долларынан жоғары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1222494?lang=kk
Алматыда сауда саласын дамыту, баға мониторингі және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды 18.05.2026
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Кездесуге базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда желілерінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында сауда саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда базарларды жаңғырту, сауда үстемесін реттеу, баға қалыптастыру және саланы одан әрі дамыту бағыттары талқыланды. Кәсіпкерлер Комитет төрағасына тікелей сұрақ қойып, ашық диалог форматында жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.Кездесуге Zoom платформасы арқылы Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері де қосылып, өңірлік бизнеске қатысты маңызды мәселелер ортаға салынды.Жұмыс сапары аясында Small және Magnum Cash&Carry ірі сауда желілерінде мониторинг жүргізілді. Оның барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексеріліп, өнімдердің қолжетімділігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Сонымен қатар, Райымбек даңғылы 507А мекенжайындағы Small филиалында және Радостовец көшесі 292 мекенжайындағы Magnum Cash&Carry сауда орталығында қазақстандық ірімшік өнімдерін өндірушілерді қолдау жобасы іске қосылды. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сауда желілеріндегі үлесін арттыруға және жергілікті брендтердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Алматы қаласы мен Алматы облысының Сауда департаментінің қолдауымен Алтын Орда базары аумағында мониторинг жүргізілді. Базарды аралау барысында сауда орнын жаңғырту, сауда қызметін ұйымдастыру және азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тетіктері қарастырылды.Аталған жұмыстар заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуға, отандық бизнесті қолдауға, баға қалыптастыру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге және өңірдегі азық-түлік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauda/press/news/details/1222473?lang=kk
Самарқандта химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қатерлерге әрекет ету бойынша өңірлік оқу-жаттығулар өтті 18.05.2026
2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) тәуекелдерді азайту жөніндегі Еуропалық Одақтың озық тәжірибелер орталықтары ұйымдастырған «Project 106» жобасының өңірлік дала оқу-жаттығулары өтті.Іс-шара ірі қоғамдық іс-шаралар кезінде ХБРЯ қаруын қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін күрделі әрі үйлестірілген шабуылдарға ұлттық және өңірлік деңгейдегі дайындықты тексеруге бағытталды.Оқу-жаттығуларға бейінді ведомстволардың, төтенше жағдайлар қызметтерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушы ретінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты.Іс-шараға Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан және Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі жанындағы Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің өкілдері қатысты.Оқу-жаттығулар барысында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, жедел қызметтердің әрекеттерін үйлестіруді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі өңір мемлекеттері арасындағы ақпарат алмасу мәселелерін пысықтады.Осындай іс-шараларды өткізу өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1222479?lang=kk
50 мыңнан астам жәдігер: Қорғаныс министрлігінің музейлері еліміздің әскери тарихынан сыр шертеді 18.05.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы елдің әскери тарихын сақтау және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы музей ісін дамытуды жалғастыруда. Қазіргі таңда оның құрамында Астанадағы Әскери-тарихи музей, Алматыдағы Даңқ музейі және Ақмола облысындағы филиал жұмыс істейді.Родина ауылындағы жаңа филиал биыл Отан қорғаушы күніне орай ашылды. Оған «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр бастамашы болып, жобаға Қорғаныс министрлігі қолдау көрсетті.Елордадағы Әскери-тарихи музей қорында авторлық коллекциялар мен жеке жинақтарды қоса алғанда 24 мыңнан астам жәдігер сақталған. Оларды жинақтауға облыстық өлкетану музейлері, Астана қаласының көркемсурет галереясы, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен музейтанушылар үлес қосты.Келушілердің ерекше қызығушылығын VI–VIII ғасырларға жататын түркі жауынгерінің геральдикалық белбеуі, даңқты қолбасшы Бөгенбай батырдың дулығасы, Рейхстагқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тіккен Жеңіс туының көшірмесі, сондай-ақ генерал-майор Иван Панфилов пен Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттары тудырады.Музей аумағындағы ашық аспан астындағы алаңда ХХ ғасырдағы қару-жарақ пен әскери техникалардың үлгілері қойылған.Алматыдағы музей Қазақстанның Революциялық және жауынгерлік даңқ музейі қоры негізінде құрылған. Онда 30 мыңнан астам жәдігер сақталған. Олардың қатарында наградалар, майдан хаттары, фотосуреттер, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке заттары, сондай-ақ ғалым-шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске және азамат соғысы кезеңіне арналған материалдар бар.Қорғаныс министрлігінің музейлері маңызды ағартушылық міндет атқарып, келушілердің Қазақстанның әскери тарихы, көрнекті тұлғалары мен ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдер туралы білімін кеңейтеді. Бұл жастар арасында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1222456?lang=kk
ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу күніне қатысты 18.05.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 481-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады, бірақ мұндай салық есептелген кезең ретінде осы Кодекстің 530-бабының 6-тармағында айқындалған салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен ерте емес, — ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан тауарлар импортталған жағдайда. Салық кодексінің 530-бабының 6-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар, оның ішінде қайта өңдеуге берілген шикізатты қайта өңдеу өнімдері, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) бойынша жанама салықтарды есептеу және төлеу үшін импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартымен (келісімшартпен) көзделген төлем мерзімі туындаған күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесін салық кезеңі ішінде орындауға жол беріледі. Салық кодексінің 530-бабының 5-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Импортталған тауарлар бағасы Салық кодексінің 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шарт (келісімшарт) тараптары импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Осылайша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Салық кодексінің 481-бабының ережелеріне сәйкес бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222424?lang=kk
Арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен шарттары 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылатынын хабарлайды.Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1228450?lang=ru
Салық және кеден мәселелері бойынша цифрлық кеңесші 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары @salyqbot сілтемесі бойынша Telegram–да Чат–ботты іске асырғанын хабарлайды.Salyqbot – қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr–кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.SalyqBot көмегімен Сізде:– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push–хабарламаларды, сондай–ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының – жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;– егер Сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1222444?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175 – н/қ бұйрығына сәйкес тыйым салулар енгізілгенін хабарлайды:1 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге:а) жағармай майларын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін  (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00)  автомобиль көлігімен әкетуге;б) бензинді (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0) әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12)  темір жол көлігімен әкетуге тыйым салынды.2. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндер және дизель отынын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойль (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуола, ксилола (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (ЕАЭО СЭҚ ТН сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2713 20 000 0) әкетуге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222445?lang=kk
Энергетикалық сусындарға акциз 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілгенін хабарлайды.Бүгінгі күнге энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. Қазақстан Республикасында аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады.Сонымен қатар өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда, бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің бар екенін көрсетеді.Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген: 2026 жылдан бастап акциз мөлшері 1 литр үшін 100 теңгені, 2027 жылдан бастап – 140 теңгені, 2028 жылдан бастап – 180 теңгені құрайды.Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227481?lang=ru
🔰 ҚР Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілді. ⚡🥤 Бүгінгі күні энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. 18.05.2026
❇️ ҚР-да аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады. 🏭📦🌍 Сонымен қатар, өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда. Бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. 📈🤝📌 Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген:▪️ 2026 жылдан бастап — 1 литр үшін 100 теңге;▪️ 2027 жылдан бастап — 1 литр үшін 140 теңге;▪️ 2028 жылдан бастап — 1 литр үшін 180 теңге.🔰 Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған. ⚖️📊👥 Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады. 🚫🔞❇️ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. 📑✅Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222410?lang=kk
Арқалық қаласы бойынша МКБ басшысы тағайындалды 18.05.2026
Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 13.05.2026 жылғы № Ж-120 бұйрығына сәйкес Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып 2026 жылғы 14 мамырдан бастап тағайындалды.Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы 1976 жылы 8 қарашада Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1997 жылы бастаған.Мемлекеттік кірістер органдарында 25 жылдан астам атқарушылық және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.Бұрынғы жұмыс орны - Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.Жалпы еңбек өтілі - 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 26 жыл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222413?lang=kk
Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы тағайындалды 18.05.2026
Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 13 мамырдағы № Ж-121 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 15 мамырдан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.Бекпасов Мұрат Қайырбекұлы 1973 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысы Урицкий ауданының Урицкий кентінде дүниеге келген.Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.Мемлекеттік кірістер органдарында орындаушылық және басшылық лауазымдарда 29 жылдан астам қызмет атқарған.Бұған дейін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған.Жалпы еңбек өтілі — 35 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 29 жыл 9 ай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222415?lang=kk
Құрметтісалық төлеушілер! 18.05.2026
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігініңинтеграцияланған жүйесінің Салық төлеушініңкабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігініңнысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда)«Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарынкөрсету қажет.Кезекті/бастапқы салық есептілігі салықзаңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарыныңақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматтысалық есептілігін қалыптастырады.Бұл реттесалық салу объектілері және (немесе)салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңіүшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықКөмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылыөтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электрондымекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222419?lang=kk
2026 жылдың мамыр айына арналған салық күнтізбесі 18.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады және 2026 жылғы 26 мамырда салық төлеу мерзімі аяқталады5 мамырға дейін:Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы сәуірдегі кірістері бойынша ЖТС.15 мамырға дейін:Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған ЖТС (платформалар арқылы) 2026 жылғы сәуір.20 мамырға дейін:ЕАЭО АТ бойынша КН сомасы;2026 жылдың сәуір айындағы акцизі.25 мамырға дейін:Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, АҚС, БЖЗҚ бойынша әлеуметтік төлемдер;2026 жылғы мамырдағы КТС бойынша аванстық төлемдер;Төлем көзіндегі КТС;ҚҚС;Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, экспортқа рента салығы, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер, қатты пайдалы қазбаларға роялти;Қол қою бонусы;Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;Ойын бизнесіне салынатын салық;Аударымдар 2026 жылғы 3 тоқсандағы берілген акциздік кіріс;Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;Сандық тау-кен ақысы;Ағымдағы төлем жер салығы және мүлік салығы;Төлем бойынша ағымдағы төлем жер учаскелерін пайдалану;Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем (эмиссиялар);Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем.Салық есептілігі:15 мамырға дейін:101.03-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп;101.04 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы резидент нестің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп;200.00 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы ҚҚС бойынша декларация;400.00-нысан-2026 жылғы наурыздағы акциздер бойынша декларация;500.00 – нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация;510.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсан үшін қол қою бонусы бойынша декларация;531.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы заттай нысандағы салық міндеттемесін орындау жөніндегі декларация (есеп);590.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсан үшін ХДПИ және ілеспе төлемдер бойынша декларация;710.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;860.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;870.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы НВОС төлемі бойынша декларация;880.00-нысан-2026 жылғы 1 тоқсандағы цифрлық тау-кен ақысы бойынша декларация.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222390?lang=kk
📢 АҢДАТПА ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 20 мамырда “Қызмет алушылар күні” ұйымдастырылатынын хабарлаймыз. 18.05.2026
📌 Іс-шара аясында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, салықтық міндеттемелер, мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер, электрондық сервистерді пайдалану, және тағы басқа кәсіпкерлік және салық мәселелері бойынша азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға сала мамандарынан тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.⏰ Қызмет алушылар күні 2026 жылғы 20 мамырда сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін келесі мекен-жайларда өтеді:🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @qazybek_bi_mkb📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй.🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, @temirtau_mkb📍 Мекенжайы: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9үй.🏢 Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы @bokeyhanmkb_3019📍 Мекенжайы: Қарағанды қаласы, 21 ықшам ауданы, 9 үй.🤝 Баршаңызды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222374?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержан Тоқтархановтың Павлодар облысының кәсіпкерлеріне үндеуі 18.05.2026
Құрметті Павлодар облысының кәсіпкерлері!2026 жылдан бастап шағын бизнес үшін тек үш арнайы салық режимі жұмыс істейді. Солардың әрқайсысына тоқталып өтейік.Біріншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін. Бұл таксистер, курьерлер және қызмет көрсететін адамдар үшін өте жақсы нұсқа. Сізге ЖК (жеке кәсіпкерлік) ашудың және есеп берудің қажеті жоқ. Тек 4% әлеуметтік төлем төлейсіз. Жай ғана «e-Salyq Business» қосымшасында чек ұрыңыз, ал статус сізге автоматты түрде беріледі. Біздің Павлодар облысында осылайша 13 жарым мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.Екінші режим – оңайлатылған декларация. Ол бұрынғы үш режимді біріктірді. Базалық мөлшерлеме 4%, бірақ біздің өңірде мәслихаттың шешімімен ол 3%-ға дейін төмендетілді. Жылдық табыс екі жарым миллиард теңгеден аспауы керек. Жұмысшылар санына шектеу жоқ және сіз ҚҚС-тан (НДС) босатыласыз. Есеп жылына екі-ақ рет тапсырылады. Бұл режимді облысымыздың 38 мыңнан астам салық төлеушісі таңдап үлгерді.Үшінші режим – шаруа және фермер қожалықтары үшін. Олардың саны өңірде үш жарым мыңға жуық. Биылдан бастап бірыңғай жер салығының орнына жеке табыс салығы (ЖТС) төленеді. Бірақ ең бастысы: сіздің барлық жеңілдіктеріңіз – жер, көлік, мүлік салықтарынан және ҚҚС-тан босату – толығымен сақталған.Өзіңізге ыңғайлы режимді таңдап, кәсібіңізді заңды түрде дамытыңыз. Барлық толық ақпарат – видеоның астындағы сипаттамада! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1222377?lang=kk
📢 Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба? 18.05.2026
Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «EgovKZBot» Telegram-боты жұмыс істейді.📲 Telegram-бот арқылы:🔹 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы;🔹 негізсіз бас тарту;🔹 артық құжат талап ету;🔹 мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы;🔹 мемлекеттік органдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі бойыншаөтініш, шағым немесе ұсыныс жолдауға болады.Сонымен қатар, азаматтар өз өтініштерін «e-Otinish» бірыңғай платформасы арқылы да онлайн форматта жолдай алады.🤖 «EgovKZBot» Telegram-ботының артықшылықтары:✅ өтінішті кез келген уақытта жолдау мүмкіндігі;✅ қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс;✅ жедел қарау және кері байланыс;✅ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі.📌 Әрбір өтініш жауапты мамандардың бақылауында болады және қолданыстағы заңнама аясында қаралады.Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту — ортақ міндет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1222384?lang=kk
WorldSkills Shygys-2026 өңірлік чемпионаты басталды! 18.05.2026
2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттерін біріктірген өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы қатысты. Өз сөзінде ол ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жоғары білікті мамандардың маңызы ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай чемпионаттардың жастардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, олардың шығармашылық және тәжірибелік әлеуетін ашуға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатынын жеткізді.2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында өңірдің колледждерінен келген студенттер түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Байқау кезеңдері Құзыреттілік орталықтары мен Өскемен қаласының жетекші колледждерінің базасында өтеді. Қатысушылар үшін бұл тек өз мүмкіндіктерін көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін маңызды кезең болмақ.Конкурстық жұмыстарды аймақтың білікті сарапшылары — білім беру ұйымдарының өкілдері, өндіріс мамандары және кәсіби қауымдастық мүшелері бағалайды. Бұл бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.Өңірлік чемпионат дарынды жастарды қолдауға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1222350?lang=kk
Қайғыра отырып, бүгін әріптесіміз Марат Жияншанұлының өмірден озғанын хабарлаймыз. 18.05.2026
Марат Жияншанұлы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік мүлік жүйесінде абыройлы еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосты. Әр жылдары Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру комитетінің орталық аппаратында қызмет атқарды, Павлодар Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру департаментінің басшысы болды, кейіннен Қазынашылық органдарына ротaцияланды.Ол өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен және адами қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне ие болды.Марат Жияншанұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қаралы қайғыға ортақтасып, отбасына сабыр тілейміз.Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1222321?lang=kk